1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 тамыз 2017
Гастрит – газды сусыннан

Газдалған тәтті судың калориясы өте жоғары болып келеді. Оның бір литрінде шақпақ қанттың шамамен сегіз түйірі бар.
Сол себепті де аталған сусындарға әуестік шынымен де артық салмақ қосуға себепкер болады. Мұның сыртында көмір қышқылы асқазан сөлінің қышқылдығын арттырып, оны бара-бара тіпті гастритке ұрындыруы мүмкін. Тағы бір зияны, газды сусындардың құрамына кіретін көмірқышқыл газы асқазан бездерін тітіркендіреді. Тәтті сусын сатып алмас бұрын, осы жайттарды есіңізде сақтағаныңыз жөн.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ЗИЯНЫ
Ғылыми деректерге сүйенсек, электромагнитті сәулелену денсаулыққа өте зиян. Оны қатерлі ісік ауруларын қоздыратын механизм деуге болады.
Құлаққа жақын ұсталған мобильді қондырғы тікелей миға, сол сияқты есту мен вестибулярлық анализаторға, көздің тор қабығына әсер етеді. Соңғы зерттеулер нәтижесі адам миында сәулелену әсеріне ұшыраған нүктелердің бар екенін және ауытқу процестерінің өрістеуіне солардың себепкер болатынын көрсеткен.
Бүгінде адамдар ұялы телефонмен сағаттап тұрып сөйлеседі және бұл миға үлкен салмақ түсіреді. Әсіресе жас балалардың миы электромагниттік өріс әсерінен көбірек зардап шегеді. Әрине, кішкентайлардың мобильді телефон ұстауы қауіпсіздік үшін қажет. Бірақ оны пайдалануда белгілі бір шектен аспау керек. Мысалы, баланың неғұрлым хабарлама жазумен шектелгені немесе «мектептен шықтым», «үйдемін» деп қысқа ғана сөйлесуге дағдыланғаны абзал. Сөйлескенде де құлаққа жақын ұстамай, тыңдағыш арқылы байланысуға тырысқан дұрыс.

АЙЫҚПАЙТЫН АУРУ АЗ
Бүгінде әлемдік ғылыми орталықтар ғасыр дертіне айналған айықпас аурулар мен СПИД-ке қарсы вакцина мен дәрі-дәрмек ойлап табуға әрекеттенуде.
Бұл саладағы басты жетістік ретінде ВИЧ-тің өмірлік цикліне араласатын немесе оның көбеюіне тосқауыл болатын антиретровирустық препараттарды айтуға болады. Сонымен қатар қауіпті ісіктің кейбір түрлеріне, мысалы лимфолейкозға, қарсы синтезделген препараттардың шығарылуы да істі айтарлықтай ілгерілетіп отыр. Олардың тиімділігі – 95-98%, сондай-ақ олар ауруды ұзақ жылдарға ұмытуға мүмкіндік береді. Онкологиялық аурудың әмбебап препараты болмайды. Бұл реттегі негізгі үміт әр науқас үшін жеке таңдалып алынатын гендік терапиямен байланысты.
Мамандардың айтуынша, СПИД-ке тосқауыл қоятын вакцина 3-5 жылдан кейін, қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек 10-15 жылда, гепатиттің дәрісі жақын арада табылып қалады деп күтілуде.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар