"Жас Алаш" ақпарат
Ит пен мысықтың екпесіне әкімдік 22 миллион теңге бөлген
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
05.10.2017 13:48

Астана әкімдігі үй жануарларының екпесіне қала бюджетінен 22 млн теңге бөлді. Бүгінге дейін 1000-нан астам жануар екпе салдырған, әкімдік тағы 4000-ға жуық ит пен мысық егіледі деп отыр. Бұл шара, құзырлы органның айтуынша, құтырманың алдын алу үшін жүргізіледі. Әкімдіктің бұл акциясы қаңғы бас ит-мысықтың көбеймеуінде көздеп отырған көрінеді. «Сенбіге дейін 1020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалады. Алаулауға қатысты айтсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9610 итті ұстадық. Осы жылы ауланған жануарлардың саны 5670-ке жетті», – деді «Астана-Ветсервис» ЖШС директоры Бибол Бегалин.
 


www.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://www.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20859.html