1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан (17.8%)
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан (24.3%)
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан (14.4%)
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен (43.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №05 (15463) 19 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Салима ЫСҚАҚОВА
19 қаңтар 2010
Бiздiң Цеткин тәтей

Бiз мектеп табалдырығын 1986 жылы аттаған түлектермiз. Дүние астаң-кестең болып, алып империяның алқынып тұрған кезi. Кеңес өкiметiнiң қауқары кете бастағанымен, iргемiзге сүйреп әкелiп тастаған коммунизмнiң шет жағасын бiз де көрiп қалдық. Түске дейiн сабағымызды оқимыз, түстен кейiн бiр уақ ұйықтаймыз, екi уақ берiлетiн тамағы тағы бар. Оның үстiне, сол жылы 11 жылдық оқу тәжiрибесiн енгiзген-дi. Бiзге дейiнгiлер сыныптан-сыныпқа “аттап-пұттап” бiтiре салды. Ал бiз 11 жылды толық оқып шыққан алғашқы буын болдық...

Алматы облысы Райымбек ауданының Тегiстiк ауылындағы М.Мақатаев атындағы орта мектептi Цеткин Мырзалимова ұзақ жыл басқарды. Дәлiздiң анау басынан Цеткин тәтейдiң төбесi көрiнсе, оқушылар түгiлi мұғалiмдердiң өзi тәспiсiнен жаңылып қалатын. Ширек ғасыр бойы мектеп директоры болып қызмет еткен оқу iсiнiң үздiгi, Еңбек ардагерi Цеткин тәтейiмiз тым қатал, бiрақ әдiлеттi болды. Бiз бастауыш сыныпты тәмамдағанда Цеткин тәтейдiң директорлықтан өз еркiмен кетiп, жай мұғалiм болып жүрген кезi. Бас­тауыш сыныптағы ұстазымыз Бақытгүл тәтейiмiз бiздi жетелеп әкеп, Цеткин тәтейге тапсырды. “Бұдан былай сен­дер­дiң сынып жетекшiлерiң Цеткин тәтей болады” деп. “Ойпыр-ай, атынан ат үркетiн Цеткин тәтей ендi бiздi бiр шыбықпен айдайтын болды-ау” деп қоямыз iштей.
Тәтей бiздi қанаттыға қақ­тырмады, тұмсықтыға шоқыттырмады. Әдетте жоғарғы сынып оқушыларының төменгi сыныптағыларға қоқыраңдап, сес көрсететiн әдетi ғой. Бiз ондай құқайды көргемiз жоқ. Қайта, бiз өзгелерге сес көр­сететiнбiз. Өйткенi, бiз — Цеткин тәтейдiң шәкiрттерiмiз.
Әлi есiмiзде, 1995 жылы тәтейiмiздiң зейнет демалысына шығатынын естiдiк. Көңiл-күй жоқ ешкiмде. Жетiмсiреп қалатындаймыз құдды. Бойжетiп қалған қыздарымыз сықсыңдап жылап, жiгiт боп қалған бiздер түнерiп жүрмiз. Ол кездегi ұстаздар шетiнен психолог едi ғой, Цеткин тәтейiмiз бiздiң не себептi алаңкөңiл болып жүр­генiмiздi бiрден түсiнiптi. Бiр күнi бiздi жинап алып, былай дедi: “Айналайын балаларым, сендердiң не себептi тұнжырап жүргендерiңдi жақсы бiлемiн. Сендер үшiн демалысты қоя тұрамын. Орта жолда жетiмсiре­тiп тастап кеткенiм дұрыс болмас. Сендер мектептi бiтiрген соң бiр-ақ кетемiн демалысқа”.
Қуанышымызда шек болмады сонда. Төбемiз көкке жетiп, бiрiмiздi-бiрiмiз құттықтап жүрмiз. “Ендi қайтер екенсiң­дер?” деп жүргендерге шекемiз­ден қараймыз өзiмiзше.
Бойжеткен мен бозбала болып қалған кезiмiз. Алғашқы махаббат деген қоя ма шiркiн, көңiл ауған қызға қолымыз дiрiлдеп отырып үшбу хат жазамыз. Оны үшбұрыштап бүктеп, сыртына “секрет” деп жазып қоятынымызды қайтерсiз. Мұн­дай “секреттерiмiз” кейде дiт­теген жерiне жетпей, кейбiр ұстаздарымыздың қолына түсiп қалып жатады. Әрине, ол “қылмысымыз” бiрден Цеткин тә­тей­ге жетедi. Ол кiсi жылы жымиып қана қоятын. Мұндай нәр­сеге ұрыспайтын. Неге екенiн қайдам, өзгелерге тым қа­тал Цеткин тәтей бiзге келгенде ерекше мейiрiм танытатын.
Бiрде екi құрдасымызды сабақтан кейiн кабинетке қамап тастадық. Оларды ұмытып ке­тiппiз мүлдем. Әлгi байғұстар терезеден шыға алмайды, үшiн­шi қабат. Қарын болса, шұрылдап барады. Содан олар мек­теп­тiң жанынан өтiп бара жатқан бiреудi шақырып алып, үйiнен бiр таба нан алғызады да, оны мектептiң төбесiне шығарып, нанды жiпке байлап, терезеден түсiртедi. Әлгiлердi қамап кеткенiмiз қас қарай­ғанда бiр-ақ еске түсiп, ұшып-қонып мектепке жеттiк. Завхоз есiктi аша алмай әлек болып жатыр. Сыртынан құлыптап кеткен құрдастарымыздың көзi бозарып, құлауға шақ қалыпты. Ендi не iстемек керек? Мұнымызды Цеткин тәтей естiсе, оңдырмайды. Сол күнi бәрiмiздiң басымыз салбырап, тәтейдiң үйiнiң алдында тұр­дық... Осыдан кейiн не бүл­дiрсек те, ең алдымен Цеткин тәтейден кешiрiм сұрауды дағдыға айналдырып алдық. Тәтейiмiз кешiрсе болды, бас­қасын онша-мұнша мойындай бермеймiз.
1997 жылы мектеп бiтiретiн кезде Цеткин тәтей бiздi үйiне қонаққа шақырды. Кәдiмгi үлкен адамдарша қалқайып-қалқайып отырмыз бәрiмiз. Тәтейiмiз бiзге ақылын айтып, жол көрсеттi. Ақ батасын бердi. “Айналайындар, сендер — менiң немерелерiмсiңдер Өйт­кенi, мен сендердiң әке­лерiңдi оқытқанмын. Сендерге берген уәдемдi орындадым, ендi демалуыма болады. Алла ақ жолын берсiн!”, – дедi.
Тәтейiмiздiң батасы дарыды ма, қазiр шәкiрттерiнiң бәрi абыройлы қызметте. “Менiң шәкiрттерiм шетiнен сайдың тасындай” деп мақтанады екен тәтейiмiз. Цеткин тәтей қазiр Тегiстiкте тұрады. Зейнет демалыста. Төрт баласы, 13 немересi бар. Ауылға жолымыз түскен сайын тәтейiмiзге бiр соқпай кетпеймiз. Өйткенi, ол — бiздiң Цеткин тәтейiмiз.
 
Шәкiрттерiнiң атынан
Ерiк Рахым.      
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Тегістік | 10 ақпан 2010 12:53
Ееее. ол кісі шынымен де жаксы мугалім гой. Ал казір кезекті демалыста. Ол кісіге Алла жар болсын!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті