1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15441) 29 қазан, бейсенбі 2009
оқырман хаттарын екшейтін Салима ЫСҚАҚОВА
29 қазан 2009
Хатқоржын

 

 
...Қазақ тiлiн «жаппай» қолдануды үйрету үшiн iс-әрекеттiң қоғамдағы тиiмдi жолын тап­қан жөн. Ал бұл жолдың ең iрiсi әрi маңыздысы – «түгел» қазақтың телеарнада қазақша «сөйле­генiн» көрсету. Алдымен осыған қол жеткiзу керек, бұл өте қажет әрi аса маңызды шаруа.
Әбжан Есқалиұлы,
Шымкент қаласы.
 
***
...Бiрден кесiп айту керек, тiлiмiз сөнiп бара жатқан шам секiлдi. Жиырма жылда үкiметтiң де тiлiмiзге жаны ашығаны шамалы. «Бүйттiк-сөйттiк» деген алдамшы iстен басқа ештеңе өзгерген жоқ. Мақтануды жақсы көретiн халықпыз, бiрақ, мойындауды бiлмейтiнiмiз тағы бар.
Ұлан-ғайыр жерiмiз бар. Бiрақ, шағын мемлекеттер жалтақтамай, қорықпай өз тiлдерiнiң мәртебесiн өсiрiп жатқан жоқ па?
Мұратбек Арғынбеков,
Астана қаласы.
 
***
...Екiншi дүниежүзiлiк соғыс майданында Отан үшiн, келешек ұрпақ үшiн оқ пен оттың ортасында қасықтап қанын төккен, тылда жан аямай еңбек пен маңдай терiн төккен ардагерлердiң адал еңбегi ескерiлсе, бағаланса. Олардың әлеуметтiк қорғалуы, тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi жолға қойылса...
Шаймұрат Аманұлы,
Семей қаласы.
 
***
Республика көлемiнде дәрi-дәрмек неге өте қымбат? Және оның сапасы неге төмен? Әрине, бiзде дәрi-дәрмек өндiрiсi жоқ, сондықтан да қымбат, болса да жарытымсыз. Әркiм өз қалауынша баға қояды. Өздерiнiң көбiрек пайда табу жағын көздейдi. Бұдан науқас қиындық көрiп келедi. Бақылау, мемлекеттiк үйлестiру, реттеу болуы керек емес пе?..
М.Оразұлы,
Қазалы ауылы,
Қызылорда облысы.
 
***
...Қазақ радиосына базына айтқым келедi. Ауа райын айтқанда, Астана мен Алматы қалаларында ауа райының қалай болатынын егжей-тегжейлi айтады. Ал басқа қалаларға жай ғана тоқталып кетедi.
Атырау да – мұнайдың астанасы. Түркiстан – рухани қала. Бұл қалалардың да ауа райының түнгi және күндiзгi температураларын айтуға болады ғой...
Байтiлеу Қарабатыров,
Сағыз ауылы,
Қызылқоға ауданы,
Атырау облысы.
 
***
«Мектептiң ақша жинауға құқы жоқ. Оларға үкiмет ақша бөлген» дегендi талай естiдiк. Бiрақ, оған мұғалiмдер келiспейдi. «Дәретхана жуатын апайға төлеу керек, сыныпқа анау-мынау қажет. Мәселен, еңбек сабағына анау алу керек, мынау алу керек...» – дейдi. «Оу, үкiмет ақша бөлдi емес пе?» десек, жақтырмайды. Бермейiн десең, баламызға кесiрi тие ме деп қорқасың. Мұғалiмдердiң осы бiр сұрамсақ әдетiн қашан және қалай қойдыра аламыз?
Г.Самат,
Жездi ауданы,
Қарағанды облысы.
 
***
Тәуелсiз ел болғанымызға жиырма жылға жуықтапты. Етек-жеңiмiздi жиятын кез әлдеқашан болды. Жаратқан ием сыйлаған қазба байлықты шет жұрттықтарға қашанғы таратып, талан-таражға сала беремiз? Ертеңгi ұрпақтарымыздың алдында не деп жауап беремiз? Қайтiп ақтала аламыз?
Мәкен Жұмадiлұлы,
Төле би ауылы,
Шу ауданы,
Жамбыл облысы.
 
***
...Үйдегi ең қуанышты күн – әкемнiң айлық алатын күнi. Анам да айлық алады. Бiрақ, анамның айлығының үйге 7-ақ пайызы (әкемнiң айтуы бойынша) келедi. Ақшасын несиеге, «түкке керексiз газеттерге» (бұл да әкемнiң сөзi), мектепке келетiн тексерушiлерге ұстап қалады...
А.Қалиева,
5-сынып оқушысы,
Ұзынағаш ауылы,
Алматы облысы.
 
***
...«Қызға қырық үйден тыю» дегендi әбден ұмыттық. Бiздiң кезiмiзде мектепте қыздар кеңесi деген болатын. Ашық-шашық киiм киген, кешке киноға, биге, түрлi туған күндерге бар­ғыш оқушы қыздарды мектептегi қыздар жиналысына салатын. Ата-анасын шақыртатын. Қазiргi оқушы қыздарды қыздар жиналысына салмақ түгiл, мұғалiмдер беттерiне тiке қарай алмайды. Неге? «Бәлесiнен аулақ. Ата-анасы тәрбиелеп алсын», – дейдi...
Мереке Көпбосынова,
Тараз қаласы.
 
***
...Оқушылар мектеп формасын кигенi дұрыс болды. Барлығы бiр түстi киiмдi кигендерiн көргенде көңiлiң кәдiмгiдей марқайып қалады екен. Әрине, аудан орталығында бiр үйде 3-4 оқушы бар отбасыларға мектеп формасын сатып алу қиын. Дегенмен де...
Жайнар Иманғазина,
Шығыс Қазақстан облысы.
 
***
«Жоғарғы жақ өздерiн ғана ойлайды» деп, оларды бостан-бос айыптайтынымыз бар бiздiң... Менiңше, олай емес. Жемқорларды, пара берушiлердi ұстап жатқан жоқ па? Олар өздерiн ғана ойласа, өзiмен терезесi тең шенеунiктердi ұстамас едi.
Қайрат Асанғазы,
Ақтерек ауылы,
Солтүстiк Қазақстан облысы.
 
 Mақатаев-22
Оқырман хаттарын екшеген – Сәлима Ысқақова,
Тел: 230 60 92, 230 04 20.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар