1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғызстан президентi Құрманбек Бәкиев отставкаға кету жөнiнде Таразда жазған арызынан неге Минскiде бас тартты?
Таразда оны «туғаны» Н.Назарбаев мәжбүрлегендiктен (61.9%)
Шошқа етiнiң дәмi таңдайына татығандықтан (14.4%)
Жас тоқалының кеңесi ғой бұл... (14.1%)
Қырғыз халқының болашағын ойлағандықтан (9.7%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15468) 4 ақпан, бейсенбі 2010
4 ақпан 2010
Сәукеленi қайтарыңыз, Иманғали!

Бiрде Маңғыстау мұражайларын аралап жүрген Астанадағы бiр «дәудiң» әйелi кенет гауhартаспен көмкерiлген, құны баға жетпес жүзiктi көрiп қалыпты. Қолына киiп қарапты да, тағып алып, жүре берiп­тi. Сол жүзiк сол кеткеннен мол кетiптi.(Ел аузынан).

Форт-Шевченко қаласындағы тарихи ескерткiштер мұражайында адай қыздың қызыл былғарыдан жасалған сәукелесi бар болатын. Сол Форт-Шевченкоға жол түсiп барғанда осы сәукеленi де көру үшiн мұражайға арнайы соғатынбыз. Соңғы 4-5 жылдықта барғанымда, сәукеле орнында болмай шықты және көшiрмесi де жоқ. Мұражай қызметкерлерiнен сұрағанымда, сәукеленi сол кезде Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов сұратып алдырғанын, өздерi қайтаруды талап ете алмай отырғанын ес­тi­дiм. Мүмкiн, Иман­ғали Астанадағы мұражайға, не өзi­нiң жеке мұра­жа­йына қою үшiн алдырған болар. Берi­ректе сол сәукеле көзiме оттай басылып теледидардан бiр жылт ете түскенi бар. Бұл – Қазақ мемлекетiнiң ешбiр жерiнде кездесiп көрмеген жалғыз ғана адай қыздың сәукелесi. Осыған салпыншақ құлағы ұқсайтын сәукеленi әншi Тамара Асар ән салғанда киiп жүр, бiрақ жасалу материалы бөлек.
Сұраусыз кеткен осы жәдiгердi өз орнына қайтаруды Иманғали Тасмағамбетов мырзадан сұраймыз және талап етемiз. Ал өздерiнде сәукеленiң көшiрмесiн қалдырса да жеткiлiктi емес пе? Форт-Шевченконың мұражайы сәукелесi кеткелi жетiмсiреп қалғандай.
Қайтып келген сәукеленi әншi Тамараға бiр кигiзiп ән салдырып, облыстық музейге қойса да артық емес.
Сегiзбай ӘНЕС.
Шетпе кентi
Маңғыстау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Алаш ұлы (Семей қаласы) | 5 ақпан 2010 10:16
Көкелеріміз халықтың қалтасындағы байлықты қойып, енді рухани байлығына көшкен бе? Қажет болса Семейге келіп Абайды тонасын...
bokky | 9 ақпан 2010 08:11
е, осі кісіны көрім бе деп жұрсем ...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар