"Жас Алаш" ақпарат
Митинг өткізуге шақырған белсенді қамалды
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
05.10.2017 13:48

Астана соты Ақмола облысындағы Ильинка ауылының 43 жастағы тұрғыны, азаматтық белсенді Арғынбек Мұратбековті митинг өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзды деп айыптап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Ол азаматтарды 1 қазанда Астанадағы «Бәйтерек» кешенінің алдында жер заңнамасы және бағалардың өсу мәселелеріне қатысты митингіге шығуға шақырған. Сот қаулысында белсендінің бұл күні митинг өткізу үшін бірнеше плакат дайындап, кешенге немесе басқа жерге бармақ болып шыққаны айтылады. Мұратбеков 11 қыркүйекте Facebook-те митингіге шығуға шақырғанымен, қолдау таппаған. Сотта прокурор Әбдіханов судьядан белсендіні айыпты деп танып, 15 тәулікке қамауды сұраған. Бірақ белсенді сотта өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, тек азаматтық ұстанымын білдірмек болғанын айтты.
 


www.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://www.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20858.html