Қырғызстан президентi Құрманбек Бәкиев отставкаға кету жөнiнде Таразда жазған арызынан неге Минскiде бас тартты?
Таразда оны «туғаны» Н.Назарбаев мәжбүрлегендiктен (61.9%)
Шошқа етiнiң дәмi таңдайына татығандықтан (14.4%)
Жас тоқалының кеңесi ғой бұл... (14.1%)
Қырғыз халқының болашағын ойлағандықтан (9.7%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное, преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
Жалпы, бiздер, қазақтар, ретi келiп жатса, орайы туып қалса, өзбектердi кекетуге, кемсiтуге бейiм тұрамыз. Солай ғой? Солай. Бiрақ, бiзге өзбектен үйренетiн жайттар өте мол. Өзбектер ешуақытта бiздер сияқты елп ете қалмайды, елпеңдемейдi, желiкпейдi, елiктеп-солықтамайды. Тек баянды, орнықты, өзiнiң ұлтына пайда алып келетiн мәнiс-мәселелерге ғана ден қояды. Осы ретте ендi бiр салыстыру жасап көрейiк. Мiне, бiз дәл қазiр Юрмалада өтiп жатқан «Новая волна-2010» деген халықаралық конкурсқа жас әншiмiз Қайрат Түнтековтi жiбердiк.
«Лениншiл жас»!... Қазақ баспасөзi қара шаңырақтарының бiрi ғана емес, бiрегейi! Осынау жастар басылымы шығармашылық iзденiстер мен батыл сынақтардың (эксперименттер) мектебi болды десем қателеспеспiн. Тағдыр менiң маңдайыма кәсiби қызметiмдi осынау Қара шаңырақта бастап, оның ғажайып мектебiнде 14 жылдай дәрiс алу бақытын жазған екен. Өзi жастар басылымы болғандықтан әрi ұжымында жас журналистер жұмыс iстегендiктен болар, әйтеуiр «Ленишiл жаста» шығармашылық батыл қадамдар жиi жасалатын. Тым тәуекелшiл iстер еш кiбiртiксiз еркiн атқарылатын. Өзiм куә болған сондай тәуекелшiлдiктiң бiрi жайлы айта кетсем
Ақши ауылында (Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы) белгiлi қолөнер шеберi, этнограф-ғалым, Қазақстан Суретшiлер және Дизайнерлер одағының мүшесi, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Дәркембай Шоқпарұлының қолөнер мұражайы ашылды. «Жақсының аты өлмейдi» деген сөз ып-ырас екен-ау, мұражайдың ашылуына жиналған халық «Кезiнде осы жердi Дәркембайға Заманбек Нұрқадiлов алып берiп едi...» деп әңгiмелеп жатты. «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы» шын мәнiнде , 2006 жылы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын ретiнде құрылған-ды. 2007 жылдың ақпан айында бұл кәсiпорынға мамандар қызметке қабылданды (7 адам).
Сонымен, Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы түрлi себептерге байланысты («Қажығұмар Шабданұлы Қазақстанның азаматы емес...», «Романда көтерiлген мәселелер Қазақстанның проблемалары туралы емес...», «Роман толық бiтпеген...» және т.б.) Қазақстанның Мемлекеттiк сыйлығынан үмiткер шығармалар тiзiмiнен алынып тасталды. Бұл мәселе Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссия мүшелерi арасында дауысқа да салынды, Қажығұмардың шығармасын қолдамайтындардың саны оны қолдайтындардың санынан артық болып шықты...
Қош делiк. Қажығұмардың шығармасын қолдамаған комиссия мүшелерi бiзге неге екенi белгiсiз, жазушының «Қылмыс» романын оқып шықпаған сияқтанады да тұрады. Егер оқыса... Не десек те, Мемлекеттiк комиссия мүшелерi бұл тұрғыда енжарлық, майысқақтық танытты.
Өзбекстанның барлық басылымдарының, барша газет-журналдарының бас редакторларына, теле және радиоарналардың басшыларына «Бұдан былай қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есiмi мен оның шығармаларының аты аталмасын!» деген ауызша бұйрық берiлiптi. Бұл ауызша бұйрықты берген Өзбекстан президентiнiң әкiмшiлiгi көрiнедi. Ресми емес дерек көздерiнiң айтуынша, бұл Өзбекстанның Оштағы қанды оқиғаға қайтарған жауабы-мыс. Сұмдық-ай! Өстiп те өш ала ма екен? Шыңғыс Айтматовтың жазығы не?..
Едi Бегдiлда Алдамжардың 2005 жылы «Жұлдыз» журналында айтқандарын сәл-пәл ғана редакциялап, мүлде басқа пiкiрге айналдырып жiберген «Үш қоңыр» газетiнде жарық көрген мақаласындағы мына бiр «шеберлiгiне» назар аударайық: «Темiрхан не туралы жазса да, жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың жетегiнде кете бередi. Оның көзi Жапонстанда жасалған фотоаппараттың объективiндей қырағы, әрi ол жылт еткен ең бiр ұсақ нәрсенiң өзiн жадына хаттай етiп жазып ала қояды. Бiр ерекшелiгi, оның метафоралары мен теңеулерi, жалпы көркемдейтiн азбырайы қазақ өлеңiне НТР-дiң нобайы, көлеңкесi ретiнде ғана кiрiп, қазақтың төл топырағына табан тiрей алмайды. (Соңы. Басы өткен санда)
Бұрынғы өткен заманда бiр хан ұзақ жылдар бойы билiк құрыпты. Жасы ұлғайса да тағынан түспек түгiлi, тақ мұрагерiн де дайындауды да ойластырмай, ел шаруасынан гөрi той-томалақ, ойын-сауық құруға әбден етi үйренiптi. Өзiнiң кемшiлiгiн айтып, ақиқат сөйлегендердiң артына түсiп, басын алып, зынданға қамап, дегенiн iстетiп отырыпты. Ханның қасында жүрген нөкерлер өңшең жалбақайлар мен жәдiгөйлерге айналыпты. Хан өзiн таңның атысынан, күннiң батысына дейiн мадақтатып, сарай ақындарына жырлатып қояды екен. Бiр күнi хан саятшылыққа шығып, шаршап келiп мамық төсектiң үстiнде жатып көзi iлiнiп кетiптi. Хан түс көредi.
Мiне, Қарқаралы өңiрiнен тағы да бiр «Алтын адам» табылды. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлiм меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов бастаған археологтардың айтуынша, бұл Алтын адам бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VII-VI ғасырда өмiр сүрген. «Қарқаралыдан табылған алтын адамның киiмiндегi алтын әшекейлер әйел киiмiне тән», – дейдi ғалымдар. Десе де, алтын адамның бас сүйегi мен дене сүйектерi экспертизаға жiберiлдi. Мұның «Алтын ханзада», не болмаса «Алтын ханшайым» екенi содан кейiн анықталады.
Осыдан отыз жыл бұрынғы бiр оқиға тап кеше ғана көрген түсiмдей әлi күнге есiмнен кетпейдi. 1980 жылдың жылауық, жаңбырлы көктемi едi. «Жазушы» баспасынан әкемнiң «Қасиеттi қас қағым» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрiп, бiздiң кiшкентай пәтерiмiзде ұлан-асыр той болды. Тiптi бұл той, өзiм оқып жүрген ертегiлердегiдей бiрнеше күнге ұласып, қуанышы қойнына сыймаған марқұм әкем туыстарын, жора-жолдастарын шақырып, кiтабының жарық көргенiн шамамен бiр айдай жуып, алған гонарарын суша шашып жiбердi.
Ол – мен үшiн өмiрге жолдама берiп, шығарып салған бүгiнде 90 жасқа толғалы отырған бұрынғы “Лениншiл жас” – бүгiнгi “Жас Алаш” газетi. ...Менi журналистикаға жас кезiмде кiтапты көп оқығаным алып келдi. Болмаса журналистiк мамандық бар екен-ау, оған арнаулы оқиды екен-ау деп ойламаған екенмiн. Арман шiркiн кеуденi түрткiлей бастаған алғашқы сәттерде өнер адамы боламын деп шешiп қойғанмын: мектептiң, ауылдың баяншысы, домбырашысы – мен, сахнадан өлең, тақпақ оқитын – мен, драма үйiрмесiне қатысушы аздың бiрi – мен... Мектебiмiзге Отанаман Жантемiров, одан соң Сәкен Торшин деген мұғалiмдер келген соң өнер екiншi орынға ауысып, алға ...спорт шығып кеттi
Қазақ хандығы дипломатиясын зерттеу барысында бiз, билер институтының атқарған қызметi мен олардың дипломатиялық қатынастарды орнатудағы рөлiне тоқталмай өте алмаймыз. Мұның iшiндегi ең маңыздысы – тiл мәселесi, яғни дипломатиялық қатынастарды орнатудағы даналық тiлдiң, тапқыр тiлдiң қызметi. Осыдан келiп дипломатиялық қызметтегi метатiлдiң орны анықтала бастайды. «Метатiл» деген термин ненi бiлдiредi? Металингвистика, метатiл атаулары ғылыми айналымға ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап ене бастады.
Қазақ журналистикасының бастау көзi қашан және кiмнен басталады? Ұлтымыздың, елiмiздiң, халқымыздың хал-ахуалын бiлгiрлiкпен жазып, кейiнгi ұрпаққа өнегелi сөзiн қалдырған, немесе бүгiнде де нәрлi жазып жүрген журналистерiмiз кiмдер? Бұл сұрақтарға оралуыма не себеп болды деп сұрасаңыз, бұған мынандай жайт түрткi болды. Жақында ғана газеттен оқып бiлдiм, бiздiң республикамызда жұртшылыққа танымал, дарынды газет редакторларына, журналистерге жыл сайын Г.Толмачев атындағы сыйлық берiледi екен. «Толмачев деген кiм?
Ақын Несiпбек Айтұлының «Өлгеннен кейiн бiздiң де кезегiмiз келер» атты мақаласы «Жас Алашта» жарияланған соң, басылым бетiнде әжептәуiр пiкiрталас туғанынан оқырман қауым хабардар. Бұл мәселе жөнiнде О.Сәрсенбай, Қ.Ысқақ, С.Оспан, А.Нысаналин секiлдi аға буын ақсақалдар өз ойларын бiлдiрдi. Осының бәрiн оқыған соң, «ау, жазушы шығармасының ең басты тұтынушысы оқырман жұртшылық емес пе, олар неге үнсiз жатыр?» деген ой келедi ерiксiз. Байқасаңыз, әдебиет туралы қазiр әдебиет саласымен азды-көптi байланысы бар адамдар ғана жазады, солар ғана сөйлейдi.