1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
27 маусым 2017
Әкесін «оятқан» бала

Құрылыс зауытында жұмыс істеп жүрген ер адам басына темір түсіп, ауыр жарақат алады. Ес-түссіз 12 апта жатқан жігіт палатасына жаңа туған сәбиі кіргенде көзін ашқан.
Жағдайы ауыр болған Джонни Литтлу есін білмей, ес-түссіз жатқанда 23 жаста болған. Ол темір майыстыратын көліктің жүргізушісі болған. Осындай бір жұмыс күнінде ауыр темір оның басына құлап, ол ес-түссіз күйге түседі.
Бұл уақытта оның қалыңдығы Арлин жаңадан декреттік демалысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген. Дәрігерлер күйеуінің есін жинауы қиын екенін айтқан. Оның жазылып кететініне сенген Арлин оның жанынан бір елі шықпайды.Ол тек босанған кезде ғана жарының жанында бола алмайды.
Сәбиін дүниеге әкелген соң, бір апта емханада жатқан Арлин Джей есімді ұлымен Джонниге келеді. Жас нәресте палатаға кіргенде, ер адам таңғажайыптың күшімен көзін ашады. Қазір Джонни 30 жаста және ұлының өзіне екінші өмір сыйлағанын айтады. Ол ұлын көргеннен кейін қайтадан жүріп, сөйлеп, қалпына келген.

ДЕНЕДЕ КӨКТЕГЕН КАКТУС
Ереванда Нарине есімді қыздың қолына кәдімгі кактус өсіп шығыпты. Анығында, қаулап шыққан тікенді алып тастау үшін ол біраз жыл талай емхананың табалдырығын тоздырған. Өйткені әлгі тікенектің бірін жұлғызып тастаса, орнына екіншісі өсіп шығады екен.
«Маған денесіне тікенек өсіп шығатын қыз туралы айтқанда алғашында оған мүлде сенбедім», – дейді Ереван микрохирургия орталығының дәрігері Гарегин Баблоян. Медицина орталығында жасалған биопсия пациенттің денесінен нағыз кактус тікендері алынғанын айғақтайды.
Оқиға былай болған екен. Екі жыл бұрын Нарине абайсызда кактуске қолын жырып алады. Осы кезде оның денесіне өсімдіктің ұрығы еніп кетсе керек. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай оқиғалар әлемде кездесіп тұрады. Ертеректе осы тақылеттес жағдай Токиода болыпты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті