1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
6 шілде 2017

Өткен аптада Алматы қалалық ІІД полиция қызметкері Алматы-Қапшағай жолында қаза болған еді. Полиция капитаны Жандос Нұрғазиев экобекетте қызмет етіп тұрғанда «МАЗ-642208» көлігінің жүргізушісі Андрей есімді азамат рульді басқара алмай, СОБР сарбазын қағып, ол оқиға орнында көз жұмған болатын. Қазір «жол апатын туғызды» деп айыпталып, екі айға қамауға алынған

4 шілде 2017

Менің 1983 жылы туған ұлым Нұрмағамбет Төлегенов 2012 жылдың 14 қазанында түн мезгілінде жол апатынан қаза тапты. Ұлымның қасында көліктің иесі Асылбек Меңлібаев және Нүркен Датқабаев деген азаматтар болған. Бұлар баламның бұрынғы сыныптастары екен. Ол екеуі аман қалды. Апаттан кейін оларды ата-аналары келіп, алып кеткен. Ал біз алғашқыда оқиғаның қалай болғанын
 

4 шілде 2017

Кезінде «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып, түкірігі жерге түспей тұрған президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойылып, ол бес жылға сотталды. Сондай-ақ сот оның дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру туралы үкім еткен. Ал Майлыбаевпен істес болған делініп, онымен бірге

4 шілде 2017
«Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы» атты дөңгелек үстелдің қарары

Біз, Жанболат Мамайды қорғау комитеті ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушылары, журналистер, құқық қорғаушылар, оқырмандар мен азаматтық қоғам өкілдері, қазіргі қалыптасқан жағдайдағы сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистердің тағдырын талқыладық. Талқылау кезінде анықталғандай,

30 маусым 2017
Бастауында тұрар тұрған басылым

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің алғашқы нөмірінің жарыққа шыққанына 95 жыл толды. Журналистердің төл мерекесі аясында өңір баспасөзінің көшбасшысына айналған басылымның өткені мен қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы газеттің директор-бас редакторы, белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫМЕН сұхбаттасқан едік. – Көсемәлі Сәттібайұлы, облысымыздағы ғасырға жуық тарихы бар баспасөздің қара шаңырағы – «Ақ жол» газетінің жүріп өткен жолының өзінде үлкен 

27 маусым 2017
Қытайдағы қазақтың жайынан президент хабарсыз

Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы екі күнге созылып, әдеттегідей дайын сценарий бойынша өтті. Көл-көсір мадақтаулар айтылды. Қолпаштаулар да көп болды. Шешендер сөзден сарай тұрғызып, ақындар жырдан шашу шашты. Бұрынғысынан бір айырмасы – құрылтай сайын өткізілетін ала доп шапқыны (шағын футбол турнирі) болған жоқ. Есесіне әлемнің 39 елінен келген 350 делегат пен 400-ге

27 маусым 2017
Аштық жариялау ары қарай жалғаса ма?

Соңғы кездері аштық жариялау арқылы билікке талап қою, өз келіспеушілігін білдіру секілді әрекеттер жиілеп барады. Оразаны аман-есен аяқтап, ел-жұрт айттап болған күннің ертеңінде белсенді Асхат Берсәлімов Алматы қаласы Жібек жолы көшесінің бойында бір күндік аштық акциясын өткізді. Асхаттың

22 маусым 2017

Кеше Алматыда Медеу аудандық сотында азаматтық белсенді, журналист кезінде «Трибуна. Саяси қалам» басылымын шығарған Жанболат Мамайды түрмеде ұрып-соғу дерегі бойынша сот отырысы өтті. Бұған дейін тергеуші М.Құрманбаев абақтыда журналиске ешқандай қысым жасалмағанын, оны ешкім ұрып-соқпағанын айтып, істі жабу жөнінде қаулы шығарған еді. Осыдан кейін Ж.Мамай істі заңсыз

22 маусым 2017
Студенттер қолымен от көсеп, доқ көрсетіп жатыр ма?

Орта медициналық мамандарды тәрбиелеп отырған, 81 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжінде соңғы күндері талас-тартыс күшейіп, қос тараптың арасындағы дау-жанжал «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» кебіне келіп тұр. Жамбыл медициналық колледжін 10 жыл мерзімге сатып

20 маусым 2017
Жаманқұлов апелляциялық шағым түсірмек

«Феникс» фильміне байланысты басталған дау әл-әзірге бітпейтін сияқты. Өткен аптада Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, соттың шешімімен келіспейтінін білдіріп, апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді. Жақында ғана осы фильмді түсіру үшін

20 маусым 2017
Жанболат МАМАЙ: «БОСТАНДЫҚТА КЕЗДЕСЕЙІК!»

Қазақта «Ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден көр» деген сөз бар. Бұл сөзді ұлт қызметі жолында тар қапасты көп көрген талай игі жақсы мен Алаш азаматтарына қаратып айтса керек. «Абақты қатар-қатар болады екен, Ішіне жаман-жақсы толады екен», – дейді Мәди. «Абақтыда айдан-күннен жаңылдым, Сар даламды сағындым ғой, сағындым», – дейді Мағжан. «Күні бойы тар камерада отырасың. Тас қабырғалар еңсеңді басады, күнде қайталанатын сұрқайлықтан шаршайсың. Бәрінен де уақыттың босқа кетіп жатқаны жаныңды қинайды. Түрмеде өткізген әр күнің желге ұшқан өміріңнің бөлшектері сияқты. Ең қиыны – қандай да бір қылмыс жасамай 

20 маусым 2017

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ
Қазақстан мен Қытай мемлекеті – ежелден дос әрі тату көрші ел. Екі ел арасындағы қарым-қатынас күннен-күнге дамып келеді. Осы орайда, президент Н.Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шеттегі қазақтарды елге шақырды. Соның арқасында Қытайдан атамекеніне оралғысы келген қазақтардың саны да күн санап артып, бір-бірімен қауышып, ел қуанып қалды. Бірақ бұл қуаныш

15 маусым 2017

Қазір банды деген де заманға сай бейімделіп алыпты. Бұрын банды десе БМВ мінген, көзге қара көзілдірік таққан, ұрда-жық мінезді алпамсадай жігіттер елестеуші еді. Қазір бұлар да дүние жинап, байлыққа қол жеткізу жолындағы баяғы әдіс-тәсілдерін өзгертіп, елден ерекшеленбей-ақ табысы мол жерлерге тұмсығын сұғып, бар-жоғы білінбей қарапайым өмір сүруге көшіпті. Тіпті қолға алған кәсіптерінің болашағын баянды ету мақсатында құқық қорғау органдарының басшыларымен байланысып,

8 маусым 2017
Үсеновше ұшу немесе...

Алматы-Бангкок бағытындағы ұшақ бортында шылым шегем деп шу шығарып, жолаушылар мен экипаж мүшелерін әбден әлекке салған атышулы Мақсат Үсеновтің қарызына қарамай, шетелге шығып кеткеніне ресми орындар түсініктеме берді. Мемлекеттік кірістер комитеті сайтындағы ақпаратта Мақсат Үсеновтің 6 маусымға дейінгі мерзім ішінде 174 216 теңге 1 тиын қарыз екені

8 маусым 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ МЫРЗАҒА АШЫҚ ХАТ
Президент мырза!
Біз еліміздегі жақсылықтарға қуанатын және оның гүлденгенін, демократиялық бағытта өркендегенін қалайтын азаматтармыз. Таяуда Сіз саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының рухына тағзым етіп, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойдыңыз. 103 мыңнан астам адамның тұтқындалып, оның 25 мыңнан да көбінің ату жазасына кесілгенін, Қазақстандағы

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»