1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16251)   17 тамыз, бейсенбі 2017
17 тамыз 2017
Қырымбек Көшербаевтың сөзі желге ұшқандай

Сырдария ауданына қарасты 3000-дай халқы бар Қоғалыкөлде өткен жылдың аяғында бюджеттен қаражат бөлініп, Әжмағанбет, М.Әуезов, Жамбыл көшелеріне жөндеу жүргізілген. Ой-шұқырдан әбден мезі болған жұрт сол кезде өлердей қуанған еді. Жанардан ыстық жас ағызған қуаныш бұл күнде су сепкендей басылды. Өйткені кеше жасалған жолдың сапасы бүгінде сын көтермей, кей жерлері аюдың апанындай шұңқырға, кей жері тіпті батпақпен баттасып, асфальтті жасырып қойғандай.
Жамбыл көшесінің тұрғыны Жұмабек Пірімқұлов жол салушылардың жауапсыздығына күйінеді. Алғашқы қармен жағаласып төсеген асфальт қазір ойлы-қырлы жолға айналған.
– Мына асфальттің астын тегістеді де, қажетті заттардың ешбірін төсеместен «холодный асфальт» дейміз ғой, соны төсей салды. Тіпті үстінен «катокпен» бастырған да жоқ. Нәтижесі, міне, ми ботқа. Су құбырын ортаға томпайтып тастап, айналасын құя салды. Оны аттап өтудің өзі мұң, – дейді Ж.Пірімқұлов.
Жамбыл көшесінің сорақы жағдайы балабақша мен мектебі бар М.Әуезов көшесіне де жұғыпты. Көлік жолы ойдым-шойдым. Жаяу жүргіншілерге арналған жолды соқпақ деуге де келмейді. Тақтайдай тегіс болуы тиіс мектептің алды болса Гималайдың биік шыңындай. Көліктер бауырлап әрең жүр. Әжмағанбет көшесіндегі көрініс те осы.
– Жолдарың тозыпты деп жыл сайын жөндей бермейді. Ақыры салған екен, сапаға мән берсе дейміз. Қыста салған жолдан не сапа күтесіз? Қалыңдығын бес сантиметрге жеткізбей төседі. Мұндай жолдан халыққа не пайда? – дейді ауыл тұрғыны Еділ Доспенбетов.
Әрине, тұрғындар айтқан, біз өз көзімізбен көрген жаңа жолдың ескі жырын ауыл әкімдігіндегілер де білетін болып шықты.
– Былтыр елді мекендегі үш көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біршама кемшіліктер анықталғаны рас. Суретке түсіріп, тиісті бөлімге хабарлама жібердік. Бұйыртса, кемшіліктер түзетіледі, – дейді әкім аппаратының бас маманы Алмат Омаров. Өкілдері «бұйыртса» деп сөз саптайтын жергілікті биліктің мердігер «Еңбек» мекемесінің ісін жол салып жатқан кезде дұрыс бақыламағаны түсініксіз.
Айтпақшы, бұрынырақта жол сапасына қатысты өткен жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «...Мердігер мекемелердің жұмыстары сараланып, «сенімділері» іріктелсін. Алған тапсырысты кешіктіріп немесе сапасыз орындағандармен мұнан былай жұмыс жасалмайды. Осыны ескеріңіздер!» деп еді. Қоғалыкөлдегі жаңа жолға қарасақ, облыс әкімінің бұл сөзі желге ұшқандай көрінеді.

Дәулет ҚЫРДАН
Қызылорда облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар