1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16254) 29 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
29 тамыз 2017
Ажырасса – айыппұл...

Біз, осы, шынымен де ұлтымыздың рухын биік ұстап, ұл-қызымыздың бақытты болғанын, ұрпағымыздың азбауын тілейміз бе? Ендеше, қасаң қағиданы қойып, қатаң талапқа көшуіміз керек. Ойлап көріңізші, ырың-жырың отбасы, қиын бала қайдан шығады? Сөз жоқ, берекесі кеткен, ер қадірі жоғалған, салты мен дәстүрі ысырылған, ұят пен намысты жерлеген жұрттың арасынан шығады. Ал азғындықтың негізгі себебі – ерлі-зайыптылардың ажырасуында жатыр. «Ажырасқан жұптар психологиялық тұрғыдан қиындықтар тудырып қана қоймай, ібілістің көмекшісіне айналып, ел ниетін бұзады» дейді көнекөздер. Яғни ажырасқан әйелге ер адамдардың арам пиғылы үнемі ішінде бұғып жатса, әйелсіз ер адамдар нәпсі жетегіне еріп, жаманаттың кездігін жең ішіне жасырып жүреді. Ендеше, қайтпек керек? Әрине, ажырасуға жол бермеу қажет. Ол үшін, біріншіден, ажырасқан екі жұпқа да мемлекет тарапынан айыппұл салынуы шарт. Сонымен қатар әр баланың жетімдігі үшін де мемлекетке ақша төленсін. «Жалғызбасты ана» деген мәртебе ажырасқандарға берілмесін. Яғни жалғызбасты ана ретінде әлеуметтік көмектерге қол жеткізе алмайтын болсын. Ажырасқан жұптар мемлекеттік қызметке қабылданбасын және мемлекеттік қызметте жүрсе, жұмыстан шеттетілсін. Әсіресе ұлттың бет-бейнесі, мемлекеттің айнасы мен ар-ожданы саналатын ұстаздар қауымы арасында бұл талапты күшейту керек. Өйткені мектеп – білім беріп қана қоятын жер емес, ұлт пен ұрпақтың тәрбие ошағы.
Ақтөбеде өткен бір жиында мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы ажырасқан ұстаздар жайлы: «Маған бір мектептің директоры: «Менің оқушыларымның 45 пайызының әкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы әке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Мұғалімдерімнің дені – әйелдер. Оның 40 пайызы ажырасқан. Анау да жынды, әкесі жоқ, мынау да жынды, байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас» деп айтты. Бұл шындық», – деген болатын. Ал енді осыдан кейін тәрбиеден не үміт, не қайыр? Шынтуайтында, бұл жайт ұстаз қадірінің қашуына, болашақта адам өлтіруден тайынбайтын ұрпақтың қалыптасуына ықпал етпей қоймайды. Толық отбасы балалары психологиясының бұзылуына да себепкер болуы мүмкін. Ал бұл біздің ұлттық менталитет пен мінезімізге сай құбылыс емес. Ашығында, құптай алмаймыз. «Биологиялық тұрғыдағы қажеттіліктер өтелмеген соң, ажырасқан әйелде ашушаңдық пайда болады» дейді мамандар. Мұндай жағдайда әйелдердің ер адамдарға, бір әулетке, тіпті бір руға деген жеккөрініш сезімі туындайды, мінез-құлқы бұзылады. Ал әкесіз өскен балалар неге ашушаң? Бұған мамандар «әкенің мысын сезінбеген және анасының ер адамға деген жеккөрінішін сезініп өскен бала ызақор келеді, ондай балалар мінезінің қиындығына қоса, сындарлы сәтте әлсіздік көрсетеді» деп топшылайды.
Бір өкініштісі, бала тағдырына бейжай қарайтын шаңырақтар жыл сайын артып келеді. Сондықтан ақылға сыймаса да, қатаң заң қабылдап, ажырасқыш болып бара жатқан қоғамға қарсы тұрып, ұрпақ тағдырына қорған болуымыз керек. Әрине, әйелі не күйеуі ішімдікке салынып, есірткіге әуес болып кетсе немесе ерлердің белсіздігі, әйелдің бедеулігі үшін ажырасатындарды түсінуге болады. Ал қалғанының барлығы ақылға қонымсыз. Бұл жүйені шаңырақтың шайқалмауының негізгі себепкері әйелдер көп жұмыс істейтін, білім мен тәрбиенің темірқазығы – мектептен бастаған абзал.


Сәкен АЛДАШБАЕВ
Қызылорда облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
М.Кулбалиев | 30 тамыз 2017 00:44
Толыктай косыламын.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті