Бiр күнi түн жарымында аттар үркiп, пысқырып мазасыздана бастады. Қолшамымды жоғары көтерiп қарасам, ортада байлаулы тұрған “Сатымбек торы” атанып кеткен қасқа атымның жанында ұзын бойлы, ақ сақалды бiр кiсi тұр. Қарап тұрмай, атымның жалын тарап, үстiн сипап, жабысқан шөп-шаламдарын терiп жерге тастап жатыр. Жақындаған менi елең қылар емес. Шамымды орнына iле салып, оң жақ қапталдағы есiктi iлгегiнен ашып, қайта жауып, құлып салып, үйге тұра қаштым.
Елiмiздiң ең iрi қаласы – Алматы әлемдегi ең лас қалалардың тiзiмiне енгелi бiраз жыл. NYC Partnership Consulting агенттiгi жасаған рейтинг бойынша, ластығы жөнiнен биыл оңтүстiк астана 2008 жылмен салыстырғанда үш саты жоғарылап, 25-орында тұр. Сарапшылар ауаның ластану деңгейiн, ауызсудың жарамдылығын, қалдықтарды өңдеуiн, аурухана қызметi мен медициналық жабдықтардың қол жетiмдiлiгiн, жұқпалы аурулардың таралу қаупiн бағалай отырып осындай қорытындыға келген. Business Week журналы болса, Алматы қаласын адамның өмiр сүруiне өте зиянды, аса қолайсыз әлемдегi төрт аймақтың бiрi деп жария еттi.
Әлем жұртшылығы үрей үстiнде. Соңғы кезде ақырзаман туралы әңгiме жиi айтылатын болды. Әсiресе бұл тақырып интернет пайдаланушылар үшiн ең өзектi мәселеге айналған. Оған “Ванга айтыпты, Нострадамус болжапты” деген алыпқашпа сөздер мен Америка құрлығындағы ежелгi өркениет – Майя тайпасы жасаған жұмбақ күнтiзбенiң 2012 жылмен тәмамдалуы түрткi болуда. Халық арасында кең тараған аңызға сенсек, 2012 жылдың желтоқсан айында
АЮЛАР БАЛДЫ ҰНАТПАЙДЫ!
ВВС “Аюлармен серуен” атты деректi фильм түсiрдi. Онда америкалық биолог Линна Роджерстiң аюлар туралы кең таралған аңыздарды жоққа шығарып, аю мiнез-құлықтарының беймәлiм қырларын аша түскенi көрсетiледi. Ғылымда айтылып жүрген кейбiр жаңсақ жайттарды ысырып тастап Роджерс мынадай батыл қадам жасайды. Миннесота орманында өмiр сүретiн аю тобының сенiмiне кiредi, оларға тамақ бередi.
Дағыстанда 9 айлық Али Якубов деген нәресте бүкiл әлемнiң ақпарат құралдарын назарын өзiне аударды. Оған себеп – баланың денесiне хадистердiң жазылып шығатыны. Қасиеттi жазулар адамды тәубеге келiп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Краснооктябрь ауылында туған. Алидi көру үшiн бұл ауылға Солтүстiк Қап өңiрiнен күн сайын 300-400 адам келедi екен. Ингушетия мен Қабардин-Балқариядан, тiптi Сауд Арабиясынан да делегациялар келген.
Қазақстан климаты әлемдегi орта көрсеткiшпен салыстырғанда екi есе жылдам жылып келедi. “2010-20 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада осындай мәлiмет келтiрiлген. “Климаттың жылынуы мәселесi Қазақстан үшiн де өте өзектi. Елiмiздiң аумағындағы орта температура деңгейi 100 жыл iшiнде 1,8 С-ге өскенi байқалды. Бұл әлемдiк көрсеткiштен екi есеге артық”, – деп көрсетiлген бағдарламада.
Үлкен Аралдың экожүйесi көз алдымызда өзгерiп жатыр. Қазiрге дейiн құрып бiтпеген жәндiктер жанталасып, артына ұрпақ қалдыру үшiн мутацияға түсуде. Бұл –тiршiлiк үшiн күрестiң нақты мысалы. Аралдың кеуiп қалған бөлiгiнен қазiр мұнай iздестiрiлуде. Infox.ru сайтының тiлшiсiне сол маңдағы орыс ғалымдары Аралдың қазiргi ахуалы жайында мынадай жайттарды баяндап берген.
Ұлыбританияның Лидса университетi ғалымдары қартаю процесiн екi есеге дейiн тежеудi ұйғарыпты. Бұл ғылыми зерттеу үшiн бес жылға 50 миллион фунт стерлинг бөлiнген. Басты мақсат – қартаюға қарсы инновациялық шешiм табу. Ғалымдардың пайымдауынша, бай елдерде туылып жатқан сәбилер бұдан былай 100 жасауы мүмкiн. Және кәрiлiктен туындайтын ауру-сырқаудан ада, 100-ге келгеде ағзасы 50-дегi адамдiкiндей болады. Сонда кәрiлiктi қалай баяулатады? Бұл жерде өзгермейтiн бiр ғана нәрсе бар, ол – салауатты өмiр салты. Диета мен дене шынықтыру. Бұған қоса ендi ғалымдар адамдарға арнап «қосалқы бөлшектер» жасап шығармақ. Протез тәрiздi механикалық бөлшектердi есепке алмағанда, зертханаларда «биологиялық бөлшектер» – мүше мен тiндер де өсiрiледi.
2008 жылы 10 жасар американдық Джордан Тейлор отырған автокөлiкке үлкен жылдамдықпен жүйткiп келе жатқан жүк мәшинесi келiп соғылған. Соққының күштi болғаны соншалықты, қауiпсiздiк белдiгiн тағып алған Джорданның басы кiлт етiп оқыс қозғалғанда, мойын омыртқасы үзiлiп, басы мен денесi бөлiнiп қалған. Рас, мойын омыртқаның айналысындағы бұлшық ет пен терi бүлiнбеген-дi. Бұл медицинада «бастың iштей кесiлуi» деп аталады. Мұндай жағдайда адам қас қағым сәтте бақилыққа атанады екен. Бiрақ, бала тiрi қалған. Оған дәрiгерлер ота жасап, титанды пластиналар мен стержень көмегiмен сүйектi бiрiктiрген. Мұндай отадан кейiн адам тiрi қалғанның өзiнде өмiр бойы мешел болып қалады екен. Құдайдың әмiрiнен күштi нәрсе бар ма, Джордан 3 айдан соң-ақ ауруханадан өз аяғымен шығыпты.
Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып келедi. Ашылып жатқан жаңалықтар таң-тамаша қалдырады. Медицина туралы да осылай деуге болады. Әйтсе де ғасырлар бойы адам жинақтаған бiлiм табиғаттың кейбiр қылықтарын, әсiресе тағдырдың сырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз.


