1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15446) 17 қараша, сейсенбі 2009
17 қараша 2009
Е.Жовтис, Т.Күшiков: Өзiмiзге қатысты үкiмдi саясиландыруға ниетiмiз де, құлқымыз да жоқ...

“Абайсызда адам қағып өлтiрдi” деген айыппен 4 жылға бас бостандықтарынан айы­рылып, Өскемендегi қоныстандыру колония­сына түскен танымал құқық қорғау­шы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшiков өткен жұмада қазақстандық БАҚ-қа және халықаралық ұйымдарға қаратып мәлiмдеме жасады. Журналист пен құқық қорғаушы мәлiмдемеде былай дептi: “Ешқандай стандарттарға сай келмейтiн, әдiлетсiз сот пен сот процестерiнен кейiн бiз 4 жылға бас бостандығымыздан айырылып, жазамызды Өскемендегi қоныстандыру колониясында өтеп жатырмыз. Қазiргi қолданыстағы қылмыстық-түзету заңдарына сәйкес, қоныстандыру колониясының талаптары бiршама жеңiлдетiлген болуы тиiс едi. Қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқандар арнайы түзету шараларына мұқтаж емес. Сондықтан да, мұндағылар күзетсiз ұсталуы тиiс және колония аумағында емiн-еркiн жүрiп-тұруға құқылы. Сондай-ақ, туған-туыстармен кездесуге, арнайы жалданған үйде отбасымен бiрге тұруға, тұрақты жұмысы және жағымды мiнездемесi болса, 15 күнге демалыс алуына да рұқсат. Алайда, бiздi қоныстандырған колонияда мұның бiрi де жоқ.

Бiрiншiден, абайсызда қылмыс жасағандарға арналған қоныстандыру колониясы бiздiң үстiмiзден үкiм шығарылғаннан кейiн, 2009 жылдң қыркүйегiнде шұғыл түрде Өскеменге көшiрiлдi. Не үшiн?
Екiншiден, Қазақстандағы абайсызда қылмыс жасағандарға арналған бiрден-бiр қоныстандыру колониясына қараша айының басында Астанадан жүзден астам сотталушы этаппен жеткiзiлдi. Олардың көпшiлiгi отбасымен бiрге арнайы жалдаған пәтерде тұратын және тұрақты жұмысы бар едi. Мұнда келгелi олардың да барлық құқықтары шектелдi.
Соңғы екi күнде қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi бiзге ашықтан-ашық қысым көрсете бастады. Мәжбүрлеп жұмыс iстетуге Конституцияның өзi тыйым салса да, колония әкiмшiлiгi бiздi “Еңбек-Өскемен” өнеркәсiбiмен күштеп келiсiм жасатып, айлығы жиырма мың теңге болатын техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi инженер қызметiн зорлап iстетпек. Т.Күшiковтiң жәбiрленушi алдында қарызы бар. Сот шығынын да өтеуге тиiс. Қарызының жалпы көлемi — бiр жарым миллион теңге. Оның кәмелеттiк жасқа толмаған екi баласы бар. Айлығын ай сайын толықтай аударып отыр­ған күннiң өзiнде қарызынан құтылу үшiн алты жыл керек. Е.Жовтиске құқық жөнiндегi кеңесшi, ал Т.Күшiковке журналист мамандығы бойынша жұмыс ұсынып отырған өзге жұмыс берушiмен келiсiмшарт жасасуға колония әкiмшiлiгi рұқсат етпей отыр.
Бiз бұған наразылығымызды бiлдiремiз. Мұнымызды колония әкiмшiлiгi “жұмыс iстеуден бас тарту”, “режимдi өрескел бұзу” деп бағалап, жалпы режимдегi колонияға ауыстырып жiберуi де мүмкiн екенiн ескерттi.
Мәжбүрлеп жұмыс iстеткiзу — Конституцияға қарсы әрекет. Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында алған мiндет­темелерiне де томпақ. Сондықтан да бiз шарт­тары мен еңбекақысына көңiлiмiз толмайтын жұмысты iстеуден бас тарттық.
Кеше, 12 қараша күнi қоныстандыру колониясының әкiмшiлiгi тiсiмiздi емдету үшiн тiс дәрiгерiне қаралуға да тыйым салды. Ауырсынуды басатын дәрi салуды ұсынды. Бiз онымен келiспедiк. Және де толыққанды ем көрсетудi талап еттiк. Алайда, бұл талабымызды орындаудан да бас тартты.
Осының бәрiн ескере келе, бiз мынаны мәлiмдеймiз: Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық атқару жүйесi мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесi бiздiң құқығымызды көпе-көрнеу бұзып отыр. Бiзге қоныстандыру колониясының сыртына шығуға, дос-жаран, туған-туыстармен кездесуге рұқсат жоқ. Өз қалауымызбен жұмыс iстеуге де тыйым салды. Бiз мұны “қылмыстық атқару жүйесi басшылығының өзiм­бiлермен­дiгi ме” деп күдiктене бастадық.
Бiз өзiмiзге қатысты үкiмдi саясиландыруға құлқымыз да, ниетiмiз де жоқ. Алайда, айналамызда болып жатқан жағдайлар бiздiң iсiмiздiң саяси астары бар екенiн көрсетiп бердi.
Бiздiң бұл мәлiмдемемiз мүдделiлердiң қолына тиетiнiне және тиiстi шаралар қолданылатынына сенемiз.
 
Журналист Т.Күшiков, құқық қорғаушы Е.Жовтис. ОВ-156/13 түзеу мекемесi, 13 қазан”.
 
Е.Биеке.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
қажы мұхамбет қаракедей | 4 желтоқсан 2009 01:06
Заңды бұзуға ешкім хақы болмас .Әйтпесе бір елде заң бар екен деп бөсіп не бар ?
Әсіресе Атазаң ұлт пен үкімет арасындағы бұлжытпас бір шарт іспеттес .Оны қай жақ
бұзса жазаға тартылуы керек .Ал билік жағы әлім жеттіге салса не ұлтты бүлдіреді не
кез келген жуандарға жем болғанда панасыз қалып итше көмусіз қалмақ .Тарихты танығандар одан ғибрат алады , немесе өзгелерге өнеге қалдыра кетеді .
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті