1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Сәлімовке деген сенімі азайып барады...

Шығыстың әкімі Даниал Ахметовтің соңғы айларда Семейге жиі-жиі ат басын бұра беруі алдағы уақытта қала билігінің ауысатынынан хабар беретін сияқты ма, қалай өзі... Өйткені әр келген сайын қаланың ішкі мәселелерін шешуге тікелей өзі араласып, бәрін қуырып, қабағы түйіліп қайтады. Қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған семейлік атқамінерлер өз жұмыстарына көз жұма

18 мамыр 2017
Шыны зауытын қытайлар соғатын болды

Айласы алпыс атанға жүк болатын қытай инвесторлары ақыры дегендеріне жеткен сияқты. Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауытының болашағына алаңдап, «Сыр елінің «шынысы» шытынап тұр» деген мақала жазған едік. Бұл шыны зауытына қытайлық инвесторлар бұрын да қызығушылық танытқан. Сол кезде Қызылорда облысының

18 мамыр 2017
Президенттің мораторийіне Мақтааралдың соты пысқырып та қарамайды

Былтыр жерді жаппай сату, шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту туралы қабылданған заңға наразылық ретінде Қазақстанның әр өңірінде митингілердің өткені, оның соңы президенттің бұл заңға мораторий жариялауымен аяқталғаны белгілі. «Жас Алаш» газетінің облыстағы тілшілер қосынына жуырда Мақтаарал ауданынан келген Үсен Жақыповтың айтқан арыз-шағымынан

16 мамыр 2017
КАДРЛЫҚ КРИЗИС ПЕ, жоқ, КАДРЛЫҚ БИЗНЕС ПЕ?

Білім министрі болған Ж.Түймебаев білім басқармасының басшысын тағайындай алмай отыр. «Етікші бізге жарымайды» деген мәтел осындайда еске түседі екен. Ғалым-педагог, уақтысында оқытушы, білім және ғылым министрі қызметін атқарып, осы салада өзін реформашыл басшы ретінде танытқан Жансейіт Түймебаев алты айдан бері

16 мамыр 2017
Көкірекбаев Астанаға ауысады-мыс

Қазір Таразда көше тазалаушылар гүл егіп, саябақ, ескерткіш маңын қайта-қайта сыпыруға қызу кірісе бастаса, ел «президент келеді» деп жорамалдай беретін болды. Ал жол бойында құмырсқадай қыбырлап жүрген алқызыл желетке кигендердің өздерінен «Неғып шапқылап жүрсіңдер? Президент келетін болды ма?» деп сұрасаң, «Біз қайдан білейік... «Президент келеді екен» деп қайта сендер шулап

5 мамыр 2017

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов соңғы кездерде Семейге жиі келгіштеп жүр. Келген сайын жаңадан салынып жатқан «Қарағайлы» ықшамауданына соғып, бірер айда Семейдің ешкім танымастай өзгеретініне сендіріп кетеді. Айтуынша, Ертіс өзенінің жағалауы мен Орталық алаң аумағы ерекше ажарланады. Әрине, жақсы жаңалыққа семейліктер қуанады. Дегенмен «Семейді өзгертіп жібермек облыс әкімі ең алдымен

29 сәуір 2017

ПРЕЗИДЕНТ ОҢТҮСТІКТІҢ ДОТАЦИЯҒА ТЕЛМІРІП ОТЫРҒАНЫН ТАҒЫ ҚАЙТАЛАП ЕСКЕРТТІ
– Биыл Шымкент қаласының халқы миллионға жетеді. Осылайша Қазақстанда миллион тұрғыны бар қалалар үшеу болады. Алматы мен Астанадан кейін бұл мәртебені Шымкент иеленеді, – деді бейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында президент Н.Назарбаев. Жалпы, президент оңтүстікке көбіне сәуір айында келеді. Сәуірдің соңында өңірді аралап, бейресми мәліметтерге қарағанда, одан әрі Сарыағаш

27 сәуір 2017

Өңiрлерде Астана жақтан дөй қызмет атқаратын дөкейлер келсе, жергiлiктi шенеунiктер алаөкпе болып шабылатын үрдiс қалыптасқан ғой. Осы әдетке айналған алашапқын олардың мансаптарына қарай тiптi үдей түсетiнi белгiлi. Бұл ретте Әулиеатаның әкімқаралары соңғы күндері әбігерге түсіп тым белсеніп кеткенінен бе, кім білсін, әйтеуір, жергілікті жұртшылық бір-бірінен «кім келе жатыр?» деп сұраса бастады. Алғашында «Сағынтаев келе жатыр» деген сөз тарағанымен,

25 сәуір 2017
Тараздағы Ленин көшесін кімге сақтап отыр?

Қай елде ұлттық нышандар елдi мекендердiң, көшелердiң аттарынан менмұндалап тұрса, сол елдiң еңсесі биік, мерейi үстем, бет-бейнесi айқын. Алайда тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, ұлттық десе ұстамасы бар басшылардың кесірінен қазақ даласында әлі күнге Ленин, Советский, Октябрь деген сықпыттағы елдің еңсесін түсіріп тұрған мың сан көше бар. Кеңестік кезеңде желімдеп жабыстырып тастаған

20 сәуір 2017
Селден кейінгі ақтөбенің көз жасын Сапарбаев құрғата ала ма?

Ақтөбе бұрын-соңды мұндай топан суды көрмеген. Сәуірдің 16-сынан 17-сіне қараған түні Қарғалы, Елек, Жіңішке, Жаман Қарғалы өзендері бір мезгілде тасып, қала шетіндегі барлық үйлерді, өзен жағасындағы саяжайларды басып қалды. Әлеуметтік желілерде «Сапарбаев қайда жүрсе, су сонда жүреді» деген тақырып қызу талқыланып жатқанда, қысқа мерзімдік еңбек демалысында жүрген Бердібек Сапарбаев дереу оралып, сол күні резеңке етік киіп, балшық кешіп, Махамбет ауылы мен «Шығыс» базарының артындағы саяжайды шолып шықты.
Бірер күн бұрын ғана жайылма деңгейінен қауіптеніп, ұйқысыз жүрген жұрт топан су ентелеп келіп қалғанда үлгергені құжаттары мен ауыстырар киімдерін алып,

20 сәуір 2017

ЕНДІ СОЛТҮСТІКТЕГІЛЕР СЫРТ ҚАЛМАСЫН
Отанымызда бірер жылдан бері қолға алынып жатқан оңтайлы бағдарламалардың бірі – оңтүстіктегі қандастарымызды солтүстік өңірлерге қоныстандыру. Егер біздегі үйреншікті дағдымен аяқсыз қалып қойып жүрмесе, мұның қоғам тірлігі үшін аса қажеттілігі айтпаса да белгілі. Біріншіден, халқы өте тығыз орналасқан оңтүстік өлке әлеуметтік жағынан біраз жеңілденіп қалар еді. Екіншіден

18 сәуір 2017
«Тас-түйін дайындық» тасқын суға ағып кетті

Баяғының адамдары «Су аққан жерімен ағады» дегенді бекер айтпаған екен. Арада жүз жыл, қаншама ұзақ уақыт өтсе де, жайбарақат ағып жатқан өзеннің өзі кемерінен асып, ескі арнасын іздеп, жазыққа жайылып, жолына көлденең тұрғанды бұзып-жарып өтіп, сарқырап таситыны рас болды. Міне, қаншама күннен бері елімізде тасқын су жұртты әбігерге салып, біраз ауыл-аймақты басып, қырға үдере көшуге мәжбүр етті. Әрине, жергілікті әкімдіктер «Апат айтып келмейді» деп, су тасқынының аяқастынан болғанын айтып ақталып

13 сәуір 2017

Жамбыл облысының жартысына жуығын, нақты айтсақ, 44 пайызын алып жатқан Мойынқұм ауданы – жыр алыбы Жамбылдың кiндiк қаны тамған, Шәмшi әнiн арнаған, қойны аң-құсқа, қойнауы қазынаға толы құт мекен. Бiрақ бiр қиыры Бетпақтың белiмен, бiр шетi Балқаш көлiмен

6 сәуір 2017
Түймебаев шаруаларды біріктіруге жанталасып жатыр

Танымал актер Туканың, Нұржан Төлендиевтің «Шаншарда» жүрген кезіндегі «ауыл деген жақсы ғой...» дейтін депутат-кейіпкерінің сөзі елдің есінде шығар. Иә, ауыл деген, расында да, жақсы ғой. Ауыл деген – құт-береке. Ауыл деген – айран-сүт, ет пен астық, тері мен жүн. Ауыл дегеніңіз – түптеп келгенде байлық қой. Ауыл дегенде атқамінерлер жаман сөз айтпайды. Бірақ одан ауыл жақсы болып жатыр ма? Ауылдағы байлықтың кәдеге аспай жатқаны да шындық. Кәдеге асыра алмай жатқан,

5 сәуір 2017

Жамбылда қыстың көбесі сөгіліп, күн күрт жылынғанда төтенше жағдайға жауапты басшылар аспаннан түскендей абдырап қалатыны қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Табиғаттың тосын мінезі тентектік танытып, өңірдегі бірнеше ауылда су тасқыны болып, сел жүргенде жоғары жаққа «бәрі қанттай» деп есеп беріп келген тиісті басшылардың селқостығы

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»