1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 39 (16225) 16 мамыр, сейсенбі 2017
16 мамыр 2017
Көкірекбаев Астанаға ауысады-мыс

Қазір Таразда көше тазалаушылар гүл егіп, саябақ, ескерткіш маңын қайта-қайта сыпыруға қызу кірісе бастаса, ел «президент келеді» деп жорамалдай беретін болды. Ал жол бойында құмырсқадай қыбырлап жүрген алқызыл желетке кигендердің өздерінен «Неғып шапқылап жүрсіңдер? Президент келетін болды ма?» деп сұрасаң, «Біз қайдан білейік... «Президент келеді екен» деп қайта сендер шулап жүрсіңдер ғой. Содан кейін қам жасап жатырмыз» деп, қарапайым жұрттың өзінен бір нәрсе білмек болады. Әйтеуір, жұрт көше тазалаушылардың тірлігіне қарап, көше тазалаушылар жұрттың әңгімесіне қарап, «әне, кеп қалды, міне, кеп қалдымен» жол тосып күн өткізуде.

Рас, «президент Жамбыл облысына келе жатыр» деген әңгіме алдымен сәуірдің соңында шығып, артынша «мамыр айындағы мерекелердің аралығында келетін болыпты» деген сөз жұртқа тегіс жайылған болатын. Бұл жолы әулиеаталық әкімқаралар әжептеуір алашапқын болды. Өйткені президент сәуірдің 28-і күні Шымкентке келгені белгілі. Ал Назарбаевтың Шымкентке барған сапарының соңында жолшыбай Таразға ат басын бұрып, бірер сағат болса да елмен амандасып, есен-саулық сұрасатыны бар еді. Бірақ бұл жылы Шымкент сапарынан кейін де президенттің Жамбылға жолы түспеді. «Ешкім бармай қойса тіптен ұят болады» деді ме, осы уақыт аралығында Таразға алдымен күйеубаласы Тимур Құлыбаев, артынша вице-премьер әрі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов келіп кетті.
Білесіз бе, бір шаруасы шығып, тойға бара алмайтын үлкен кісілер өзінің орнына басқа біреуді жіберіп, сәлем айтып жатады ғой. Жамбыл жеріне Құлыбаев пен Мырзахметовтің алқын-жұлқын келіп кетуі президенттің сәлемін жеткізіп, келе алмағанына кешірім сұрап, бәрін жуып-шайып кеткендей әсер бергені анық.
Есесіне президенттің келмей қалуын ел сан-саққа жүгіртуде. Айтатын әңгімелері белгілі ғой. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қызметінен кетеді екен. Астанаға сенатор боп ауысады-мыс. Міне, Назарбаевтың Жамбыл жеріне келмей қалуында осындай сыр жатқан көрінеді. Жұрт қызметтен кететін әкімнің орнына кімнің келетінін де айтпай қалмайды ғой. Рас болса, Жамбылға жаңа әкім Шымқаладан келеді екен. Миллион тұрғыны бар Шымкентті шырайландыруға кіріскен жас әкім қолға алған мега-жобаларын енді миллионнан астам халқы бар Жамбылда жүзеге асыратын сияқты. Ол жобаларға шырайлы қала тарлық қылған секілді. Сондай-ақ облысқа әкім болуы мүмкін деген үміткерлердің қатарында Парламентте отырған жамбылдық бір-екі депутаттың да есімдері аталып қалады.
Кім біледі? Әкім болғанына үш жарым жыл енді болған Кәрім Көкірекбаевтың қызметінен әзірге ши шыққан жері жоқ. Бірақ дегенмен де Жамбыл басшылығына жаңашыл, реформашыл жастар керек екені анық.
Әрине, Жамбылда ауыс-түйіс бола ма, жоқ па, оны бір Алла, сосын Ақордада жүргендер біледі. Әйтсе де алдағы уақытта президенттің Жамбыл облысына жолы түсетініне күмәніміз жоқ. Сол кезде президенттің қасында Кәрім Көкірекбаев бірге жүре ме, жоқ па...
 

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 18 мамыр 2017 11:12
"Балықшыны балықшы алыстан көреді" емес пе? ОНЫҢ ӨЗІ ақымақ.Сосын Астанаға,ӨЗІНІҢ жанына ақымақтарды жинамағанда..Жанына ақымақтарды жинамаса "кемеңгерлік"бір жерін қысып кетіп, надан-топастығы белгілі болып қалады деп ойлайды.Бірақ ХАЛЫҚ төреші.ОНЫҢ жанындағылардың барлығы,"жепутаттар"корпусы,Сенатсымақтар барлығы даңғазалық қанына сіңген,ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алмайтын кещелер..!Мынау да қайда барсын."Тең теңімен"ғой.К-ө-к-і-р-е-к-б-а-е-в дейді.Ойбу "басылған"десей!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар