Баяғы заманда Қожанасыр базарда келе жатып, бiреудiң басындағы су жаңа бөркiн жұлып алып, тұра қашыпты. Анау да бiр жүйрiк кiсi болса керек, қырсық қылғанда, Қожекеңнiң қыр соңынан қалмай, өкшелеп қуа берiптi. Әбден сiлесi қатып алқынған Қожанасыр қуғыншыдан құтыла алмайтынына көзi жетiп, амалсыздан кiлт тоқтай қалыпты да: «Әзiлдессек те бiраз жерге жеттiк-ау, мә, бөркiң, ала қойшы...» деген екен. Сол секiлдi, «Ел бiрлiгi» доктринасының пайда болуы да бөрiк ұрлап қашқан Қожанасырдың қылығындай болып тұр. Бiз де «доктрина» деп даурығып бiрталай қырды артқа тастаған сияқтымыз. Егер ел болғымыз келетiнi рас болса, бұдан былайғы жерде күмәнi көп «Ел бiрлiгi» доктринасының жобасын жылы ғана жауып қойып, ұлтымыздың елжанды зиялылары ұсынып отырған «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» барлығымыз қолдап-қуаттағанымыз жөн.





Уәж айту