1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2017
Күйдiң қадiрiне жете алмай жyрмiз

1960 жылы әкем ескi радионың орнына жаңа радиоқабылдағыш сатып әкелдi. Сол радиодан бiрiншi рет қазақ хабарларын тыңдай бастадым. Әсiресе, қазақ күйлерiн үнемi берiп отыратын бағдарламаны жақсы көретiнмiн. Өзiмнiң нағыз қазақ екенiмдi сезiндiрген де, бойымдағы рухымды оятқан да осы күйлердiң құдiретi едi. Осыдан отыз жыл бұрын Сарыағашқа Нығмет есiмдi азамат көшiп келдi. Өзбекстанда туып, сол жақта отбасылы болған Нығметтiң Қазақстанға көшуiне бiр кездерi радиодан естiген қазақ күйлерi әсер етiптi. “Кезiнде радиоқабылдағыштан қазақтың күйлерiн жиi тыңдайтынмын. Кейiн жағдайға байланысты Ташкенттен кету керек болды. Сол кезде қазақтың кең пейiлi мен байтақ даласына осы қазақ күйлерi тартып әкеттi”, – дейдi Нығмет өткенiн еске алып.
2013 жылы Астанаға жол тартып, Сарыағаш – Астана пойызына мiндiм. Арыстан әлгi пойызға 40-45 жас шамасындағы орыс әйелi мiндi. Қарағандыға бара жатыр екен. Пойыздың iшi қазақтарға толы. Сол кезде алғаш оқуға түсiп, пойызға отырғаным есiме түсiп кеттi. Ол кезде пойыздың iшi орыстарға толы, тек мен ғана қазақ едiм. Ендi мiне, кiлең қазақтың ортасында жалғыз орыс келiншегi...
Бiраздан соң жөн сұрасып, әлгi әйелдi әңгiмеге тарттым. Әңгiме арасында келiншек күйеуiнiң қазақ музыкасын өте жақсы көретiнiн, тiптi кейбiр қазақ күйлерiн тыңдағанда көзiне жас келетiнiн айтып қалды. Әлгiнi естiгеннен кейiн, Төлеген Момбековтiң “Салтанат” күйiнiң шығу тарихын айтып, сол күйдi орыс келiншегiне тыңдатқыздым. Орыс келiншегi жаңағы күйдi тыңдап отырып: “Есiме анам түсiп кеттi. Мен де анамнан кiшкентай кезiмде жетiм қалғанмын...” деп көзiне жас алды. Кейiн күйдi менен сұрап, қалта телефонына жүктеп алды. Күйеуiме тыңдатамын деп.
Мiне, қазақ музыкасының, оның iшiнде домбырамен орындалатын күйлердiң кұдiретi! Өзге ұлттар бiздiң домбыраға, күйлерiмiзге қызығып, таңданып жүргенде, домбырамызды сандықтың түбiне тығып келемiз.
Домбыра – өз алдына дара тұрған ұлы аспап. Жүздеген ғасырлар бойы халықтың жанын, шерiн, арманын, қуанышын, мұң-мұқтажын айтып келген қасиеттi аспап.
Осы жерде менiң айтпағым, мемлекетiмiз қазақтың домбырасын мұнан да зор деңгейге көтеру үшiн арнайы шаралар қабылдауы керек. Балалардың бойына жастайынан қазақтың рухын сiңiру үшiн мектептерде күй тыңдау сабағын еңгiзу қажет. Күй – ұлтты тәрбиелейтiн, оны қазақ етiп шығаратын ең төте жол. Телерадиолардан да қазақтың күйiн насихаттайтын арнайы бағдарламалар ашылуы қажет. Бұл да ұлттың ұлылығын танытудың бiр жолы емес пе?
Күй, домбыра – қазақтың жаны. Ал бiз қазiр шетелдiң әуенiне елiктеп, өз жанымыздан, өзiмiзден безiп жүрмiз. Осы дұрыс па?...

Есмұрат БИТЕМIРОВ,
Сарыағаш қаласы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті