1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
14 маусым 2016
Арқада әзiрше тыныштық бiрақ дiнбұзарлар  бұл жақта да жетерлiк

нде Ақтөбеде болған қанды оқиға ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып тұр. Содырлардың бiразы оққа ұшып, қалғандары тұтқындалып түрмеге тоғытылып, қазiр Ақ­төбедегi қауiптiлiк деңгейi “қызыл белбеуден” сарыға ауыстырылғаны жария болды. Бiрақ мәселе осымен шешiлiп болды ма? “Бұл секiлдi лаңкестiк әрекет батыс өңiрлерде ендi қайталана ма? Нелiктен 2011 жылғы Шұбарши оқиғасынан кейiн арнау­лы ұйымдар бақылауды күшейтпеген?

9 маусым 2016
Ақтөбе «қанды жексенбiден» әлi айықпады

5 маусымдағы түсте екi қару-жарақ дүкенi мен ұлттық гвардияның әскери бөлiмiне лаңкестiк шабуылдан 20 адам өлiп, 38-i жараланған. Қан­ды қақтығыстың құрбандары: “Пал­лада” қару-жарақ дүкенi­нiң сатушысы Максименко Андрей, қармақ алуға кiрген кездейсоқ куәгер Матросов Михаил, 68 жастағы Онищенко Николай, шақыртуға асығыс жеткен “Күзет” қызметкерi Тәжiбаев Мирхан. Ұлттық ұланның бөлiмшесiне шабуыл ке­зiнде лаңкестер қолынан қа­за тапқандар

7 маусым 2016

Маусымның 3-і күні Көкшетау қаласында өткен жер комиссия­сының көшпелі отырысы «ауыл шаруашылық жер шетелдіктерге жалға берілсін, қазақстандықтарға сатылсын» деп жүргендерге өте   ауыр тиді. Астанада үш сенбіде 4-5 сағаттап жиын өткізіп, «дұрыстап түсіндірсек ел қолдайды» деп жүр­ген комиссия мүшелері көшпелі жиынды алдымен Ақмола облысынан бастауды жөн көрген еді.

24 мамыр 2016
Таупістелі тағылымы

Бұл басқосу «Таупістелі тағы­лымы» деп аталады. Таупістеліңіз – Түлкібас ауданындағы табиғаты таңғажайып Пістелі ауылының бұрынғы аты. Аталмыш ауылдың атын берісі бүкіл елге, арысы түркі әлеміне әйгілі еткен жазушы-журналист Мархабат Байғұт. Туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен перзенттік парызын жазушы шығармалары арқылы да, игі бас­тамалары арқылы да өтеп келеді

6 мамыр 2016

Өткенде бiз өңiрдiң жаңа басшысы Б.Бақауов бiраз өзгерiстер жасап жатқаны жайлы хабарлағанбыз. “Бас­қа аудандардың әкiмдерi жылма-жыл ауысып жатқанда, тапжылмастан алты жыл отырған Екiбастұз қаласының әкiмi А.Вербняк секiлдi мықтыға Бақауовтың шамасы жетер ме екен”,– деген едiк. Аузымызға Құдай салған шығар, өткен аптада “суға батып, отқа жанбайтын” Вербняк мырза орынан алынып, қала басшылығына Қайрат Нүкенов келдi.

4 мамыр 2016
Оспанов осыдан кейін де отставкіге кетпей ме?
КӘСІПКЕР ТӨЛЕШОВКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАҒЫ БІР ШУДЫҢ ШЕТІ ШЫҚТЫ
Оңтүстіктің полициясында тағы дүрбелең. Облыстық ішкі істер департаменті елді аң-таң қалдыратын әдетінен бұл жолы да жаңылған жоқ. Әр жолы әр қырынан танылады, әр жолы ішінде бүгіп жатқан бір құпиясын ашып қояды. Осыдан біраз жыл бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттегі лауазымды қызметкерлердің есірткі саудасына «крышавать» ететіні былай тұрсын, заңсыз сауданың ұшар басында тұрған нағыз бандиттер екендігін әшкерелеп берген болатын.
4 мамыр 2016

27 сәуiрдегi митингiге ақтөбелiктер Бердiбек Сапарбаевтың қарасын көре алмаса да, 30 сәуiрде түстен кейiн ол хабарландыру арқылы Достық үйiнде жұртты кездесуге шақырды. Әкiм “Жердi тиiмдi пайдалану керектiгiн”, өзi көп айтатын малды асылдандыру бағдарламаларын тiзiп, соңынан “айқайламай, ашуланбай, мәдениеттi түрде сұрақ берудi” сұрады. 500-ден аса адам келген жиында мынадай пiкiрлер айтылып, сауалдар қойылды.

19 сәуір 2016
Бақауовтың күшi Вербнякқа жетер ме екен?
Аймаққа жаңа басшы келгесiн, мiндеттi түрде ат ауыстырулар бас­талады. Павлодар облысының жаңа басшысы Б.Бақауов та ақырындап осы iске кiрiстi. Бұрын­ғы өзiнiң орнына – Павлодар қаласының әкiмi қызметiне осыған дейiн облыс әкiмiнiң орынбасары болған Нұржан Әшiмбетовтi қой­ды. Оның орнына көпшiлiкке танылмаған Бауыржан Касеновтi тағайындады.
12 сәуір 2016
Былтырғы тасқынның дауы бiтпей жатқанда...

Жыл сайын көктемде келетiн бiр апталық су тасқыны – бiр жылға жетерлiк әбiгерге салып кетедi. Былтырғы жылы Ақмола облысының Целиноград, Атбасар аудандарында жүздеген отбасы баспанасыз қалған едi. Биылғы жылы да солтүстiк аймақтарда осы жағдай қайталанып жатыр. Қазiр Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тайынша, Аққайың, Шал ақын, Есiл аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

7 сәуір 2016
Миллиардтар суға ақты. Ақтөбе көшелерi қазан шұңқырға айналды

Қар ерiсiмен қазан шұңқырлар мен батпаққа айналған Ақтөбе қаласының көшелерiн осы жылы мердiгерлер қайта жөндеп шығады. Өйтпеген жағдайда бұл мекемелер жол жөндеу жұмыстарына   қатыстырылмайды. Осылай деп шешкен облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев жолды қабылдау комиссиясы құрылатынын да ескерттi. Қала әкiмi Бекбол Сағын бюджеттен 100 миллион теңгенi шұғыл қарастырып

31 наурыз 2016

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов таяуда үлкен кадрлық ауыс-түйіс жасады. Облысты басқарғанына сегізінші айға сырғыған әкім жаңа қызметке келгелі дәл мұншалықты топырлатып тағайындау жасаған жоқ еді. Бір күнде жеті басқарманың басшысын құтты орнына қондырды, араға бір күн салып, өзінің көмекшілері, аппаратындағы бөлім басшылары арасында жаңартулар жасады.

31 наурыз 2016
Жол құрылысына қатысты тағы бiр шу шығуы мүмкiн
Бiздегi дағды бойынша, әр жыл сайын, “аса iрi көлемде мемлекет қаржысын ұрлаған” деген айыппен жер-көктi шулатқан қылмысты iстер қозғалып жатады. Бұған халықтың да бойы үйренiп алған, биыл кiмдi қолға алады екен деп тосып отырады. Билiктiң де бетi бүлк етпейдi. Себебi, қылмысты жасайтын өздерi. Сондықтан ұялдың не, ұялмадың не...
29 наурыз 2016
ӘКIМДЕР АУЫСҚАНЫМЕН, ЕЛДЕ ӨЗГЕРIС БОЛА ҚОЯР МА ЕКЕН?
Наурыздың 25-i күнi Павлодарға премьер-министр К.Мә­сiмов пен президент аппаратының жетекшiсi Н.Нығматуллин келiп, өңiрдiң жаңа басшысы Болат Бақауовты тағына отырғызып кеттi. Бұған дейiн облысты 2 жыл 4 айдай бас­қарған Қанат Бозымбаевтың энергетика министрлiгiн бас­қаруға баратыны мәлiм болып қалды. Бiр қызығы, “Бозымбаев кетедi екен” деген әңгiме өткенде Ертiс өңiрiне Н.Назарбаев арнайы сапармен келгенде шығып едi. Дегенмен, президент саяси науқанның
29 наурыз 2016
Бiр Құдай сақтады!

Қызылорда қаласынан ұшып шыққан “Фоккер-100” ұшағы наурыздың 27-сiнде Астана әуежайына апатты жағдайда, алдыңғы шассисiз қонды. Ұшақтағы жүз он алты жолаушы мен 5 экипаж мүшесiнiң көрер күнi бар екен, бiр Құдай сақтады. Bek Air компаниясының пайдалануындағы ұшақтың экипаж командирi Дмитрий Родин тiлшiлерге 1981 жылдан бергi ұшу тәжiрбиесiнде алдыңғы доңғалағы ашылмай қалған ұшақты бiрiншi рет қондырғанын хабарлады.

17 наурыз 2016

Наурыздың 14-і күні Маңғыстау жұр­ты амал мерекесін қарсы алды. «Амал келді, жыл келді» дескен Маңғыстаудағы әр үйде көл көсір дастарқан жайылды. Жастар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, көрісті. Жылдың басымен құттық­тап, жылдан жылға аман жетейік деген тілек айтты. Бүгінде әркім білетін бұл ұлық күннің мән мағынасын ежіктеп айтып жатудың қажеті шамалы.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»