12 наурыз 2010
Мұхтар Әблязов ереуiлшi-мұнайшыларға үн қосты

Бiрнеше күннен берi наразылық шарасын өткiзiп жатқан жаңаөзендiк мұнайшыларға БТА банктiң бұрынғы басқарма төрағасы Мұхтар Әблязов үндеу жолдады. Үндеуде ол былай дептi: “Құрметтi отандастар, мұнайшылар, Жаңаөзен тұрғындары! Мен сiздердiң наразылық акцияларыңызды жiтi қадағалап жүрмiн және сiздердiң қойған талаптарыңызды толықтай қолдаймын.
Қазақстанда әдiлдiктiң жоқтығынан ат төбелiндей топ халыққа тиесiлi жерасты байлығын иемденiп, қалталарын қаржыға толтырып жатыр. Сiздер маңдай термен өндiрген мұнайдан түскен миллиондаған долларды жымқырып қалғаны аздай, ендi сол көлеңкелi табыстың бiр бөлiгiн сiздердiң мұң-мұқтаждарыңыздың өтеуiне жұмсауға да қимай отыр.
Басшылықтың “қаржы жоқ” деген сылдыр сөзiне сенбеңiздер. Бұл — жалған. “Өзенмұнайгаз” АҚ “ҚазМұнайГаз” компаниясының құрылымдық бөлiмшесi болғанымен, шын мәнiнде бұл Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың қадағалауында.
Менiң Тимур Құлыбаевқа таққан кiналарымды бiлетiндерiңiзге шүбә келтiрмеймiн. Бұл мәселенi жақсы бiлетiн адам ретiнде сiздерге мынаны мәлiмдеймiн: “ҚазМұнайГаз” Бақылау Өндiру” компаниясының қаржысы да, қауқары да сiздер қойған талапты орындауға молынан жетедi. Сондай-ақ, компания жұмысшылардың жалақысын екi есеге дейiн еш қиналмай-ақ өсiре алады.
Компанияның 640 миллиард теңге артық қаражаты бар. Бұған ұлттық валюта құнсызданған кезде компания 662 миллион доллар пайда тапқанын қосыңыз. Компания қазiр қаражатын артықшылық берiлген өзiнiң акцияларын сатып алуға жұмсауда. Бұған дәл қазiр экономикалық тұрғыдан ешқандай қажеттiлiк жоқ. Бұл — Тимур Құлыбаевтың қалтасын одан әрi толтыра түсу үшiн айналасындағылардың iстеп отырған кезектi әрекетi. Осылайша бұлар болашақта табысты ешкiммен бөлiспеудiң қамын ойлап, қазiргi және бұрынғы жұмысшылар қатарындағы акционерлердiң санын кемiтпек.
Тимур Құлыбаевқа қатысты және соның ұйымдастыруымен iстелген тонаулар туралы құжаттар менiң үстелiмнiң үстiн күннен-күнге толтыруда. Сiздер оны “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының нағыз қожасы” деп әдiл айтып отырсыздар. Сiздер бала-шағаның нан-тұзын айыра алмай жүргенде ол неге қаржыны шетелден хан сарайындай виллалар сатып алуға жұмсауы керек?! Мұнысы үшiн ол жауап беруге тиiс.
Мемлекеттiк органдар көмекке келедi дегенге сенуге болмайды. Бұлар — Астананың қолшоқпарлары ғана. Наразылық шарасын тоқтату үшiн уәде берiп, артынша қандай әрекет жасайтынын менен де жақсы бiлесiздер.
Репрессиялық тәсiлдердiң түрi өзгерген жоқ. Баяғысынша белсендiлердi қамайды, ереуiлдi заңсыз деп табады, сотқа жүгiнедi, полицейлердi айтақтайды. Болған-бiткенi осы ғана. Шын мәнiнде, бұл — билiктiң әлсiздiгi. Сондықтан сiздер батыл әрi табанды әрекет етiп, қойған талаптарыңызды орындатады деп сенемiн.
Сонымен қатар, саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды, барша қазақстандықтарды ереуiлдеген мұнайшыларды қолдауға шақырамын”.
Е.Биеке.





Салем оттапсың. Әблязовтан садақа,кет. Мәңгүрт болма. Жаңаөзендіктер еріккеннен ерееуілге шыққан жоқ, тиеселі ақысын талап етуде. Қазіргі қазақ елінің халі мүшкіл. Жеріміз, жер-асты байлығымыз,балаларымыз талан таражға түсті, кедей қазаққа дымда жоқ. Аяулы ана тіліміз, Тәуелсіз Қазақ елінде қорлық көруде, басшы қарамағындағы қосшыларымен өз ана тілін менсінбей бөтен тілде сөйлеуде. МАСҚАРА.
Кедендік одақтан шығу - еліміздің өзіндік дамуы.
Қандай дәреже сенің айтып отырғаның ? Бүкіл жер асты байлығыңды шет елдіктерге таратып бергеіңді айтып отырсың ба?
Адай қызы, сен қайдағы жеңісті айтып отырсын? Алдымызда Ұлы Жеңістің 65 жылдығы келе жатыр, соны тойла одан да. Енді өз ішіміздегі төңкеріс қалып еді... сұмдық-ай!
Ерғали, көп білетін, халқының қамын ойлайтын адам шетелде қашып жүрмейді, ондай адамдарды екі ортаға от салушы деп атайды (яғни, қазақтардың арасына). Күйіп қалмайық!