1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
12 наурыз 2010

«О дүниенiң» топырақ астындағы ақымынан күңiренген үн естiлгендей болды: «Сен шыдаған қорлыққа мен қалай шыдамадым екен! Өлгенiңнiң рас-өтiрiгiн айырғанша күте тұрсамшы, әттең күйреуiктiк! Кешiр, Құрау, сен тiрi бол! Менiң арманым, сенi ақырғы рет бiр көре алмай кеткенiм ғана ғой!» Осы үннiң ар жағынан, әлдеқайда алыстан тағы да бiр мығымырақ үн жеткендей сезiлдi: «Құлыным, сен ендi босай берме, үгiтiлiп кетерсiң, алдыңда қауiп-қатер әлi бар, жи өзiңдi!» деп қатал ескерткендей болды.

12 наурыз 2010

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ КIМГЕ ЕЛIКТЕЙДI ЕКЕН?

Сәннiң (мода) тарихын зерттейтiн орыс ғалымы Александр Васильевтiң ай­туынша, дәл қазiр орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктейдi екен. Әрине, мұны ғалым зерттеп, тексерiп барып айтып отыр. Егер орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктесе, онда орыс қыздарының талғамын шынымен-ақ шаң баса бастаған екен. Ендi осы орайда мынандай сұрақ туындайды: қазақ қыздары қазiр кiмге елiктейдi?

10 наурыз 2010

Бүгiн бiз өз оқырмандарымызға Қытайдағы аса тағдырлы қандас жазушымыз Қажығұмар Шабданұлының “Қылмыс“ атты 6 томдық ғұмырнамалық романынан үзiндi ұсынуды жөн көрдiк. Романның бас кейiпкерi Биғабiл (мұны Қажығұмар Шабданұлының өзi деп түсiнiңiз) 1967 жылы Қытайдың атақты Тарым түрмесiнен қашып шағып, өзi туып-өскен өңiрге келiп, ендi Қазақстанға жасырын түрде өтiп кетуге әрекет жасайды. Төмендегi оқиға да – осы жөнiнде.

10 наурыз 2010

БАҚЫТЖАН ЖҰМАДIЛОВ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Тағы да жол апаты... Осы бiр “жол апаты” деген пәледен қаншама қазақ өнерпаздары мезгiлсiз көз жұм­ды десеңiзшi?! Әйгiлi “Дос-Мұқасан” ансам­блiнiң белдi әншiсi, сазгер, белгiлi өнерпаз Бақытжан Жұмадiлов те жол апатынан қаза болды... “Дос-Мұқасан” ансамблi алғаш рет ұйымдасқан кезде, Қазақстанда не көп, ансамбль көп болатын. Кейбiр iрi зауыттар мен фабрикалар қос-қостан ансамбль ашып, кеңшарлар мен ұжымшарлардың әрқайсысы бiр-бiрден ансамбль ұстайтын.

4 наурыз 2010

ӘМИНА НҰҒМАН ЖӘНЕ «ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШIЛIК ДӘСТҮРI»

Жақында «Арыс» баспасынан ҚР Мәдениет және ақпарат министр­лiгiнiң «Әдебиет­тiң әлеу­мет­тiк маңыз­ды түрлерiн басып шығару» бағдарламасы аясында белгiлi ғалым, педагог, өнер зерттеушiсi Әмина Нұғманның «Қазақтың әншiлiк дәстүрi» атты монографиясы жарық көрдi.Халық әндерiн өзiне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар, оны зерттеп, насихаттауда да Әмина Нұғман ұлан-ғайыр еңбек еттi. Ә.Нұғман Қазақтың Қыздар педагогикалық институтында 30 жылға жуық еңбек етiп, «Музыкалық тәрбие әдiстемесi» кафедрасын басқарды.

4 наурыз 2010

Кеше Алматыда Германия Федеративтi Республикасының Қазақстандағы елшiсi Райнер Шлагетер мырза қазақстандық көрнектi жазушымыз Герольд Бельгерге «Германия Федеративтi Республикасына сiңiрген еңбегi үшiн» деп аталатын орден тапсырды. Бұл орден Германияның аса беделдi әрi мәртебелi ордендерiнiң бiрiнен саналады. Герольд Бельгер Едiл бойындағы немiстердiң Орталық Азияға қалай жер ауғаны және олардың тағдыры жөнiнде кiтап жазғаны, одан кейiн «Гете мен Абай» атты

2 наурыз 2010

ЖЕТI ТОМНЫҢ ҮШ ТОМЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

«Тiрi болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар едi, қазаққа қызмет етуге ғұмырымды арнаймын!» деп серт берген «Алаш» ұлттық қозғалысының көсемi, Алашорда Ұлттық Кеңесiнiң төрағасы болған, мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, публицист, ұлттық мұрат жолында шаһит кеткен Әлихан Бөкейханның (Ә.Бөкейхан – ханның тұқымы) 7 томдық шығармалар жинағының үш томы жарық көрдi. «Сарыарқа

18 ақпан 2010

«Ымырттағы махаббаттың» 100-iншi қойылымы

19 ақпан күнi Қазақтың Мем­лекеттiк М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында Г.Гауптманның «Ымырт­тағы махаббат» спектаклi­нiң 100-iншi қойылымы болады (Қоюшы режиссер Р.Андриясян, Т.Аралбай). Бұл спектакльде басты рөлдi КСРО халық әртiсi, ҚР Мемле­кеттiк сыйлықтың лауреаты, дарынды актер Асанәлi Әшiмов ойнайды.

18 ақпан 2010

Құйындары жосылған қырда ағылып,
Қарау қоғам әлi де тұр қағынып.
Елi үмiт еткен асыл ер Алтынбектi
Қарақшылар кеттi атып түн жамылып.

16 ақпан 2010

Батыр Баукеңнiң, Бауыржан Момышұлының 100 жылдық тойы Мәскеуден басталғаны бiр жағы заңды. Өйткенi Баукең Мәскеу үшiн қан төктi, Волоколамск шоссесiнде Мәскеудi кеудесiмен қорғады. Биыл батырдың 100 жылдығы мен Жеңiстiң 65 жылдығы қатар келiп отыр. Жақында Мәскеуде батырдың өз естелiктерi мен күнделiктерi, тағы басқа дүниелерi iрiктелiп, енгiзiлген “Легендарный батыр” атты кiтабының тұсаукесерi өттi. Бұл iс-шараға

11 ақпан 2010

Әкем айтқан тағы бiр әңгiме (аңыз емес, болған оқиға) есiме түсiп отыр.
Ертеректе, өткен ғасырдың 20 жылдарының басында болуы керек, бiздiң елден шыққан төрт-бес жас жiгiт сонау алыстағы Бұқарай-Шәрiп шаһарына сапар шеккен көрiнедi. Мақсаттары – сондағы ең танымал Баһауаддин Нағышпанди iлiмiн үйрететiн мектепте оқуға түспекшi екен. Бұлардың баршасы Қарнақтағы мұсылмандық медреседе дәрiс алған, әжептеуiр бiлiмдi, талапты тәлiптер­дiң санатында жүрсе керек-тi. Iштерiнде

4 ақпан 2010

Уәлидиге жала жапты

Тұрар Рысқұловтың досы, башқұрт халқының ұлы қайраткерi Ахметзәки Уәлидидiң биыл 120 жылдық мерейтойы тойланады.
Жақында Ресейдiң Мемлекеттiк думасының депутаты А.Г.Назаров Ресейдiң құқық қорғау органдарына арнайы хат жазып, «Ахметзәки Уәлиди кезiнде фашистiк Германияға қызмет еттi» деген ақпаратты анықтап берiңiздер» деп сұрау салды.

4 ақпан 2010

Форт-Шевченко қаласындағы тарихи ескерткiштер мұражайында адай қыздың қызыл былғарыдан жасалған сәукелесi бар болатын. Сол Форт-Шевченкоға жол түсiп барғанда осы сәукеленi де көру үшiн мұражайға арнайы соғатынбыз. Соңғы 4-5 жылдықта барғанымда, сәукеле орнында болмай шықты және көшiрмесi де жоқ. Мұражай қызметкерлерiнен сұрағанымда, сәукеленi сол кезде Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов сұратып алдырғанын, өздерi қайтаруды талап ете алмай отырғанын ес­тi­дiм.

2 ақпан 2010

Қажығұмар Шаб­данұлының бостандықта жүрген санаулы жылдарының бiрiнде, нақтырақ айтсам, 1984 жылы Қытайдағы Iле қазақ автономиялы облысы бойынша айтыс ақындарының кезектi бiр басқосуы Нылқы ауданының Шапқы жайлауында өткiзiлетiн болды. Тарбағатай аймағынан айтысқа қатынасатын ақындар тобын Қажығұмар Шабданұлы бастап келедi екен дегендi естiп қалдық. Аламан айтысты Шапқы жайлауында өткiзген ақындар қайтар жолда облыстың орталығы Құлжа қаласына келiп бiрер күн

28 қаңтар 2010

ДЕДI ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫН ҚР МЕМЛЕКЕТТIК СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНҒАН ЗИЯЛЫЛАР

Кеше Алматыдағы Ұлт­тық баспасөз клубында арнайы мәжiлiс өттi. Мәдениет саясаты және өнертану инс­титутының директоры Ерлан Сайыров мырза «осы институттың, «Тағлым» интеллектуалды-мәдениеттану клубының, бұдан өзге тағы да бiрсыпыра мәдениет және өнер қайраткерлерiнiң ұйғаруымен Қытайдағы қандасымыз, көрнектi жазушы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романын әдебиет жөнiндегi ҚР Мемле­кеттiк сыйлығына ұсынғанын» мәлiмдедi. Ерлан Сайыровтың ұсынысын осы мәжi­лiс­ке қатысқан қазақ оқығандары мен зиялылары түгел бiр ауыздан қолдады.

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6»