1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
27 маусым 2017
Сайтанды пышақтаған Ахметжан

Ахметжан көкеміздің ертеректе айтқан бір әңгімесі есіме түсіп, МБМ-ге жолдауды жөн көрдім. Ол кісі жастай жетім қалған соң атам мен әжем оны өз баласындай көріп, асырап алады. Содан ол біздің үйде тәрбиеленіп, Отан соғысына қатысып, сол жақта жүріп украин қызына үйленіпті. Әйелі де соғысқа қатысқан, медбике болып жұмыс істеген. Елге оралған соң Ахметжан көп жыл совхоздың автокөлігін жүргізді.
Құдайдың құдіретінде шек жоқ қой, көкеміз кейіннен жігіт ағасы атанғанда атың өшкір ішімдікті молайтып жіберді. Өзі бізбен көрші тұрды. Арағын ішіп алып, үйінің берекесін кетіре берген соң әйелі менің әкеме: «Қайнаға, мына Ахметжан тентек суын ішіп алып мазамызды әбден кетірді. Не істесеңіз де қолыңызда. «Қойыңыз» демейміз», – деп талай келгенін көз көрді. Сонда әкем інісіндей болып кеткен Ахметжанға ұрсып-ұрсып тыныштандырып, ұйықтатып келетін. Бірде мынадай оқиға болды. Сол күні Ахметжан кеш батқан соң үйіне қолы қан-қан боп оралады. «Қолың неге қан, тағы не бүлдіріп қайттың?» – деп шошыған әйеліне: «Ақбас қарияның үйіне барып едім, байқамай қораға кіріп кетіппін. Сөйтсем, қорасында сықылықтап бір сайтан жүр. Ұстап алып, қалтамдағы бәкімен пышақтап өлтірдім», – депті. «Қайдағы қора, не қылған сайтан?» Әйел байғұста зәре жоқ. Түнімен көз ілмей шығады. Азанда әлгі Ақбас қария Ахметжанның үйіне келеді. «Кіріңіз, ата, төрлетіңіз», – дейді үрке қараған әйелі. «Иә, балам, амансың ба? Ішіп жүрген күйеуің қайда? Кеше түнге салым біздің қорада тұрған бұзауды пышақтап өлтіріп кетіпті. Жануардың не жазығы бар еді? Қазір милицияға арыз жазамын», – дейді. Мұны естігенде әйел байғұста ес қалмайды. «Ата, милицияға айта көрмеңіз. Біз бұзаудың құнын өтейміз», – дейді амалы құрып.
Содан не керек, Ахметжан өзі өлтірген бұзаудың құнын төлейді. Кейін ел-жұрт Ахаңнан мән-жайды сұраса: «Қораға қалай кіргенімді білмеймін. Бір қарасам, құлағы қалқиып, сықылықтап бір сайтан жүр. Өзі мені мазақ қылғандай ыржың-ыржың етеді. Содан бас салып ұстап алдым да, пышақтап тастадым. Әй, ол бұзау емес, шынында да, сайтан», – депті. Ішіп алған адамның көзіне бұзау сайтан боп елестеді ме, жоқ әлде қорада шынымен сайтан жүрді ме, ол жағын енді дөп басып айта алмаймыз. Ал Ахметжан көкеміздің жары күйеуінің мас күйінде адамды емес, малды пышақтағанына тәубе деп оңай құтылғанына қуаныпты.

Пана РАХЫМБЕРДІҰЛЫ
Ойық ауылы
Талас ауданы
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті