1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
22 тамыз 2017
Атам берген аян

Қазақта «түс – түлкінің қиы» деген сөз бар ғой. Көрген түстеріме аса мән бермей жүре беретінмін. Бірде әкем қатты ауырып қалды. Қан қысымы күрт көтеріліп, ауруханадан бір-ақ шықты. Тіпті алғашында жансақтау бөлімінде жатты. Біз қатты қорықтық. Шешем «әкелеріңнен айырылып қалатын шығармыз, бәріне дайын болуымыз керек» деп тас-түйін дайын отырды. Әйтсе де әкемнің көрер жарығы бар екен. Әлсіздеу инсульт алып, емделіп үйге қайтты. Біз, балалары, осыған шүкір десіп қуандық.
Бір қызығы, әкем ауырып жатқанда оның досының түсіне біздің атамыз (әкеміздің әкесі) кіріпті. Әкемнің досы атамызды мүлде көрмеген адам. Өзі Ауғанстаннан көшіп келген оралман кісі еді. Оған түсінде атам: «Мен Әлібектің әкесімін. Соңғы күндері ол маған «сізді сағындым, жаныңызға барамын» деп далбасалап жүр. Әлібекке айт, ол әлі жас, бұл жаққа оған келуге ерте» депті. Содан әкемнің досы көрген түсінен кейін атамыздың аты-жөнін сұрап алып, құран оқып, дұға жасады. Қазір әкеміз, құдайға шүкір, денсаулығы жаман емес, ортамызда аман-сау жүр.
Мен әкемнің досының көрген түсінен кейін ойланып қалдым. Бұрын әжелеріміздің «пәленше түгеншеге аян беріпті» дегенін естуші едім, сол рас сияқты. Айтқандары, көрген түстері айдай келетін адамдар өмірде кездеседі екен.

Жанкелді КҮНТУҒАНОВ
Қарасай ауданы
Алматы облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Unknown | 25 тамыз 2017 00:16
Ең қызығы ислам діні "түстегі аян беру" феноменін мойындамайды екен
мен | 16 қыркүйек 2017 12:04
аян беруди мойындамайтын казырги вахабистер олар ештени мойындамайды аруакты да сыйламайды
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті