Депутат Н.Сабильянов сотқа берген азаматтар президент Нұрсұлтан Әбiшұлынан араша сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай аулының тұрғындары Төлеубай Ахметов пен Жанарбек Бекбаев сәрсенбi күнi Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткiздi. Мәжiлiс депутаты Нұртай Сабильяновтың талап арызынан туындаған дауға байланысты. Т.Ахметов былай дедi: «Тарбағатай ауылы туралы «Жас Алашта» жарияланған мақалада «тарбағатайлықтар Нұртай Сабильяновқа өкпелi» деген сөз бар. Осы мақаланы оқығаннан кейiн депутат мырза
Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде мәжiлiс депутаты Н.Сабильяновтың бiр кездердегi тарбағатайлық сайлаушыларын һәм жерлестерiн «iскерлiк беделiме нұқсан келтiрдiңдер» деп сотқа тартып, әрқайсысынан моральдық шығын ретiнде 500 мың теңге өтемақы талап етiп отырғанын жазғанбыз. Көзi қарақты оқырман қалаулысына өкпелегенi үшiн азаматтарды сотқа сүйреуге болатын-болмайтынын өзi екшей жатар. Ал бiз ШҚО Аягөз аудандық сотында және Тарбағатай ауылында өткен көшпелi сот процесiндегi жағдайды оқырманға жеткiзудi парыз санадық. Бұған заң мүмкiндiк бередi.
Осыдан бiр айдан астам уақыт бұрын Алматы қаласы әкiмдiгi мәдениет басқармасының басшысы Қайрат Кульбаевтың жоғарғы бiлiм жөнiндегi дипломының жалғандығы жөнiнде ақпарат шығып, оның үстiнен қылмыстық iс қозғалған. Сол уақыттан берi Қ.Кульбаев департамент жетекшiсiнiң қызметiн уақытша атқарушы ретiнде жалғастыруда. Оның дипломының жалған немесе жалған еместiгi осы аптаның соңында арнайы тексеруден кейiн анықталуға тиiс.
ЖОВТИСТIҢ ӨЗI МЕ, СЫҢАРЫ МА?
Экс-депутат, саясаткер Зәуреш БАТТАЛОВА Өскеменнiң Жалғызтөбе кентiндегi жазаны ерiктi өтейтiн қамау орнында құқық қорғаушы Евгений Жовтиспен кездестi. Зәуреш Қабылбекқызының айтуынша, Евгений Александрович тағдыр тауқыметiне мойынсұнбаған, бұрынғы қалпынан өзгермептi. Өмiрге деген құштар, әңгiмешiл де әзiлқой сол Жовтис дедi. Рухы мұқалмаған құқық қорғаушымен Батталова екi сағат дидарласыпты. Евгений Александрович қоғам жаңалықтарына қызығушылық бiлдiрiп, өзiнiң өмiрi және соңғы кезде тағдыр кездесуге нәсiп еткен жандар жайлы әңгiмелеген.
Қытай азаматы Ян Cяолянның “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына келiп, сойқан шығарғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде (1 сәуiр, №26) жазғанбыз. Араққа тойып алған ол редакцияның ауласына заңсыз кiрiп, терезелердi шаққан. Есiктi сындырған. Онымен қоймай, редакция күзетшiлерi мен учаскелiк полицияға бағынбай, күш көрсеткен. Кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сотының судьясы Ақ-Нәзiк Қоразбаева қытайлық бұзақыны 5 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Наурыздың 29-ы күнi Алматы қаласында 25 жастағы келiншек пен оның 5 жасар қызын қамап ұстап, «тұтқындар» үшiн 17 миллион теңге талап еткен қарақшылар тобы ұсталды. Оқиға былай болған: электр құрылғыларын орнатумен айналысатын жеке кәсiпкер мен оның әпкесiн қарақшылар бiршама уақыттан берi аңдып жүрiптi. 29 наурыз күнi қарақшылар кәсiпкердi алдын ала дайындалған пәтерге алдап шақырып алып, соққыға жыққан. «Ине салу арқылы СПИД жұқтырамыз» деп қорқытып, сыртта көлiкте күтiп отырған оның әпкесi мен 5 жасар қызын шақыртқан.
Дүйсенбi күнi түнгi сағат 23.15-те Қытай азаматы Ян Щаолян (Yang Xiaoliang) мас күйiнде «Жас Алаш» редакциясына келiп сойқан шығарды. Редакция ғимаратының терезесiн шағып, есiгiн сындырды. Ертеңiне Алматы-Қытай мәдени орталығы және Қытай кәсiпкерлерiнiң Алматыдағы қауымдастығы бастығының орынбасары Чжан Цзяньчао жерлесiне араша түсiп, редакцияға бас сұқты. Кешiрiм сұрап, 100 мың теңге шамасында келтiрiлген шығынды өтедi. Ал терезе шағып, есiк сындырумен бiрге күзетшiлерге бар «өнерiн» көрсеткен Ян Щаолянның үстiнен қылмыстық iс қозғалуы мүмкiн.
Эдгар Салдузи мен Ғалым Сәдiбековтiң рейдерлiк әрекеттерi туралы “Жас Алаш” газетiнде бiрнеше рет жазылды. Тек “Жас Алаш” қана емес, елiмiздiң тәуелсiз газеттерi де бұлар жөнiнде бiрнеше рет дабыл көтердi. Бiрақ... Рас, алғашқыда Салдузи тұтқындалды, сөйтiп тергеу изоляторына отырғызылды. Оның iсiн Алматы қалалық қаржы полициясы тексердi. Салдузидiң Алматы машина жасау зауытының (АЗТМ) дүние-мүлкiн иеленiп кеткенi анықталып, мұның бәрi иелерiне қайтарылды. Бұл ретте Салдузидiң
Үкiм шықпай тұрып М.Жәкiшев БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға хат жолдады
Сот 14 жылға бас бостандығынан айырған М.Жәкiшев Астананың №2 Cарыарқа аудандық сотының судьясы Н.Жолдасбековке, халықаралық ұйымдарға, БҰҰ-ға және ЕҚЫҰ-ға хат жолдады. Хатында Жәкiшев былай дейдi: “Алдын ала тергеу барысында және сот процесi кезiнде маған және Т.Қыстаубаевқа қатысты өрескел заң бұзушылықтар жасалды. Конституция, Қылмыстық iс жүргiзу кодексi
Мұхтар Әблязов президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевты тағы да жанды жерден бiр түйреп өткен тәрiздi. Қытайдың мемлекеттiк компаниясынан пара алды, салықтан жалтарып, мемлекетке орасан зор қауiп төндiрдi деген алғашқы айыптау бойынша қозғалған iстiң артын күтпей-ақ және бiр түйеге жүк боларлық Тимур Құлыбаевты әшкерелей түсетiн материалдарды жария еттi. Сөйтсе,Т.Құлыбаев бiр кездерi «Nelson Resources Limited» атты iрi мұнай-газ компаниясы қожайындарының бiрi болған көрiнедi.
Астанада тағы бiр атышулы сот iсiне нүкте қойылды. Өткен жұмада №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков асығыс түрде Мұхтар Жәкiшев iсiнiң үкiмiн оқыды. “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшев мемлекеттiк айыптаушы сұрағанындай 14 жылға бас бостандығынан айырылса, оның оққағары Талғат Қыстаубаев 5 жылға қатаң режимдегi абақтыға кесiлдi. Оның үстiне судья Жәкiшевтiң президент өзi сыйлаған “Құрмет” орденiнен, Талғат Қыстаубаевтың полиция майоры атағынан айыру жөнiнде
Мәртөк ауданы Хлебодар елдiмекенiнiң тұрғыны Сәбира Ниетжанованың 21 жастағы жалғыз ұлы Құралбектi өткен жылдың 25 қаңтарында өз үйiнiң жанында айуандықпен өлтiрдi. Түнгi сағат 3-те ауылдың 6 баласы денесiнiң 17 жерiнен пышақ сұғып, өлiмшi күйiнде тастап кеткен. Жақында ғана Ақтөбе қалалық соты Құралбектi қасақана өлтiрген Нұрбек Иманғалиевтi 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сол түнгi қылмысты ұйымдастырушылар Берiк Қожанов, Ербол Құрманиязов, Жанболат Ингербаев, Азат Досов, Ақылбек Әлиев 2-3 жылдан шартты түрде жаза алды.
Судьяға кiру үшiн жолдағы бiрнеше «қамалды» бұзып өту керек. Оның бiрiншiсi – сот приставы мен сақшысы. «Мен пәленше судьяға келiп едiм», — дейсiз қолсағатқа бiр үңiлiп қойып. Пристав «қамалдың» арғы жағына телефон соғады. Ондағылар жауап бермейдi. «Оларда процесс жүрiп жатыр күте тұрыңыз, – деп пристав бөсiп жiбередi кейде. Күтемiз де, күтпей қайтемiз? Сүт пiсiрiм уақыттан соң тағы телефон шалуға тура келедi. Тағы жауап жоқ. Бiр кезде шыдам таусылады. «Менi жiберiңiз! Сот мәжiлiсiнiң уақыты өтiп кеттi», — дейсiз
Атышулы Жәкiшев iсiне қатысты сот процесi аяқталып, тараптардың жарыссөзi басталды. Мемлекеттiк айыптаушы айыпталушылардың орнында отырғандарды «қылмыстары дәлелдендi» деп соттан қатаң жаза беруiн сұрады. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевке қатаң тәртiптегi 14 жыл, ал оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа алты жыл сұрады. Сонымен бiрге Жәкiшевке жазасын өтеп болған соң, жетi жыл көлемiнде мемлекеттiк қызметпен айналысуына, ал Талғат Қыстаубаевқа үш жыл
Мұхтар Жәкiшевке қатысты сот iсi аяқталуға жақындаған кезде, оның үстiнен тағы да үш бiрдей қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Бұл жөнiнде сейсенбi күнi Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген Жәкiшевтiң зайыбы Жәмила мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлiмдедi. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевке бұл жолы «көлеңкелi ақшаны заңдастырған, заңсыз еңбекақы тағайындаған және тағы да мемлекет қаржысын талан-таражға салған» деген айыптар тағылып отыр.



