Мереке хикаялары
«Қазақта айран көп, орыста мейрам көп» десек те, қазiргi қазақтар ұлы iстердi осындай мерекелерге жоспарлап тастайды ғой. 8 наурыз – екi жасты таныстыруға, қол ұстатуға таптырмайтын мереке. Осы мерекеде танысып, түсiнiсiп, шаңырақ құрған жандар арамызда өте көп. Солардың бiрi – Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Шәуiлдiрде тұратын Төпен Әмiрбек ағамыз. Төпен ағамыздың әскерден келiп, ауданда жұмыс iстеп жүргенiне 2-3 жыл уақыт болып қалған кезi екен. Апамыз Төпендi аяқтандырмақ ниетте Шаяндағы бiр сiңлiсiне телефон шалыпты.
Анам – он төрт құрсақ көтерген адам. Соның он екiсi, Құдайға тәуба, аман-есенбiз. Барлығы да жоғары оқу орнын бiтiрген. Қазiр республикамыздың түкпiр-түкпiрiнде жұмыстарын iстеп, немере-шөберелерiнiң қызығын көрiп отыр. Мен он үш жасыма дейiн атамның көршi ауылда тұратын Жұмаш деген бауырының қолында тәрбиелендiм. Жұмаш атам соғыстан оралмады. Ұлы Жаншен балалы-шағалы болған соң, он үш жасымда өз ата-анамның қолына келдiм. «Сенi алып кеткеннен кейiн әкең Мәсұғұт күнде атқа мiнiп үйге келетiн. «Жай жүрсiң бе?» – деймiн түк бiлмегендей. Өзi сонда 21 жаста едi.
– Қызым қазақ мектебiнiң оқушысы. Жасы – 14-те. Кейiнгi кезде сыныптас қызының үйiне қонуға жиi сұранғыштап жүр. Екi рет жiбердiм. Соңғы рет жiбермей қойған едiм, түнiмен жылап, келесi күнi қырсығып, сабаққа да бармай қойды. Әкесi сөйлескеннен соң маған өкпелегенiн қойды. Тағы бiр күнi осы жағдай қайталанса, не iстеуiм керек? Жiбермей қойсам, «қызым менен суып кете ме?» деп қорқамын.
«Менiң әпкемдi күйеуi бес баласымен тастап кеттi. Ол кезде екеуi де 40-та едi. Үлкендердiң ақыл-кеңесiне жездем құлақ асқан жоқ. Екiншi әйелiмен араларында 15 жас айырмашылық бар. Одан да екi бала сүйдi. Алдыңғы балалары қазiр ер жеттi. Оларға жәрдемдесiп тұрады. Тек әпкем ауру болып қалды. Күйеуiнiң сатқындығын көтере алмаған тәрiздi», – дедi Алтынай. Мұны неге айтып отырмыз? Бұл таңсық жайт емес қой. Бүгiн үй болып, ертең екi жаққа кетiсiп жатқандар жайлы айтып та, жазып та ешкiмдi таңғалдыра алмайтын болдық емес пе мына заманда.
Жамбыл облысында өткен жылы 30 мыңға жуық сәби жарық дүние есiгiн ашыпты. Ресми мәлiметтерге қарағанда, осы сәбилердiң 70 пайызы – өзiмiздiң қаракөздер. Әрине, Жамбыл облысы қазақ ұлты көп қоныстанған аймақ, осының да әсерi бар екенi анық. Ал бiр отбасындағы балалар санының көптiгi жағынан келгенде дүнген, ұйғыр, өзбек, түрiк, күрд әйелдерi дес бермей тұр.
Бiз мектеп табалдырығын 1986 жылы аттаған түлектермiз. Дүние астаң-кестең болып, алып империяның алқынып тұрған кезi. Кеңес өкiметiнiң қауқары кете бастағанымен, iргемiзге сүйреп әкелiп тастаған коммунизмнiң шет жағасын бiз де көрiп қалдық. Түске дейiн сабағымызды оқимыз, түстен кейiн бiр уақ ұйықтаймыз, екi уақ берiлетiн тамағы тағы бар. Оның үстiне, сол жылы 11 жылдық оқу тәжiрибесiн енгiзген-дi. Бiзге дейiнгiлер сыныптан-сыныпқа “аттап-пұттап” бiтiре салды. Ал бiз 11 жылды толық оқып шыққан алғашқы буын болдық...
Алматыдағы орталық мешiттiң маңынан әр өткен сайын қайыр сұрап отырған қазақ келiншекке көзiм түседi. Қасында өрiмдей қаракөз қызы мен ұлы бар. Қайыршылыққа олар да әбден үйренiп алған, қастарынан өте қалсаң болғаны, көздерiн жәудiретiп, қолдарын жая қояды. Ежелден ата кәсiбi саналатын тәжiк келiншектерi жас сәбилерiн емiзе жүрiп қайыр сұрап жүре бередi. Оған ешкiм таңғала да қоймайды. Бiрақ, ұлын ұлықтап, қызын үкiлеп өсiрген қазаққа бұл тiптен жат.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, тұмау жыл сайын 250-500 мың адамның өмiрiн жалмайтын көрiнедi. Бұл ауру, әсiресе, 2 жасқа дейiнгi сәбилер мен жасы 65-тен асқан қариялар үшiн қауiптi. Тұмаудың алдын алудың бiрден-бiр жолы – оған қарсы вакцина ектiру. Тұмауға қарсы вакцина қаншалықты тиiмдi? Оның керi әсерi бар ма? Оны қай уақытқа дейiн ектiрген дұрыс? Осы сұрақтарды вакцина клиникасының меңгерушiсi Татьяна Носковаға қойдық.
НЕМЕСЕ КЕЙ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ МӘНI.
Ол кезде сiз бала болатынсыз. Алматыдан әпкеңiз келдi. Ести салып үйге қарай құйын-перен ұшасыз! “Әпкем келдi-i-i-i!!!” деп айғайлап. Әжеңiз алдыңыздан шығып қап: “Тек! Жаман ырым бастағаны несi?! Үйге айғайлап, жүгiрiп келушi ме едi?” – деп тыйып тастайды. “Неге?” – дейсiз төргi үйге ұшып бара жатып, “Жаман болады!” деген жауапты құлағыңыз шалып қалады.
Тағы да бала кезiңiз. Еркелiктiң неше түрiн жасайсыз
ҚР Бас прокуроры Қ.Мәми, ҚР Денсаулық сақтау министрi Ж.Досқалиев мырзалардың назарына.
Күз айы. Осы мезгiлде тұмау, баспа, тамақ ауруы жиiлеп кетедi. Әркiм өз бiлгенiнше ем қолданады. Бiрi тұмауға қарсы сарымсақты, пиязды нанға қосып та, қоспай да жеп жатады. Ендi бiрi дәрiгерге бармай-ақ, өзi бiлетiн дәрi-дәрмектi iшiп жүре бередi. Бүкiл әлемдi шошытып отырған A(H1N1) вирусты тұмауы бұлардың ойларына да келмеуi мүмкiн. Шындығына келсек, доңыз тұмауының белгiлерi жай тұмаудың белгiлерiмен бiрдей екен. Бiз бұл жөнiнде Алматы мемлекеттiк дәрiгер¬лер¬дiң бiлiмiн жетiлдiру институтының меңгерушiсi, доцент Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНАН сұраған едiк.
Бұл 1954 жылдың жазында болған оқиға едi. Балдыберектiң арғы бетiнде машинадан түсiп жатқан екеуге ауыл адамдары тұс-тұстан қарап, аңтарылып тұрып қалды. Екеудiң бiрi – орта бойлы толықша келген, сымбатты жас жiгiт те, екiншiсi – шашын желкесiнен қырқып қойған, жiңiшкелеу ақсары қыз. Олар машинадан түсiп, түйiншектерiн арқалаған күйi көпiрден берi өтiп, ауылға беттедi. Осы кезде ересектердiң бiрi: “Ойбай-ау, Үсiп қой, өзiмiздiң Дияшбай атамның баласы”, – деуi мұң екен, жұрт келе жатқан екеуге қарай лап қойды. Өңшең жалаң аяқ балалар оларға жұрттан бұрын жетсе де, тосырқағандай тұрып қалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова ханымға “Үкiмет бiр мезгiл кәрi қыздарға да зер салса екен...” деген тақырыпта хат жолданған болатын (“Жас Алаш”, №62, 4 тамыз, 2009 ж.). Онда автор ауыр болса да өз өмiрiн мысал¬ға алып, сырын ақтарып, бүкiл кәрi қыздардың мұңын шаққан-ды. Кейiннен редакцияға бұл тақырыпта толассыз хаттар келдi, саралап, салмақтысын жарияладық. Телефон арқылы талай пiкiрлер де айтылуда. Бiрақ, Гүлшара Наушақызынан “әу” деген бiрде-бiр жауап болмай тұр. Әйтсе де, бұл тақырыпты қайта қаузап, жан-жақты таразылауды жөн санадық.



