"Жас Алаш" ақпарат
Көмір бағасы шарықтап кетті
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
05.10.2017 13:49

Астанада былтыр тоннасы 9-11 мың теңге болған көмір биыл 15-17 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал энергетика министрi Қанат Бозымбаев көмір бағасының күрт қымбаттауына делдалдар мен алыпсатарларды кінәлап отыр. Министрдің мәлімдеуінше, кеніштерде көмірдің тоннасы 2-5 мың теңге тұрады. Халыққа жеткенше баға бір емес, бірнеше есе өседі. «Көмiр бағасы сұраныс пен ұсыныс негiзiнде қалыптасады. Өндірушілер көмiрдің тоннасына 2-5 мың теңге сұрайды. Тұтынушыға жеткенге дейiн бағаның шарықтап кетуіне темiржол тарифi мен жеткiзушiлердің маржасы әсер етеді», – дедi Қанат Бозымбаев. Сұйық отынның қымбаттауы, теміржол тарифінің 25 пайызға ұлғаюы көмір құнының құбылуына әкеліп соқтырды. Бозымбаев алда ірі кен орындарымен келісімшарт жасасып, халықтың қалтасын қақпаудың амалдарын қарастырамыз деп уәде берді.
 


www.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://www.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20860.html