1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
4 қараша 2014
МБМ ақпарат
БАЙҚОҢЫРДАН ТАҒЫ “ПРОТОН” ҰШЫРЫЛАДЫ
Ресей 28 қараша күнi Байқоңырдан Astra 2G байланыс серiгi бар “Протон‑М” зымыранын ұшырады. Мұны да сол баяғы “Хруничев атындағы мем­лекеттiк ғылы­ми‑өндiрiс ғарыш орталығы” жасап шығарды. Салмағы алты тонналық Astra 2G геостационарлы серiгiн ғарышқа “Протон‑М” зымыраны мен “Бриз‑М” жүрдек блогы жеткiзедi деп жоспарлануда. Бұл – осымен Байқоңырдан ұшырылатын 400-iншi “Протон” болмақ.
4 қараша 2014
Қалқанша безiн принтерден басып шығармақ
3D принтерлердiң адамзатқа ұшан‑теңiз пайда тигiзетiнiне өзiмiз куәмiз. Оның көмегiмен бүгiнде көлiк, тiптi үйдiң бөлшектерiн басып шығарып жатыр. Ендi осы 3D биопринтерлерiнiң көмегiмен адам органдары басылып шығатын күн алыс емес. Ресейлiк ғалым, биолог, “3D Bioprinting Solutions” биотехнологиялық зерттеулер зертханасының жетекшiсi Владимир Миронов келесi жылдың 15 наурызында 3D биопринтерiнiң көмегiмен қалқанша безiн басып шығарып, оны егеуқұйрықтарға салып көрмек.
4 қараша 2014
Жердi апаттан тек жаңа технологиялар құтқармақ
Осыдан он мың жыл бұрын Жер бетiндегi халықтың саны 10 миллион болса, бiздiң дәуiрiмiздiң басында адам саны 200 миллионға жеттi. 1650 жылға қарай бұл көрсеткiш 500 миллионнан асып түстi. XIX ғасырға дейiн адам саны       1 миллиардқа жуықтаса, одан кейiнгi кезеңдерде геометриялық прогрессиямен өстi. Бүгiнде әлемде 7,2 миллиард адам өмiр сүредi. Бiрақ адам саны өскен сайын ғаламшар проблемасы да еселене түстi. Адамзат саны жыл сайын 2 пайызға өссе, әрбiр 35 жыл са­йын бұл сан еселене түседi. Адам саны артқандықтан, азық­түлiктi тұтыну көрсеткiшi де өседi.
4 қараша 2014
Құпияға толы Пасха аралы

Жер бетiндегi құпиясы әлi күнге дейiн ашылмаған, жұмбаққа толы киелi мекендердiң бiрден-бiрi – Пасха аралы. Тынық мұхитының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан арал Чилиге тиесiлi. Пасха – құрлықтан ең алыс орналасқан арал. Оның Чилиге дейiнгi қашықтығы 3514 шақырымға тең. Жергiлiктi халық Рапа-Нуи деп атайтын аралда бүгiнде небәрi 5800-ге жуық адам тұрады. Бiрақ аралдың ең басты құпиясы – жанартау жынысынан жасалған тас мүсiндер.

11 қыркүйек 2014
ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАДЫДАН ӨШIРЕДI
“Адам өзiне жасалған жақсылықты тез ұмытады, ал жамандықты мәңгiлiк есiнде сақтайды” деген нақыл болашақта өз мәнiн жоюы мүмкiн. Массачусетс технология­лық институтының неврологтары адамдардың есiнде қалып қойған жамандықты өшiрудiң жолын ойлап тапты. Бiрақ бұл тәсiл әзiрге тек егеуқұйрықтарға пайдаланылды.
11 қыркүйек 2014
Албастымен алысу

Мөлдiр жас ана атанғалы жаны жай таппады. Перзентханадан тұңғыш ұлын үйге әкеле салысымен шiлдеханаға келген қонақтарды күттi. Үй шаруасы, бала күтiмi өз мойнына артылған соң күнi бойы тыным таппайды. Күйеуi жұмыста, кешке оны күтiп алып ас‑суын беру керек. Қасында көмектесетiн адамы жоқ бол­ғаннан кейiн қатты қиналды. Үй шаруасын қойшы, бұрыннан жасап жүрген iсi ғой, дүние есiгiн жаңа ашқан қызылшақаның күтiмi қиын екен.

11 қыркүйек 2014
Тұйыққа қамалған бейбақтар
Әлемнiң түкпiр‑түкпiрiнде табиғи заңдылыққа бағынбайтын, ғалымдар түсiндiре алмайтын құбылыстарға толы мекендер көп. Мұндай орындарды өз көздерiмен көру үшiн шетел кезетiн туристер жетерлiк. Шотландиядағы Мэри Кингтiң тұйығы – құпиясы ашылмаған жерлердiң бiрi. Осыдан 400 жыл бұрын Мэри Кинг иелiк ететiн үйлер орналас­қан көше Эдинбургтың айшықты аудандарының бiрi болған. Бiрақ бүгiнде бұл көшенiң сиқы көрiксiз, көзге көрiнбейтiн жерге жасырынған, қараңғы түнектен арылмайды. Мұның себебi бар. XVII ғасырда қалада оба ауруы басталған
11 қыркүйек 2014
«Екiге» оқығандардан да ұлылар шығады

Мектепте оқып жүрген балаңыз кiлең “екiлiкке” оқы­са да, оның болашағынан үмiт үзудiң қажетi жоқ. Се­бебi әлемдегi ең ұлы ғалым-жазушылардың көпшiлiгi мектепте нашар оқыған. Мәселен, Томас Эдисонды ұстаздардың барлығы ақыл­ойының дамуы жағынан артта қалған бала деп есептептi. Бiрiншi сыныпта небәрi төрт‑ақ ай оқып еш нәтиже көрсетпеген соң, анасы оны мектептен алып кетiп үйiнде оқытқан екен. Мектептен қуылған бала болашақта фонограф пен қызу лампасын ойлап тауып, телефон мен телеграфтың жұмысын жетiл­дiредi деп кiм ойлаған.

24 шілде 2014

Бұл – елiмiздiң оңтүстiгiнде болған оқиға. 6 жастағы бала ауырмай-сырқамай кенеттен қаза болыпты. Баласынан айырыл­ған әке-шешесi өлген балаларын аза тұтып, жылап-сықтап, қатты қайығырыпты. Сондай кеш­тердiң бiрiнде, қараңғы түсiп, түн ортасы ауғанда өлген ұлы үйге кiрiп, тап бiр тiрi кезiн­дегiдей шешесiнiң қойнына енiп, омырауын еме бастайды. Кейiн де бала түнде­летiп, бес-алты айдай үйiне келiп, түн ортасында анасын емiп жүре бередi.

24 шілде 2014
20 жылдан кейiн бөгдеғаламшарлықтарды таппақ
Жақында Вашингтонда өткен қоғамдық тыңдау ке­зiнде НАСА мамандары 20 жылдан кейiн басқа ғаламшарда өмiр сүретiн тiршiлiк иелерiн анықтаймыз деп мә­лiмдедi. Алайда НАСА бөгдеғаламшарлықтарды Күн жү­йесiндегi ғаламшарлардан емес, одан тысқары жатқан басқа ғаламнан iздемек. Әйтеуiр АҚШ ғарыш агент­тiгi жетекшiлерiнiң бiрi, бұрынғы астронавт Чарльз Болден Жер бетiнен бөлек ғаламда бөгде тiршiлiк иеле­рi­нiң өмiр сүретiнiне сенiмдi. Болденнiң бұл пiкiрiн Массачусетс технологиялық уни­верситетiнiң профессоры Сара Зигер де қуаттап отыр.
24 шілде 2014
Болашақ – күн энергиясында
Адамзат Жер бетiндегi мұнай мен газ бiткен соң қайтiп өмiр сүредi? Энергия көзiнсiз қалған соң, мұның арты энергетикалық апатқа ұрындырмай ма? Ғалымдар балама энергия көздерiн зерттеп, қайсыбiрiн енгiзiп, сынап та жатыр. Алайда әзiрге мұндай жобалар дәстүрлi энергия түрлерiн толық алмастыра алмайды.  Айтпағымыз, түрлi сынақ жобаларының арасында сәттiлерi жоқ емес. Мәселен, Калифорнияда жақында әлемдегi ең iрi күн электр стансасы iске қосылды. Бұл станса электр энергиясын тiптi түнгi уақытта да өндiре алады.
24 шілде 2014
Қасиеттi Кайлас

Дүниеде жұмбаққа толы бiрнеше мекен бар болса, соның бiрi – Тибеттегi Кайлас тауы. Ежелгi тибеттiктер бұл тауды ерекше қадiр тұтқан, табынған. Индуистер оның шыңын Шива мекендейдi деп сенсе, буддистер бұл тауды Будданың мекенi­мен байланыстырады. Тибет­тiктер Кайлас тауын бағындыруға тырысқан жан көп ұзамай ажал құшады дейдi. Расында да, осы күнге дейiн таудың шыңына шыға алған тiрi пенде жоқ.

10 маусым 2014
МБМ ақпарат

Германияның археологтары Жер бетiндегi ең ежелгi шалбарды Қытайдың Тарым ойпатында жүргiзген қазба жұмыстары кезiнде тапты. Немiс археологиялық институтының мамандары Ульрик Бек пен Майк Вагнер ежелгi қорымдарды қазып, көшпен­дi­нiң сүйектерiн тауыпты. Сөйтсе, ежелгi адам киiмi­мен бiрге көмiлген екен. Сүйектер осыдан шамамен 3300 жыл бұрын көмiлгенiн ескерсек, адамға кигiзiлген шалбардың жасы да осыған парапар екенi анық. Демек, бұл – әзiрге Жер бетiнен табылған ең көне шалбар.

10 маусым 2014
Перiште
Әр адамның өмiрiн қиын сәтте қорғап, өлiм аузынан алып қалатын қасиеттi күш иелерi бар. Олар – перiштелер. Перiште туралы түсiнiк барлық дiнде бар. Қызығы, барлық дiнде ол көзге көрiнбейтiн, қолмен ұстай алмайтын материя ретiнде суреттеледi. Ислам дiнiнде перiште адамның оң иығына қонады, ақырет күнiнде таразыға салатын жақсы iстерiн жазып жүредi де­лiнедi. Ал христиан дiнiнде адам туылғанда оны тiл‑көзден сақтайтын перiште берiледi, жақсы iс жасалса, ол шаттанады, күнә жасағанда жылайды деп есеп­те­ледi.
10 маусым 2014
Құрметтi МБМ қосымшасы! Соңғы кездерi түнгi ұйқыға жатып, көзiмдi iле бергенде денем селк ете қалғаннан оянып кетемiн. Осы құбылыс бiр түннiң iшiнде бiрнеше мәрте қайталануы мүмкiн. Үйдегi үлкен кiсiлер мұны шошынғандықтан болады дейдi. Бұның түпкi себебi неде?
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»