1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
14 желтоқсан 2016
Абыройсыздық аяқ астынан ал оған кiмдi кiнәлаймыз?

 “АрселорМитталТемiртаудың” күрделi жөндеуден өткен №4 домна пешi Нұрсұлтан Назарбаев телекөпiр арқылы тұсауын кескеннен соң артқа тәулiк тастап, қайта тоқтады. Бұл оқыс оқиға 8 желтоқсанда түнгi сағат оннан бiр минут өткенде орын алды. “Шатақ” шойын таситын шөмiштен шыққан. Компанияның баспасөз қызметi таратқан дерекке сенсек: “Домнаны жаңғырту мен экологиялық жабдықты жөндеуге 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жаңғыртылған домна пешi ТМД елдерiнiң бiрде-бiр металлургиялық кәсiпорнында

13 желтоқсан 2016
Өткенде 365 info.kz порталы BNews.kz сайтына сiлтеме жасап, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында, ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай, табандатқан 57 көшенiң атауы қазақшаланады деп хабарлаған. Шынын айтқанда, осы жаңалық қанша жағымды естiлгенiмен, оған нанар-нанбасымызды бiлмедiк. Себебi, жуырда ғана Қызылжар қаласында көше атауларын өзгертуге байланысты өткен қалалық мәслихаттың жиынында кейбiреулердiң оған барынша қарсы болғанын
13 желтоқсан 2016
 Жуырда Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев­тың өкiмiмен Тiлеухан Әбiл­даев денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы болып тағайындалды. Осылайша сегiз айдан берi бос тұрған жауапты орынға бас ие табылды. Айта кетейiк, Тiлеухан Шiл­дебайұлы бұл қызметке осымен екiншi мәрте тағайындалып отыр. Ендi сәл-пәл шегiнiс жасап көрейiк, сәуiрде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Ерлан Масалимовтың екi орынбасары және екi бөлiм басшысымен, яғни бiр басқармадағы бес бiрдей адам пара
13 желтоқсан 2016
Пассионарлар қайдан шығады?
Қазақстандағы қазақы облыстардың iшiндегi ең iрiсi, әрине, Оңтүстiк Қазақстан облысы. Құлдық, бодандық санадан ада-гүде арылып бiткен жоқпыз ғой, бiздiң кейбiр бейбақтар “қазақы облыс” дегендi әлi күнге дейiн “артта қалған облыс” деп түсiнедi. Шынында да, “қазақы облыс” деген не өзi? “Қазақтың қаймағы бұзылмаған өлке” деген сөз. “Қазақтың қаймағы бұ­зыл­маған өлке” деген не сөз? Ұлттың алтын қоры, ұлттың ертеңi, ұлттың болашағы деген сөз. Ұлттың жыртығын бүтiндеп, ұлттың кем-кетiгiн толтырып, ұлттың қара қазанын ортайтпай
7 желтоқсан 2016

Алақандай ауылдың әкiмi Серiк Әбжановтың сөзi “сұй­ық”, шаруасы шалағай. Осы қызметтiң “құлағын” ұстаған үш жылда тындырғаны шамалы. Ауыл азып ба­ра­ды. “Байқоңыр” бұрынғы барынан айырылып қалды. Оның қандай әкiм еке­нiн аудан басшылығы да бiледi екен. “Қазақ хандығының мерейтойына орай ауданда ең iрi шара өткен “Бұланты” Серiк басқаратын ауылдық округтың аумағында. Соған шалағай дайындалып, берiлген тапсырмаға атүстi қарап, қонақтардың алдында ұятқа қалдыра жаздады. Қайта өзiмiздiң қосымша қамданғанымыз

5 желтоқсан 2016
Қараусыз қалған кенiш 30 гектар жердi ластады

Атырау облысының Құрманғазы ауданында қараусыз қал­ған екi ұңғымадан мұнай төгiлiп, 30 га жердi ластаған. Мұнай жерасты сулары тұратын қабатқа дейiн сiңiп кеткен. Күмiсбек ауылында жергiлiктi ауқымдағы техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. “Көлжан-Ойл” ЖШС-ға тиесiлi ұңғыма аудан орталығынан 60 шақырымда орналасқан. Серiктестiк Күмiсбек кенiшiнде мұнай өндiрудi 2004 жылы бастаған. 3 жыл бұрын белгiсiз себептермен жұмысын тоқтатқан компания кенiштегi 6 ұңғыманы және мұнай өнiмдерi

30 қараша 2016
Алтын өндiретiн зауыт салынбақ
МҰНЫ ҚОРДАЙДА ТУЫП, ГЕРМАНИЯДА ШЫҢДАЛҒАН НЕМIС БИЗНЕСМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚШЫ 
Жыл сайын Жамбыл облысы индустриялық әлеуетiн арттырып келедi. Жергiлiктi өндiрiстi дамытуда инвестицияны тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасалуда. Жуырда өткен “Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016” халықаралық инвестициялық форумы да өнеркәсiптiк және химиялық-технологиялық өндiрiс саласындағы әрiптестiк қатынасты нығайтуға жасалған кезектi қадамның бiрi. Агрохимиялық саланы дамыту мен инвестиция тарту мәселелерiне арналған “Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016” инвестициялық форумы барысында жалпы -120 млрд теңге болатын 12 меморандумға қол қойылды. Форумға Алматы облысының, Таразбен бауырлас қалалардың басшылары,
30 қараша 2016
“ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ” ҚОРЫНЫҢ МАҚСАТЫ ПРЕЗИДЕНТТI ҒАНА ДӘРIПТЕУ МЕ?
Бұл тақырып бұрын да қозғалған. “Шымкентте президент Назарбаевқа ескерт­кiш қойылады” деген әңгiме соңғы 4-5 жылдың көлемiнде айтылып келе жатыр. Ес­керткiштi алтыннан жасау туралы ұсынысты кезiнде “Жас Алаш” газетiне берген сұхбатында “Қазақ хандығы” қорының президентi Камалидин Дулатов мәлiмдеген едi. Парламенттегi депутаттар Астанаға Н.Назарбаевтың атын беремiз деп, арнайы декларация
29 қараша 2016
Қыста еккен көшет көктей ме?

Биыл Оңтүстiкке қыс ер­те түстi. Күнтiзбедегi мер­зiм әлi күз деме­се­ңiз, нағыз қақаған қыстың өзi. Күндiз­дiң өзiнде температура облыс орталығы Шымкентте -10-12 градусты көрсетiп тұр. Қазгидро­мет­тiң болжамына қарағанда алдағы күндерi де күн жылымайды. Жалпы мамандар биылғы қыс қар­лы әрi боранды болады деп болжап отыр. Осындай аязда жер­гiлiктi әкiмдер жаппай көшет егу жұмыстарын жүргiзiп жатыр.

29 қараша 2016
Ел арасында “Елбасы қаласы” атанған Темiртаудың тағдыры қыл үстiнде. Қыс басталмай жатып апшыны қуырған Арқаның ызғары қысып барады. Тоңазытқышқа бергiсiз пәтерде бүрсеңдеген тұрғынның тiлегi — тезiрек жылуға жету.
Биыл ақпанның аяғында жұртшылық алдында есеп берген облыс әкiмi Нұр­мұхамбет Әбдiбековтiң айтқаны еске түсiп отыр. Темiртаулықтардың төзiмдi­лiгiне таң-тамаша
29 қараша 2016

Көше атауларын өзгерту туралы Қызылжар (Петропавл) қалалық маслихатында өткен отырыстың бейнежазбасы ғаламтор арқылы көптеген әлеуметтiк желiлерге тарап, оны жүздеген мың адамдар қарағанының куәсi болдық. Мәслихаттағы отырысқа себеп бол­ған жоғарыда айтылғандай, қаладағы бiрнеше көшелер­дiң атауын өзгерту туралы мәселе. Оған бастамашы болып жүрген – жергiлiктi ақсақалдар кеңесi. Аталмыш бейнежазбаны көргендердiң есiнде

24 қараша 2016

Нарынқол өңiрi – таланттардың тал бесiгi. Хан Тәңiрi шыңындай биiк те алыстан жарқырай көрiнетiн тұлғалар баршылық мұнда. Бұрынғыларын қозғамай-ақ, кейiнгiлерiн еске алсақ, соның өзi тiзiмдi бiраз жерге апарады. Қазақ әдебиетiнiң классигi, есiмi ел шебiнен алыс­қа ұзап кеткен жазушы Бердiбек Соқпақбаев. Даңқты ақын, өлеңдерi әнге айналып, миллион қазақтың жүрегiн баураған Мұқағали Мақатаев. Қазақтың көрнектi жазушысы, әйгiлi драматург, публицист, кiтап­тары мен қойы­лымдары сан тiлге аударылған

22 қараша 2016
Қыс басталысымен қиналдық...
Күннiң күрт суытатыны жөнiндегi болжам шындыққа айналды. Қарашаның ортасынан бастап жауып, бiр­неше күн бойы толастамаған қалың қар жұртты айтарлықтай әуре-сарсаңға салды.
Осы күндерi елiмiздiң солтүстiк өңiрлерiндегi ауа температурасы 39-40 градусқа дейiн төмендедi. Қатынастың қиындауына орай, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды облыстарында бiрқатар жолдар жабылды. Көк тайғақ пен бұрқасынның салдарынан жол-көлiк апаттары жиiледi. Мәселен, Қызылорда-Павлодар трассасында жергiлiктi құтқарушылар жыраға түсiп кеткен шағын автобусты әупiрiмдеп әзер
14 қараша 2016

Бүгiнгi қоғам тiрлiгiне саналы көзбен қарап, ұлт­тық құндылықтарға, оның iшiнде қазақ тiлiндегi басылымдарға барынша қолдау жасап жүрген қадау-қадау адамдар бар. Солардың бiрi – Баянауыл ауданының құрметтi азаматы, сол жер­дегi “Ақсақалдар алқасы” кеңесiнiң төрағасы Мұрат Рахметов. Сонау, коммунистiк пар­тияның туы аспанға жел­бiреп тұрған жетпiсiншi жылдардың өзiнде Мұрат Дүйсенбайұлы совхоз бас­қара жүрiп, Мәшһүр-Жүсiп бабамыздың тұңғыш мұражайын ашып, зират-үйiн қайтадан қалпына келтiруге ұйытқы болған екен. Бұндай әрекет үшiн ол кезде қыз­метiңнен қуылып, партиялық билетiңнен айырылу оп-оңай едi. Соны бiле-тұра тәуекелге барған. Сексенiншi жылдардың аяғында Алаш әдебиетiнiң айбозы Жү­сiпбек Аймауытов ақталар-ақталмастан, оның туған жерi Қараның адырына ескерткiш-тас апарып орнат­қан тағы да осы Мұрат аға. Бұл да компартияның би­лiкте тұрған уақыты болатын. Елiмiз тәуелсiздiк алғанымен, ел-жұрт әлi де мұ­сылманшылыққа үрке қарап тұрған

3 қараша 2016
Жылқы – қазақтан,  қазақ – жылқыдан жерiп кеткен жоқ па екен?
“Қазақ малдың жайын жетiк бiледi”, “Мал бақса, қазақ бақсын!” деген қолпаш сөздердi жиi еститiнiмiз де рас. Бiрақ...
Кеңес заманы кезiнде ерiк берiлмегенi де рас, ал ендi қазiр қанша қой, қанша жылқы, қанша сиыр өсiрсең де – өз еркiң емес пе?! Солай бола тұрса да, мыңғыртып мал айдап жүрген қазақты көрмедiм.
 
“Қарабайдың 90 мың жылқысы...” Бұрын мен мұны “Қозы көрпеш – Баян сұлуда”, яғни халық эпостарында көбейтiп, шамадан тыс өсiрiп айтатын “мыңдар” ғой деп ойлайтынмын. Ал ендi тарихи деректер не дейдi? Ежелгi түрiк байларында 85 мың жылқы, 60 мың жылқы, 55 мың жылқы болғанын тарихшылар растап отыр. Жарайды, әрi­ге бармай-ақ қояйық. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнiң қарсаңын
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»