Одан берi бiраз уақыт өттi. «Неге? – деймiн өз-өзiмдi қажап, – Неге көмектеспедiм?.. Кiнәлi болса да әйел адамға қол көтеруге бола ма?..». Әлгi көрiнiс көз алдымнан кетпей, мазамды алды.
«Егемендiгiмiздi алдық, бодандықтан босадық, ендi өз бiлiгiмiз өзiмiзде, ата-бабамыздың аңсаған арманына жеттiк», деп қуандық. Мiне, содан берi 20 жылдай уақыт өттi.
Ата-анаңның махаббатына бөлену – бақыт. Өмiрде нағыз жан-досыңның болғаны да – бақыт. Есейгенде өз ортаңды табудың өзi бiр бақыт екен.
«Жас Алаш» газетiнiң осы жылдың 18 ақпаны күнгi №14 санында «Жағдайың бар ма? Жамбылға кел, жұмыс бар...» деген мақала жарық көрдi. Мен бұл жерде мақаланы жазған тiлшiнi, жағдай жасаймын деп отырған облыс басшысын кiнәлайын деп отырғаным жоқ. Қайта облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтың Жамбылдың жағдайын тез бағамдап, алдына мақсат қойып, қиындықтан шығуға ұмтылыс жасап жатқаны қуантты. Шынында, соңғы жылдары Жамбыл облысының кәсiпкерлiгi басқа облыстардан анағұрлым қалып кеттi.
Кезiнде «бiздiң өз тарихи отанымыз бар» деп, өз ерiктерiмен елден ауа көшкендер көп болды. Пәтерсiз жүрген жергiлiктi жұрт және ауылдан қалаға көшкендер солардың пәтерлерiн сатып алды. Үйлерiн сата алмаған кейбiреулер пәтерлердiң есiк, терезесiн, едендерiн, газ плиталарына дейiн 2-3 контейнерге тиеп, көшкен жағына алып кеттi. Солардың қабырғалары ғана қалған пәтерлерiн пәтер сатып алуға ақшасы болмағандар алып, ол пәтерлердi айлап, жылдап жөндедi.
Бiздiң ауданда «Еларна», «Хабар», «Қазақстан-1» телеарналары ғана көрсетiледi. Бiрақ бұл телеарналар аудан халқының көңiлiнен шыға бермейдi. Сондықтан да жерлестерiмiз аталған телеарналардағы ұлттық менталитетiмiзге жат әсiре орысшыл, әсiре еуропашыл хабарлар мен концерттiк бағдарламаларға құр бос уақыт бөлгенше өзбек теледидарын қызыға тамашалайды. Туысқан өзбек ағайындардың қай арнасы болсын, ең әуелi өз ұлтының мүддесi үшiн еңбек етедi.
Кеңес қоғамы тұсында эстетика пәнiне мектептерде арнаулы сағаттар бөлiнетiн. Бiр қызығы, бұл пән қазiргi кезде мектептердiң бағдарламасынан мүлдем алынып тасталған. Ал эстетикалық тәрбиенiң ажырмас бөлiгi саналатын сурет пәнi бұрын мектептерде сегiзiншi сыныптарға дейiн жүргiзiлетiн. Қазiр оның өзi қысқартылып, сурет пәнi алтыншы сыныпқа дейiн ғана өткiзiледi. Мен сегiз жыл гимназияда сурет пәнiнен сабақ бердiм, сондықтан өз тәжiрибемнен бiлемiн, балғын жеткiншек кiшкентай кезiнен бастап түрлi-түстi бояуларға құмар келедi.
Мұқаш ата 11 бала тәрбиелеп өсiрген, 30 немере мен 12 шөбере сүйген бақытты жан болатын. Ол кiсi 91-ге қараған шағында дүниеден өттi. Мұқаш ата фин және Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқан. Ол кiсiнiң омырауынан 2,3-дәрежелi Даңқ, Қызыл Жұлдыз және 2-дәрежелi Ұлы Отан соғысы ордендерi мен көптеген медальдарды көрушi едiм. «Соғыстан аман-есен келгенiме тәуба етемiн. Бiрақ, үш өкiнiшiм бар...», – деп едi бiрде ол кiсi.
Қазақ тiлiнiң мұңы мен зарының айтылғанына қанша жыл болса да ештеңе өнбейтiнiне көзiм жеттi. Ендi тек практикалық iс-әрекетке көшу керек
Сол секiлдi, «Ел бiрлiгi» доктринасының пайда болуы да бөрiк ұрлап қашқан Қожанасырдың қылығындай болып тұр. Бiз де «доктрина» деп даурығып бiрталай қырды артқа тастаған сияқтымыз
Қазақстанның Мемлекеттiк хатшысы әрi Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев: «Жақында 24 сағат бойы тек қазақша көрсететiн жаңа үш телеарна ашылады», – деп едi. Мiне, одан берi үш айдай уақыт өттi.
Н.Назарбаевтың 1999 жылы 5 мамырдағы бұйрығымен марқұм Рахымжан Мұсаұлы Қошқарбаевқа Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берiлдi.
Осы жылдың ақпан айының 6-сында үлкен ұлым Мұхаммед Әминге екi бұзақы тапа-тал түсте, қаланың қақ ортасында пышақпен қоқан-лоққы жасап, қалта телефонын тартып алып кеткен болатын.
21 қаңтар күнi (№6, 2010 жылы) Төлеген Қалимажановтың «Маған керегi – орынтақ емес, әдiлет!» деген мақаласы жарық көрдi. Онда Т.Қалимажанов өзiнiң мектеп директоры қызметiнен заңсыз шығарылғанын, оның себебi бұрынғы аудан әкiмi А.Кәрiмов пен сол кездегi аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы болған менiң тарапымнан қудаланғанын тiлге тиек етiптi.
1932 жылғы аштыққа жалғыз Голощекин ғана кiнәлi ме? Неге 1937 жылдың ойранына басқа жұрттан гөрi қазақ көбiрек ұшырады? Бар пәле-жаланы Сталин мен Голещекинге жаба бергенiмiзбен, басқа кiнәлiлер олардың көлеңкесiнде қалып жатқан жоқ па? Неге соларды жария етпеймiз? Қырғыздың ұлы жазушысы Ш.Айтматовтың атақты «Жанпида» романында «Алтау және жетiншi» деген грузин халқының шағын балладасын келтiре кетедi. Шағын дүниенiң оқиғасы да жинақы.


