1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15509) 29 маусым, сейсенбі 2010
29 маусым 2010
Кезек Сергей Уткинге келiп жеттi

ЗАҢГЕР 2 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКIН

Салық органдары заңгер Сергей Уткиндi тексерiстiң астына алып, «салықтан жалтарған» деген желеумен мойнына 6 миллион теңге iлдi. Бiрақ С.Уткиннiң өзi салық органдары шүй­лiгуiнiң түпкi себебi оның «Комета – S» баспаханасына заңгерлiк қолдау көрсеткенiнен деп есептейдi. Заңгердiң бұл пiкiрiн кеше өткен баспасөз мәслихатында «Комета - S» баспаханасының директоры Юлия Козлова мен қаржылық кеңесшi Ольга Бруж да құптады.
 
«Комета-S» – былтырғы жылы «Рес­публика» газетiн басуға келiскен жалғыз баспахана. Қыркүйек айында Қаржы полициясы баспахана құрал-жабдығын тұтқындап, директорының үстiнен қылмыстық iс қозғағаны есте. Содан берi бiр жылға жуық уақыт өтсе де, сең қозғалар емес. Мiне, баспахана дауы да салық органдарының тексерiсiнен бастау алған. Салық органдары тексерiсiнiң арқасында баспаханаға 3 миллион теңгеден астам салық пен айыппұл салынған. Артынша Қаржы полициясы баспахана директорының үстiнен қылмыстық iс қозғады. Баспасөз мәслихатын өткiзушi­лер «бұлай жалғаса берсе, салық органдары кез келген кәсiпкерге осындай айып тағып, темiр тордың ар жағына оңайлықпен тоғыта салады» дейдi.
Қаржылық кеңесшi Ольга Бруждың айтуына қарағанда, салық органдарының баспаханаға таққан айыптары мүлде қисынсыз. «Бiрiншiден, «Комета – S» құрылтайшыдан пайызсыз қаржылық көмек алды. Алайда салық органдары компанияның мұндай көмектi алуға құқығы жоқ деп есеп­тей­дi. Сөйтiп, олар сыйақыны Ұлттық банктiң орташа жылдық пайыздық ставкасымен есептеп шыққан. Бiрақ, бiздiңше, бұл дұрыс емес. Өйткенi, Азаматтық кодексте жеке тұлғалар қаржылай көмек немесе қарыз берiп, одан пайда табуға қақысы жоқ деп тайға таңба басқандай көрсетiлген. Десек те компания құрылтайшысы баспахана жұмысын тоқтатпай, пайда табуына мүдделi. Бiр жағынан жұмыс орындары сақталып, бюджетке салық түседi. Мұның несi заңға томпақ? Салық органдарының бiзге таққан екiншi айыбы халықаралық iскерлiк операцияларды реттейтiн трансферттi баға белгiлеуге қатысты. Қазақстандық газеттер шетелден әкелiнетiн қағаздар­ға басылады. Демек, салық органдарының ойынша, отандық баспаханалардың қызметi сыртқы экономикалық операцияларға жататын көрiнедi. Сөйтiп, салық органдарының қызмет­керлерi «Комета – S» баспаханасы газет бағасын нарықтағы орташа бағадан төмендетiп, табысын азайтып көрсеткен, осылайша бюджетке салықты кем төледi» деген айып тақты. Алайда елiмiзде импортқа тәуелдi емес кәсiпкердi табу мүмкiн емес. Кез келген кәсiпкер өндiрiске қажеттi қандай да бөлшектi шетелден тасымалдайды. Бұл – бiр. Екiншiден, салық органдары нарықтағы орташа бағаны көрсет­педi. Мұндай жағдайда кәсiпкер өзiнiң ақ екенiн қалай дәлелдейдi? Оған айып­пұл, салық, пеня салынатыны түсiнiктi».
Ең қызығы, «Комета – S-ке» қатыс­ты қылмыстық iстi жүргiзетiн тергеу­шi сыныққа сылтау таппай, ақыр аяғы «заңгер Сергей Уткин баспаханаға қаржылық қолдау көрсеттi» деген себеп ойлап шығарыпты. «Бiрақ мұны растайтын ешқандай құжаттар да, куәлар да жоқ. Мен баспаханаға ақша тауып беретiндей магнат емеспiн. Мен тек заңгерлiк қолдау көрсете аламын. Алайда тергеушi салық тексерiсiн тағайындады. Өз кезегiнде алып-ұшып жеткен пысықай салық органдары менiң бес жылдан бергi қызметiмдi ұңғыл-шұңғылына дейiн тексерiп шықты», – дейдi Сергей Уткин. Заңгердiң «бұл тексерiс тоқталуы тиiс» деген шағымына қарамастан, салық органдары тексерiстi «сырттай» өткiзiп, жан-жақтан ақпарат жинаған көрiнедi. Сөйтiп, салық органдары өткен аптада Сергей Уткиннiң қолына «6 миллионнан астам салық төлеуiң керек» деген ескерт­пе хатты ұстатқан.
Түптеп келгенде, салық органдары ешқандай былық-шылықтың бетiн ашпаған. Заңгерге килiгетiндей себеп таппаған соң, әлгiлер Сергей Уткиннiң қызметiн «кеңес берушiлiк» деп белгiлеудi ұйғарыпты. Демек, заңгер «кеңес бергенi» үшiн ғана жазықты бол­ған. С.Уткиннiң айтуынша, салық органдары қызметкерлерi тексерiс актiсiне: «Кеңес беру бұл қандай да бiр мәселенi шешуге бағытталған кез келген көмек», – деп жазыпты. «Олардың логикасына сүйенсек, кез келген қызмет түрiн кеңес берушiлiкке жатқызуға болады. Операция жасайтын хирург немесе ғимарат безендiретiн дизайнер де қандай да бiр мәселенi шешуге көмектеседi емес пе? Салық органдарына салсақ, сан алуан қызмет көрсе­те­тiн мыңдаған кәсiпорынға «салықты дұрыс төлемегенсiңдер» деп шүйлiгуге болады», – дедi заңгер.
Осылайша С.Уткин қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн. Заңгердiң айтуынша, салық органдары 50 айлық есептiк көрсеткiштен асатын салықты мойнына қыстырса, қылмыстық жауапкершiлiктен қашып құтылу қиын. Тiптi 6 миллион теңгесiн төлеп берген күннiң өзiнде, бәрiбiр заңнама бойынша екi жылға бас бостандығынан айырыласың.
«С.Уткинге не себептен қысым көрсетiлiп жатқаны бесенеден белгiлi, – дедi «Комета – S» баспаханасының директоры Юлия Козлова. – Сергей бiздi қорғаймын деп басы дауға қалды. Бұдан бөлек Құлыбаев iсiнде де журналистерге қол ұшын бердi. ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен кеңесiнде елiмiздiң құқық қорғау органдарын сынға алды. Ендiгi жерде Сергейдi қалайда арашалап, қорғаудың қамына көшейiк».
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қазақ баласы | 29 маусым 2010 10:16
Пай-пай, НӘН-нің саясатын-ай! Қазақстанның демократиясы. Айтар сөз жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті