1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
22 тамыз 2017
КӨЗІ «ӨТКІР» ОТБАСЫ

Біздің ауылда көзі «өткір» бір отбасы тұрады. Кішкене кезімде олардың атасын көргенмін. Адам баласына тура қарамайтын немесе екеуара сөйлескенде көзін қолымен көлегейлеп яки басқа жаққа қарап тұратынын талай байқағанмын.
Бірде біздің үйдің дін аман жүрген құлыны ойда жоқта ұшып түсті. Тіпті «тіл» тартпай кетті. Біздің ішіміз удай ашыды. Әлі есімде, менен кіші іні-қарындастарым оны қимай қатты жылады. Осы кезде көрші-қолаң жиналып, әкемді «не болдының» астына алды. Ал әкем болса біраз үнсіздіктен кейін: «Таңертең Жақаң (Жақыпбай) келіп кетіп еді. Сонда мына күрең құлын енесін еміп тұр еді. Жақаңның көз сұғы алып ұрды», – деді. «Қап, қап, ол кісі әдейі істемеді ғой, байқаусызда көзі түсіп кеткен ғой. Әйтпесе ол көзінің «өткір» екенін біледі. Мал-жанға сұқтанбаушы еді», – деп әжем шыр-пыр болды. Ал апамның Жақаңды жақтырмағаны бет-жүзінен анық байқалып тұрды. Сол кезде біз де бала болсақ та, ол кісіні жек көргеніміз есімде. Содан үйге әлгі кісі келе жатса мал біткенді қораға айдап тығатынды шығардық және мұны тек біз ғана емес, оның көрші-қолаңы, ағайын-туысы, жалпы, ауылдастар сөйтетін еді. Енді қайтсін, айдың күні аманда мал-жанға көзі «тиіп», тырапай асып жатса кімге жақсы дейсің.
Ол кісінің келместің кемесіне мініп кеткелі біраз жыл болды. Әйтсе де көздің «өткірлігі» қанмен беріледі екен. Жақаңның белінен тараған жеті-сегіз баласының екеуінде «көз» болды. Абырой болғанда, біреуі ауылдан ерте көшіп кетті. Екіншісі әлі ауылда тұрады. Онысы әкесі Жақыпбайға қарағанда қатыгездеу. Біреумен сөзге келіп қалса немесе ренжісіп-араздасып қалғандай жағдай болса, үлкен-кіші, бала-шаға (төрт түлік туралы айтпай-ақ қояйын) деп қарамайды. Көңіліне жақпағанын көзімен «атып» жүре береді. Мұрттай ұшып жатамыз. Сосын «ауырдық, аунап тұрдық» деп өзімізді-өзіміз жұбатамыз. Оның осындай «қасиеті» барын білетін жұрт оған жуымайды, бойын аулақ салып, көшеде келе жатқанын көрсе де, көрмегендей болып кері бұрылып кетеді. Бірақ қашанғы қашып-пысып жүресің. Бетпе-бет келіп қалғанда иманымыз үйіріліп, білетін дұғамызды іштей күбірлеп тұрамыз. Әзірге Құдай сақтап жүр. Сізге де айтарым, көзі «өткір» адамның көзіне түсіп қалмаңыз. Әйтпесе мұрттай ұшасыз.

Б.ҚАБДОЛЛА
Зеренді ауданы
Ақмола облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
мрааям | 27 тамыз 2017 07:50
Үлкен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті