1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 тамыз 2017
Теңізде... ем ізде...

Жаз мезгілін қашанда жақсы өткізгіміз келеді: денсаулығымызды да нығайтып, жаңа әсерлер алып дегендей... Бұл орайда, теңіз суы адам ағзасына өте пайдалы. Себебі ол созылмалы ауруларды емдеуге септігін тигізеді. Тіпті тамақ, көмей бездерінің ісуі, түрлі тері ауруларына да оның шипасы көп. Мұндай демалыстан соң жұқпалы аурулар азаяды, аллергия кетеді, баспа да мазаламайтын болады. Теңіз суы мен пайдалы минералдарға, микроэлементтерге толы ауа – ағзамыздың түрлі жүйесін жақсартуға ықпал етеді. Мәселен...
Йод – қала тұрғындарына жетіспейді, қалқанша безінен гормондардың бөлінуіне әсер етеді және зат алмасуды реттейді.
Бром – жүйке жүйесін тыныштандыруға оңды әсер етеді.
Селен – жағымсыз экологияның әсерінен клеткалардың бұзылуын қорғайды.
Магний – ағзадан қажетсіз сөлдердің бөлінуіне, буын қызметін нығайтуға қажет.
Калий – қан қысымын қалыпқа келтіреді, жүрек-қан тамырлары қызметі үшін маңызды роль атқарады.
Кальций – сүйек құрылысын қатайтады, тіске өте қажетті.
Жүзу кезінде адам денесіне өзіндік массаж жасалады. Ол массаж бұлшық еттерді қатайтып, қан айналымын реттейді. Бұл аналарға де өте пайдалы, өйткені артық салмақ тастауға көмектеседі және терінің қалпын жақсартады. Айтпақшы, судағы массажды қабылдаудың ең оңай тәсілі – толқын соққан таяз суда, жағалауда жату. Сол сияқты құмда жаяу жүру де ішкі органдармен байланысты табандағы рефлекторлы нүктелерінің қалыпқа түсуіне жақсы әсер етеді.

ДЕМАЛЫС ШЫНЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Теңізде балалармен кішкентай күнінен бастап-ақ демалуға болады. Мәселе – тек қашан, қайда және қанша уақытқа демалатыныңызда.
Баяу қимылдар – барлық бұлшық еттерді, жүрек бұлшық еттерінен бастап, балтыр бұлшық еттеріне дейін қатайтады. Теңіздегі су температурасы әдетте адам ағзасының қызуынан төмен болып келеді. Осы қарама-қайшылықтың арқасында жүзу шынығудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
Су температурасының +23–25°С-қа көтерілуі – теңізде жүзудің ең қолайлы сәті. Ал су температурасы +26°С-тан асқанда теңіздегі пайдалы заттар өзінің нәрін жоғалтады екен. Салқын суға сүңгу (+18°С-тан төмен) қатты суықтап қалу қаупін тудырады. Дұрысы, теңіз суына бой үйретуді ең жиі қолданатын шаралардан – сумен ысқылаудан бастаңыз. Суға түспестен бұрын, салқындап, жүзуге күш жинап алу үшін көлеңкеде біраз уақыт отырған абзал.

КҮН СӘУЛЕСІ АСТЫНДА

Дәрігерлер күнге шамадан тыс шығу ересектерге де, балаларға да бірдей зиян екендігіне сенімді. Сондықтан күннен қорғайтын бірқатар құралдар мен тәсілдерді пайдалануға тура келеді.
Есіңізде болсын: құмнан гөрі жағалаудағы үлкен қиыршықты тастарда жатып күйіп кетуіңіздің ықтималдылығы жоғары. Ал денені бірқалыпты күнге күйдіру... көлеңкеде— мәселен, шатырдың астында іске асады.
Алғашқы күндері жағалауда 15–20 минут қана болыңыз.
Міндетті түрде күннен қорғайтын жақпа майды пайдаланыңыз. Әуелі ультракүлгін сәулелерден қорғайтын 40 факторлы, сосын 30 факторлы қорғанысты майын қолданыңыз. Суға түсіп шыққан сайын қайта жағып отырыңыз.
Жағалауда ойнап жүрген балаңыздың мақтадан жасалған жұқа жейдесін, кең жиекті жеңіл қалпағын шешпеңіз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті