1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16253) 24 тамыз, бейсенбі 2017
24 тамыз 2017
ТЕРІ МЕН ЖҮНДІ ӨРТЕМЕУ ҮШІН...

Жамбыл өңірінде қазір халық қойдың тері-жүнін қайда өткізерін білмей жүр. Совет Одағы тұсында тері-жүннің 30-40 пайызын экспортқа шығардық. Қазір экспорт тұрмақ, тері-жүн қабылдайтын орын жоқ. Өңірдегі жүн даярлау мекемелері 1995 жылдан бері тоқтап тұрғаны мені қатты мазалайды. Өзім тері-жүн даярлау саласында 50 жыл еңбек еттім. Бұл саланың жұмысын жақсы білемін. Бұдан бірер жыл бұрын президенттің тапсырмасымен үкімет жүн дайындауға миллион­даған қаржы бөлгенде қуанғандардың бірі мен едім. Амал не, президенттің бұл тапсырмасы да орындалмай, бөлінген қаржы ұстағанның қо­лында, тістегеннің аузында кетіп жоқ болды. Сол кезде біздікілер Ресейден жүздеген вагон жүн сатып алып жатқанын телеарналардан көріп күйіндім. Жоғарыдағылар мемлекет қаржысын осылайша далаға шашып жатқанда, өзіміздің адамдар тонналаған жүнді өткізетін жер таппай өртеп жатты.
Осы орайда айта кетейін, Шу аудандық даярлау мекемесі мемлекеттік мекеме болатын. Жабылған соң, сегіз тонналық тіркемесімен екі ЗИЛ, үш ГАЗ-53 автомашинасы, бір ДТ-75 тракторы өткізілді. Бұлар зауыттан жаңа шыққан, бір жыл да жүрмеген, тері-жүн және басқа да заттарды тасуға алынған техникалар еді. Одан бөлек, 1000 тонналық көкөніс сақтау орны, 10 гектар бақ, тері-жүн базасы, жүк тиеп түсіруге арналған мекеме кеңсесі – бәрі-бәрі қолды болды. Жамбыл облыстық тұтынушылар одағының Шу ауданындағы 10 мекемесі банкротқа ұшырады, алайда олар сол қалпы тұр. Ал аудандық даярлау мекемесі жоқ болды.
Қазақ «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дейді. Үкімет субсидияны неге қазақы қылшық жүнге бермейді? Егер мал басын көбейту ниетіміз болса, алдымен осыны қолға алу керек. Ал Жамбыл комбинатының терінің бәрін өңдеуге әлеуеті жетпейді. Сондықтан Шу ауданынан тері-жүн базасын ашу қажет. Сонда аталған комбинат экспортқа тері даярлап шығарар еді.
Мен 1998 жылы Шу ауданының сол кездегі әкімінің қолдауымен, халықтың сұранысы бойынша «Бек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аштым. Ондағы ойым өңірде тері-жүн базасын ашу еді. Алайда қаржының тапшылығы қолға алған ісімді дөңгелетіп әкетуге қолбайлау болды. Қазір несие алып, сол жұмысты қайта жандан­дырғым келеді. Бірақ «аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайды» дегендей, үкіметтен осы салаға миллиардтаған ақша бөлінсе де, біз бір тиын да пайдасын көре алмай отырмыз.
Аудан әкімі Қайрат Досаевқа осы тері-жүн базасын ашудың өңірге қажеттілігін жеткізіп, мән-жайды түсіндіру мақсатында бірнеше рет барып жолыға алмадым. Одан болмағаннан кейін екі мәрте хат жаздым. Біреуіне де жауап келген жоқ. Бәлкім, ашынғаннан шыққан ащы даусымды биліктегілер халықтың үні – «Жас Алаштан» оқып, бір қозғау болар деген ойдамын.

Сергей ҚЫЛДЫБАЕВ
Шу ауданы
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар