1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
14 ақпан 2017

Президенттiң жарлығымен жылда өткiзу мiндеттелген әкiм есебi — жиналған жұртшылықтың жүйкесiн жүндей түтiп, төзiмдiлiгiн тексерудiң таптырмайтын тәсiлi. Кейде соны елдiң мұң-зары екшелетiн жиын емес, әкiмнiң мерейтойы ма деп қаласың?! Есептiң мәтiнi жарты айдай бұрын жергiлiктi газетте екi тiлде бiрдей жарияланғаннан кейiн әкiм бiрден iске көшiп, кездесуге келгеннiң пiкiрiн тыңдаудың орнына, оны-мұны мыжып бiр сағат мiнберде

9 ақпан 2017
Әкiм не дейдi, халық не дейдi?

Ақтөбе қаласынан 55 шақырым Тассай ауылына боранды күнi бес сағатта әзер жеткенде, облыс жолдарына тiкелей жауапты шенеунiк Аязбай Османғалиев бiрiншi болып таяқ жейтiн болар деп ойладық. Осы ауданды ол 4-5 жыл басқарған. Аты дүркiреп шыққан. Әлi күнге дейiн Хромтау десе Аязбай, Аязбай десе Хромтау еске түседi. Бiздiң қолымыздағы жазбаша шағымдарға қарағанда, әкiм болған жылдары

31 қаңтар 2017

Шекара сызығында орналасқан ауылдарда саусақпен санарлықтай ғана адам тұрып жатыр. Аумағы атшаптырым, бiрақ адамы аз осындай ауылдардың бiрi – Мәртөк ауданының Хазiретi ауылдық округi. Бұл елдi мекен РФ Орынбор облысы Қуандық ауданының ең шеткi бөлiмшесiнен 4 шақырым ғана жерде. XVIII ғасырда Әбiлқайыр ханның бәйбiшесi Бопай ханымның әкесi Қуандықтың жаз жайлауы болғандығының куәсiндей жер атауын орыстар

31 қаңтар 2017

Өткенде ratel.kz сайты “Жиырма мың павлодарлық Қазақстан азаматтығын алудан бас тартты” деген тақырыппен мақала жариялап, аяқ астынан әжептәуiр шуға себеп болды. Қазақстандағы ақпараттық саясатты жасауға әдеттенген орыстiлдi басылымдардың бетiнде селт еткiзер бiрдеңе жариялана қалса, осылай дүрлiгемiз. Ал қазақша не жазып жатсаң да, ешкiмнiң шаруасы жоқ сияқты... “20 мың адам Қазақстан азаматтығынан бас

31 қаңтар 2017

Өткен аптада Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында депутаттардың бiрауыздан қабылдаған шешiмiмен 25 адамға «Облыстың құрметтi азаматы» атағы берiлдi. Мұндай марапатқа кандидаттарды ұсыну, құжат рәсiмдеу жұмыстарының былтырғы жылдың соңында, Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында жүргiзiлгенiн ескерсек, құрметтiлердiң қатарын 25-ке толтырудың сыры түсiнiктi, әрине. Бiрақ бұрын-соңды

24 қаңтар 2017

Байғанин ауданының әкiмi Мамырғали Аққағазов пен Мәртөк ауданының әкiмi Нұржауған Қалауов өткен жыл бойынша ең нашар жұмыс iстеген әкiмдер деп танылды. М.Аққағазов жол салуға берiлген мемлекет қаржысын игермесе, Н.Қалауов апатты жағдайдағы мектептер санын жасырған. 40 жыл бойы жерасты сынағы жүргiзiлген, облыстан 350 шақырым қашықтағы Байғанин ауданы жол қаражатына аса мұқтаж болса да, бөлiнген қаржының игерiлмеу себебiн М.Аққағазов түсiндiре алмады. Құлайын деп тұрған мектептiң жартысын құлыптап, есiгiн тiреп,

24 қаңтар 2017

...Әттең-ай, дәл осы шараны Жетiсай қаласының әкiмi Байдуалы Базарбаев Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында өткiзгенде тiптен қатып кетер ме едi? 25 жылдықта аудан, қала әкiмдiктерi онсыз да мағынасыз шараларды күн сайын топырлатып өткiзiп жатты ғой. Ана ауданда 25 игi iс-шара, мына ауданда 25 акция өттi, тағы бiр ауданда әкiм мен депутаттар 25 түп көшет ектi, 25 оқушыға сыйлық тапсырды. Оған қарағанда

10 қаңтар 2017

Жаңа жылдың тура табалдырығында тұрғанда, 2016 жылы 30 желтоқсанда жезқазғандық “Дидар” телеарнасы сатылып кеттi. Бұған ұжым қарсы. Неге? Жекешелендiрiлiп жатқан жалғыз жезқазғандық телеарна ма? ҚР үкiметiнiң 2015 жылғы 30 желтоқсандағы “2016-2020 жылдарға арналған жекешелендiрудiң кейбiр мәселесi туралы” №1141 қаулысына сәйкес, бәсекелестiк ортаға шығару көзделген коммуналдық меншiктегi мекеме тiзiмiнде бiрқатар аймақтық БАҚ та бар. Қазақстан бойынша ұзын-ырғасы — 30, оның 18-i Қарағанды облысына

10 қаңтар 2017

ОБЛЫС ӘКIМIНIҢ НИЕТI ТҮЗУ ЕКЕН

Аймақққа жаңа басшы келген сайын жақсы жаңалық, оң өзгерiстер күтедi ел. Әсiресе, туған тiлiмiз бен рухани санамыз мешеулеу қалған солтүстiк өңiр үшiн бiр сiлкiнiс керек-ақ. Бiрақ турасын айтайық, осыны қолға алайын, дұрыс жолға қояйын деген басшыны әлi көзiмiз көрген жоқ едi. Бұл туралы әңгiме қозғай қалсаң жергiлiктi атқарушы билiк: “Қазақ тiлiндегi облыстық газет бар, “Найзатас” әдеби журналы екi тiлде шығады, қаламгер қауым жыл

10 қаңтар 2017

9 қаңтарда Шымкентте әлдекiмдер атысып, соның салдарынан өрiмдей жас жiгiт қаза тапты.
Оқиға қала орталығындағы “Кәмшат” кафесiнде болған. Бiр үстелдiң басында отырған бiрнеше жiгiт, ащы судың кесiрi шығар, өзара дауласып, оның соңы төбелеске ұласқан. Төбелес қызған кезде жiгiттердiң бiрi отты қаруын шығарып, ата бастапты. Қарудан кемiнде жетi мәрте оқ атылған. Оқиға орнына жедел жәрдем

5 қаңтар 2017

2016 жылы өңiрде елдi ғана емес, халықаралық кеңiстiктi де дүрлiктiрген атышулы оқиғалар орын алды. Әйтеуiр, Шымкент лаңкестiк актiлерден дiн-аман. Қазiргi заманда осының өзiн жақсылыққа балауға боларлық халге жеттiк. Есесiне, шымкенттiк атышулы кәсiпкер Тоқтар Төлешовтiң мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болған деп айыпталуы “айды аспанға шығарып” бәрiн басып озды. Бұл облыстық деңгейден асып республикалық, тiптi халықаралық ауқымда кеңiнен талқыланған тақырыпқа кiретiндiктен өңiрдегi оқиғалардың

29 желтоқсан 2016

Мешiн жылындағы Ақтөбе облысы жұртшылығын елеңдеткен оқиғалар – 30 сәуiрдегi Жер митингiсi және 5 маусымдағы террорлық акт. Атырауда, Ақтөбеде, Алматыда, Семей мен Қызылордада болған жер митингiлерi қазақ билiгiне қоғамдағы қарсылықты көңiл-күйдiң жалпыхалықтық сипатқа ауыса бастағанын айқын көрсеттi. Ал 5 маусымдағы 27 қылмыскердiң екi қару-жарақ дүкенi мен Ұлттық гвардияға шабуылынан соң елiмiзде террорлық акт болғанын ресми билiк бiрiншi рет мойындады. Ақтөбедегi теракт қазақ халқының билiктiң Қытайға жер саудасына қатысты қарсылығын басқа арнаға бұрып жiбердi. Мешiннiң дүрмегi ретiнде есте қалатын бұл екi оқиғаның

21 желтоқсан 2016
Баянауылдың бағы жанар ма екен?

Кейiнгi жылдары биiк мiнбелерден айтылып келе жатқан мәселелердiң бiрi – ел iшiнде туристiк кластердi дамыту. Басқасын айтпағанда, мұның мемлекет үшiн екi маңызы бар. Бiрiншiсi – ол тұрақты табыс көзi болса, екiншiсi – туристiк бизнес арқылы Қазақстан сыртқы елдерге танылмақ. Айталық, дүниежүзiнiң кез келген адамы Сейшель, Канар т.б. мұхит төсiнде орналасқан шағын аралдарды жатқа бiледi де, қайсыбiр iргелi мемлекеттер туралы

19 желтоқсан 2016
ОДАН  “ҚОСЫНДЫ ӨЗГЕРМЕЙТIНIНБАСТАУЫШТЫҢ БАЛАСЫ БIЛЕДI.
БIЛМЕЙТIН — “ҚАЗАҚМЫСТЫҢБАСШЫЛЫҒЫ. НЕГЕ?
Сұраққа жауап бермес бұрын сәл шегiнiс жасайық. “Қазақмысқа” қарасты жастар одағының төрағасы С.Тысевич қазақ тiлдi газеттi қорлаудың “классикалық үлгiсiн” қалай көрсеткенiн бiз бiрнеше рет жаздық: “Тысевич қазақша газетке қырғидай тидi” (13 мамыр 2015ж.), “Қазақмысқа” керегi – қазақтың кенi...” (26 қараша 2015ж.). “Құдiреттi “Қазақмыс” прокуратураңа пысқырмайды” (12 қараша 2015ж.) деп “ДАТ”-та дабылдатты.

 

14 желтоқсан 2016
Абыройсыздық аяқ астынан ал оған кiмдi кiнәлаймыз?

 “АрселорМитталТемiртаудың” күрделi жөндеуден өткен №4 домна пешi Нұрсұлтан Назарбаев телекөпiр арқылы тұсауын кескеннен соң артқа тәулiк тастап, қайта тоқтады. Бұл оқыс оқиға 8 желтоқсанда түнгi сағат оннан бiр минут өткенде орын алды. “Шатақ” шойын таситын шөмiштен шыққан. Компанияның баспасөз қызметi таратқан дерекке сенсек: “Домнаны жаңғырту мен экологиялық жабдықты жөндеуге 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жаңғыртылған домна пешi ТМД елдерiнiң бiрде-бiр металлургиялық кәсiпорнында

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»