1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16247) 3 тамыз, бейсенбі 2017
3 тамыз 2017
Ақтөбе-Лаэти тың тұжырымдарға бастайды

Атырау аймағындағы Ақтөбе-Лаэти ескі қалашығында зерттеу жұмыстары қайта жандана бастады. Тарихи мекендегі археологиялық жұмыстардың тоқтап тұрғанына көп жыл болған. Жақында мамандар қазба жұмыстары барысында көне қала орнынан қыш ыдыстар мен мыс тиындар тапты. «Археологтардың жолы болды. Қазба жұмыстарын жүргізген алғашқы күні қызметкерлер үлкен өндірістік кешенге тап болды. Ескі қала орнынан қыш ыдыстар мен мыс тиындар табылды. Бұл – біздің бабаларымыздың тарихы. Бізде номадтардың, сарматтардың өркениетін тек көшпенділікпен ғана байланыстыратын түсінік бар. Ал шын мәнінде олар отырықшы болған, онда қолөнер өте жоғары деңгейде дамыған. Оны Ақтөбе-Лаэти орнынан табылған көне жәдігерлер дәлелдеп отыр», – дейді атыраулық ғалым-археолог Марат Хасенов.
Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығы арнайы қоршауға алынып, болашақта аспанасты музей-қорығына айналады деген жоспар бар. Ұлы Жібек жолының бойында сауда керуендеріне арналған Ақтөбе-Лаэти қалашығының болғаны жөнінде тарихшылар 1960 жылдан бері айта бастаған. 1965 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих-археология және этнография институтының ғылыми қызметкерлері археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, қалашықтың екі қорған ескерткіштен тұратындығын анықтаған. Мұндағы қазба жұмыстарын КСРО Ғылым академиясы Археология институтының Лев Галкин жетекшілік еткен Орал-Еділ бойы экспедициясы 1974 жылы бастап, 1981 жылға дейін жүргізген.
Ескі мекеннің 200х80 метр аумағы зерттелген. Сол кезде табылған дүниелерге қарап, қалада металл өңдейтін түрлі орындар, әйнек, зергерлік бұйымдар жасайтын шеберханалар болғанын топшылауға болады. Одан бөлек, мұнда Иранның Шираз қаласында соғылған тиындар табылған. Сонымен қатар қыш ыдыстардың сынығы, металл қорытпаларының қалдығы, моншақтар және жазуы сақталмаған мыс тиындар да кездескен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар