1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
26 қыркүйек 2017
Есек мінген шал

Бұл оқиға сонау кеңес заманында болған-тын. Біздің ауылдың тұрғындары қысқы отынға, көмірге тамызық ретінде қырда өсетін баялыш деген өсімдікті шауып, жинап көлікпен алып келетін. Бірде сол баялышқа әкеме еріп мен де бардым. Ол кезде 8-9 сыныпта оқитын оқушымын. Біз отынға «Зил» көлігімен шықтық. Кабинада жүргізуші, әкем және мен отырдым.

Баялышты күн бұрын барып шауып даярлап қойған едік. Жүргізуші мен әкем ойдағы-қырдағыны айтып, жол қысқарсын деген ниетпен әңгіме айтып келе жатқан еді. Жолда Кеңсай деген жер бар-тын, сол тұста жол еңістеу келетін. Сол түсеберіс жолға келіп, енді тоқтаймыз дегенде әкемнің: «Тоқта! Басасың!» – деген жан даусы шықты. Жүргізушінің есі шығып кетті, әйтсе де әбжіл қимылмен тежегішті басып, кілт тоқтай қалды. Ал біз алдымызда ешкімді, ештеңені көріп тұрғанымыз жоқ. Әлден уақытта жүргізуші: «Реке, кімді басып кете жаздадық, не көрдіңіз?» – деді. Осы кезде әкем: «Дәл алдымызда әлгі төмен түсетін жолда бір кішкене шал есекпен кетіп бара жатты. Біз үш-төрт қадам жақындап қалғанда көз алдымда жоқ болып кетті. Соған өзім де таңғалып тұрмын», – деді.
– Мүмкін, сізге елестеген шығар? – деп жан-жақтан шуылдап жатырмыз.
– Жоқ, анық көрдім, тіпті басып кетеміз бе деп қатты қорқып кеттім, –деді әкем.
Біз жүргізуші жігіт екеуміз ештеңені байқаған жоқпыз. Ал әкемнің ерекше қасиеті бар еді, сол кісіге көрінген ғой. Біз оған сендік. Себебі ауырып қалған балаларды сылап-сипап үшкіріп жіберсе, олар дертінен айығып, жүгіріп кетуші еді. Әрі баласына шипа іздеп келе жатқандарды алдын ала сезіп отыратын әдеті де жоқ емес-тін.
Есек мінген шал кездескен сол Кеңсайда кейін де жұртшылық «ананы көрдік, мынаны көрдік» деп жүрді. Жүрегі әлсіздер ол жерде жалғыз-жарым жүрмеуші еді. Соған қарағанда, әкем шын мәнінде шалды көрген сияқты.

Пана РАҚЫМБЕРДІҰЛЫ
Ойық ауылы
Талас ауданы
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті