"Жас Алаш" ақпарат
АҚШ Қазақстанға екі ГЭС-ті қайтарып берді
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
05.10.2017 13:49

Қазақстан бұрын америкалық компанияның иелігінде болған Өскемен және Үлбі электр станцияларын мемлекет меншігіне қайтарып алды. Қазақстан энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, 1 қазанда Қазақстан мен америкалық AES Corporation компаниясы арасында 1997 жылы 23 шілдеде жасалған концессиялық келісімнің күші аяқталып, екі концессиялық нысан – «AES Өскемен ГЭС-і» компаниясы мен «AES Үлбі ГЭС-і» компаниясындағы 100 пайыздық үлес Қазақстан меншігіне өткен. «AES Өскемен ГЭС-і» мен «AES Үлбі ГЭС-і» компанияларындағы мемлекет үлесін пайдалану мен иелік ету құқығы энергетика министрлігіне берілген.
 


www.zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://www.zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20861.html