1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
26 қыркүйек 2017
Бозайға «ұшатын тәрелке» қайдан қонды?

Бала кезімізде басқа ғаламшардан беймәлім «қонақтардың» келіп-кеткені жайлы жиі еститінбіз. Әсіресе өткен ғасырдың 90-жылдарында қазақ даласының әр өңірінен осы тақырыпқа қатысты газет беттерінде көп дүниелер шығып жататыны да есімде. Өзім сүйіп оқитын «Жас Алаш» газетінің «Мыңнан бір мезет» қосымшасынан да бөгдеғаламшарлықтар туралы небір қызықты хикаяларды оқып өстім.
Ал таяуда Аякөз ауданының Бозай ауылының іргесіне көп жылдардан бері көрінбей кеткен «ғарыш қонақтарының» келгені туралы хабар ел арасына тез тарады. Ауылдан 12 шақырым жердегі жеке шаруа қожалығы бар азаматтың шабындығы адам айтса нанғысыз өзгеріске ұшырағаны бозайлықтарды әлі күнге дейін таңғалдырып отыр. Шабындықтағы ұзындығы – 10, ені 5 метрден асатын жердің ненің күшімен ромб пішіндес ойылып алынғаны әлі күнге дейін жұмбақ болып тұр. Қалыңдығы 40 сантиметрге дейін ойылып алынған бөлікті әлдебір алып күштің алға қарай жылжытып қойғаны да таңдай қақтырады. Қалай болғанда да бұл ғажайыптың адам қолымен жасалмағаны анық. Ауыл тұрғындары мұны бөгде ғаламшардан келген «қонақтар» жасағанына сенеді. Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Аякөз өңіріне осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын беймәлім ұшу объектісі келіп кетіпті. Ол кезде уфолог ғалымдарға шұғыл хабар берудің мүмкіндігі болмағаны белгілі. Ал қазір бұл жаңалықты көптеген БАҚ арқылы жария еткен бозайлықтар енді тез арада уфолог ғалымдар келіп, ромб пішіндес ойылып қалған жерді зерттесе екен деп отыр.

Мархабат АҒЫНҒАЛИҚЫЗЫ
Шығыс Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Ердос | 27 қыркүйек 2017 11:01
Қызық екен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті