Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Солтүстiкте ақырғы нүктесi Санкт-Петербургте, оңтүстiкте соңғы аялдама Қытайдың Ляньюнгань айлағында аяқталатын 8 445 шақырымдық “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” трансқұрлықтық көлiк дәлiзiнiң 2 787 шақырымы елiмiздiң 5 облысы аумағының ортасын жарып өтедi. Геосаяси жоба, ортағасырлық “Жiбек Жолын” қайта жаңғырту деп қанша жерден саяси сылап-сипалса да, Ресей авторлығымен туған кедендiк одақтың бизнес-жобасы екенi түсiнiктi. Жолдың Еуропаға ашылар қақпасының кiлтi кiмде болса, соның қоржыны қалың.
Шiлденiң ми қайнатар ыстығы, аяғын iлби басып қолында судан босаған құтысы бар кейуана келедi. Көшенiң қиылысына жеткенде тағы да екi әйел кездестi. Амандық-саулық сұрасқан соң, алғашқысына екеудiң бiрi сұрақ қойды:
– Әй, қыз-ау, күмiс алқаң келген жоқ па, сенiң бiзге қарағанда сауатың бар ғой. Әлгi қараң қалғыр басшылардан сұрамайсың ба?
– Е, жеңеше, қазiргi күнде сенiң сауатыңа кiм қарайды, бардым, ауыл әкiмiне екi рет, аудандағы Қамира Өмiрбай деген әйелге төрт рет, зейнетақы, жәрдемақы төлеу орталығына да бардым.
Маңғыстау – республикамыздың экономикасына елеулi үлес қосатын облыс. Бұл бiрiншiден, Маңғыстаудың жер қазынасының арқасы болса, екiншiден, сол қазынаны өндiрген қарапайым маңғыстаулықтардың еңбегi. Бiрақ, бiздiң облыс республиканың өзге аймақтарымен салыстырғанда базар нарқы ең қымбат өлке. Мысалы, азық-түлiк тауарларының 85-90 пайызы, киiм-кешек, халықтың күнделiктi тұтыну тауарларының 95-100 пайызы көршi мемлекеттерден және өзге облыстардан тасымалданады. Бұл өз кезегiнде тауардың бағасының көтерiлуiне әсер етедi. Маңғыстау халқының барлығы мұнайшы емес екенiн ескерсек, сол мұнайға қатысы жоқ қарапайым халық көп қиындық көредi.
Төрт айдың iшiнде Қызылағаш ауылында 470 үй салынып, резервте тұрған жетi үйден өзгесi түгелдей пайдалануға берiлдi. Жұма күнi апаттан кейiнгi ауылға президент Н.Назарбаев та барып қайтты. Апат құрбандарына арналған ескерткiштiң ашылуына қатысып, оған гүл шоғын қойды. Сыртынан су қоршаған Ана ағаштың тасасында баласын арашалап тұр. Сыншылар бұл ескерткiштi елiмiзде салынған соңғы он жылдағы ең мазмұнды мүсiн деп бағалауда. Оның ашылуына тек ауыл тұрғындары ғана емес, апатта қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшiн Ақсу ауданының халқы түгелдей жиналған. Ендi сол ескерткiштiң бетiне апатта қаза тапқандардың есiмi жазылмақ.
“Армстрой”, “Мақсат СТ”, “АстанаШаңырақҚұрылыс” және “КапиталСтройИнжениринг”... Биылғы жылдан бастап Жамбыл облысының құрылысында аяқ астынан осындай компаниялардың пайда болғанын бұған дейiн жазған едiк. Рас, Қарағанды, Павлодар, Астана қалаларынан келген бұл компаниялардың кейбiрi Жамбыл облысына тiркелiп, салық төлеп отыр. Бiрақ, бүгiнде тендерге түскенде “таныс” болмаса, ешқандай “шанс” болмайтынын елдiң бәрi бiледi ғой. Соған қарағанда бұлардың Жамбыл жерiне жалғыз аяқ жол тапқаны анық. Әрине, бiздiң елде “басқа облыстың құрылыс компаниясы неге бiздiң облыстың тендерiн ұтады?” деген әңгiме жүрмейдi.
Жаңаөзен қаласындағы соңғы кездерi қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылығымды бiлдiрiп, сiздерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық хат жазғанды жөн көрiп отырмын. Бiздер, бiрнеше мыңдаған қарапайым мұнайшылар күнi кешеге дейiн өз құқымыз бен болашағымыз үшiн күрестiк. Алдымен жергiлiктi мемлекеттiк құзырлы органдар мен мұнай мекемелерiнiң басшыларына жай ғана ауызша айту, жазбаша хат жазудан бастап, Астанадағы жоғарғы билiктiк органдарға дейiн мұң-мұқтажымыз
Аспан айналып жерге түскендей аптап ыстықпен өтетiн оңтүстiктiң шiлдесi биыл әдеттегi мiнезiнен жаңылды. Шiлденiң басында температура 40 градусқа дейiн көтерiлгенiмен, жұрттың ендi күшейедi деп күткендегiсi болмай, бүгiнде күннiң қызуы одан едәуiр төмендеген. Ауа райының мұндай тосын мiнезi өткен қыс пен көктемде де байқалған. Шымкенте биыл «кәрi құдаң» ызғарын оншалықты байқатқан жоқ. «Бүкiл қыс бойы 2-3 рет қана қырбақ қар түстi» десек, солтүстiк пен шығыстың азаматтарына ертегiдей естiлетiн шығар.
Қызылқоға – Атырау облысының шалғай аудандарының бiрi. Негiзгi күн көрiсi – мал. Аудан алып жатқан 2,5 млн. гектар жердiң, 1 млн. гектардан астамы ауыл шаруашылығы үлесiнде. Бiрақ биыл Қазақстанның Батыс аймағын жаппай жайлаған қуаңшылықтың салдарынан қыстан аман шығу неғайбыл деген болжамдар да айтылып қалып жатыр. Оның үстiне ел арасындағы ауа райы құбылысының бiлгiрлерi аптаптың соңы қыста қақаған боранға ұласады деседi. Сондықтан болар қызылқоғалық ауыл шаруашылығы мамандары етек-жеңдерiн ерте жиып, мал санын тiзбелеп, басталар қыста
“Өзен – Қызылқия – Қорған” темiржолы халықаралық маңызға ие. “Өзен – Түрiкменстан мемлекеттiк шекара” жаңа темiржол желiсi құрылысы алғашқы рельсiнiң бұрандасы өткен жылы қыркүйектiң соңында қағылған болатын. Содан берi бiршама уақыт өттi. Ұйымдастыру шаралары жасалды. Мамандар мен жұмысшылар таңдалды. Техникалар топтастырылып, қажеттi материалдар құрастырылды. Осы жылдың ерте көктемiнен бастап жаңа темiржол құрылысы жан-жақты қарқын алды. КАМАЗ-дар мен КРАЗ-дар, экскаваторлар мен бульдозерлер қайнаған еңбектiң үлгiсiн көрсеткендей. Күндiз-түнi тынбай тартқан ауыр составты пойыздар тiзбегi Жаңаөзендегi бұрынғы еңбек дүбiрiне дүбiр қосқандай.
Жалпы кәсiпкер деп кiмдi айтамыз? Қазiр дәретхана ашып, елден ақша жинап отырған да немесе шағын дүңгiршек ашып, майда-шүйде сатып отырған да «кәсiпкермiн» деп көкiрегiн кередi. Әрине, мұндай кәсiпкерлерден ел зиян шекпес. Кәсiптерi алға баса берсiн. Бiрақ Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевқа үлкен қазан керек. Әулие ата өңiрiнде алып сататын, жатып сататын кәсiпкерлер жетерлiк. Алайда, сырттан үлкен инвестиция тартып, алып жобаларды қолға алып, мыңдаған жұмыс орындарын ашқан кесек кәсiпкерлер жоқтың қасы. Кәсiпкерлiкке нәр берiп, тамырына қан жүргiзетiн негiзгi нәрсенiң бiрi – несие. ҚР Ұлттық банкi Жамбыл филиалының
Жаздың екiншi жартысында-ақ астық рыногында бағаның көтерiлетiнi бiлiне бастады. Кеше ғана француздар қатты бидай сорты экспортының бағасын өсiрдi, iле-шала ресейлiк бидайдың да қымбаттағаны белгiлi болды. Астық рыногында баға жоғарылады. Мұның өзi күзге қарай ет, сүт, бидай өнiмдерiнiң бағасын өсiрiп, басқа да азық-түлiк өнiмдерiнiң қымбаттауына әкеп соқтыруы ықтимал. Оның үстiне, жанар-жағармай бағасының Ресей Федерациясындағы бағамен теңестiрiлетiнi де қымбатшылықтың асқынатынына сендiре түседi.
Шiлденiң 3-i күнi Щучинск қаласында Ақмола облысы бiлiм беру қызметкерлерiнiң арасында өткен спартакиадада Степногорск қаласындағы тау-кен техникалық колледжiнiң оқытушысы Көркем Есмағамбетова қайтыс болды. Жалпы бұл Ақмола облысы бойынша спорттық жарыстардың үстiнде кiсi өлiмiнiң орын алуы туралы екiншi оқиға. Биылғы жылдың наурыз айында Ақмола облысының Зерендi ауданында мемлекеттiк қызметкерлердiң арасында өткен III қысқы спартакиадада, нақтырақ айтсақ шаңғы жолы үстiнде Ерейментау аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы
Соңғы екi айдағы аптап ыстықтың салдарынан Ақтөбе облысының егiнi шықпай қалды, жайылымдық жерлердiң шөбi күйiп кеттi. Бұл жақтағы ауа температурасы күндiз 45 градусты, түнде 30 градусты көрсетiп тұр. Топырақтың температурасы 60 градустан да жоғары. Шiлде айына дейiн жауын күткен жұрттың үмiтi ақталмай, шаруа қожалықтары иелерi мен ауыл адамдары алдағы қыста малға қалай жем-шөп тауып берерлерiн бiлмей бастары қатып жүр. Ақтөбедегi жем-шөп базарында қазiргi кезде әр бума шөптiң бағасы 400 теңгеден сатылып, оны жұрт таласа-тармаса алып кетiп жатыр. Былтыр шөптiң әр бумасы 120-130 теңгеден сатылып, өтпей жатса, биыл шiлде болмай жатып жем-шөп жайы қиындады. Қала төңiрегiндегi елдiмекендер тұрғындары да жан-жақтан шөп iздеп әлек. Күзге қарай оның бағасы 600-700 теңгеге көтерiледi дейдi.
Қайын жұрт дегенде қай жiгiттiң жүрегi шым етпейдi дейсiз. Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың қайын жұрты Талас ауданы екенiн елден емiс-емiс естiп қалатынбыз. Бiрақ Бозымбаевтың бойынан туыстық, жекжаттыққа бұра тартатын ешқандай жаман қасиет көрмеген соң, “е, бұл кiсi өз көзiмен көрмеген соң қайын жұртының нақты қай ауыл екенiн бiлмейтiн шығар” деген ой туған. Қайбiр күнi облыс әкiмi Талас ауданында болған кезде осындағы Үшарал ауылының ақсақалдары оның алдынан тайлы-тұяғымен шықты. Ауылдың қақ ортасын қақ жарып өтетiн жолды құм көшкiнi жауып қалып, жанындағы мектепке қауiп төндiрiп тұрғанын майдалап жеткiзген ақсақалдың бiрi облыс әкiмiне “анау тұрған құмтөбенi көрiп тұрсыз ба, сол жерде бiр кездерi сiздiң
Дәл қазiр Жамбыл облысының басшылары түскi үзiлiске шығуға қорқатын болды. Өйткенi үзiлiске шығып, түс қайта қызметiне келсе, креслосында бiр алматылық отырады... Әрине, бұл әзiл ғой, бiрақ әр әзiл түбiнде бiр зiл жататыны анық. Соңғы кездерi Жамбылда “Бiр бастық ауысады екен” деген сыбыс шықса, iле-шала “оның орнына Алматыдан бiреу келе жатыр екен” деген әңгiме тарайтын болды. Әйтеуiр, әулиеаталық басшылар кейiнгi кездерi “Ассалаумағалейкүм, алматылықтар” дегендi жиi айтатынды шығарды. Тегiнде “Iстiң тетiгiн кадр шешедi” деген, бiз бұған дейiн