4 наурыз 2010
Әдеби-мәдени әлем
ӘМИНА НҰҒМАН ЖӘНЕ «ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШIЛIК ДӘСТҮРI»
Жақында «Арыс» баспасынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару» бағдарламасы аясында белгiлi ғалым, педагог, өнер зерттеушiсi Әмина Нұғманның «Қазақтың әншiлiк дәстүрi» атты монографиясы жарық көрдi.Халық әндерiн өзiне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар, оны зерттеп, насихаттауда да Әмина Нұғман ұлан-ғайыр еңбек еттi. Ә.Нұғман Қазақтың Қыздар педагогикалық институтында 30 жылға жуық еңбек етiп, «Музыкалық тәрбие әдiстемесi» кафедрасын басқарды. 1989 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда «Халық әнi» кафедрасын ашты. 1971 жылы Мәскеуде «Қазақ орта бiлiм беру мектептерiндегi бала даусының тәрбиесi» атты кандидаттық диссертация қорғады. Докторлық монографиясын 1986 жылы жазып бiтiргенiмен, «Желтоқсан көтерiлiсiне қатысты» деген айып тағылып, қорғауына мүмкiндiк берiлмедi. Бұл еңбекте Қазақстанның төрт өңiрiнiң әншiлiк мектебiнiң тарихы, өзiндiк ерекшелiктерi толықтай қамтылып, түбегейлi зерттелген. Бұл монография педагогикалық жоғары оқу орындарына оқулық ретiнде және жалпы өнерсүйер қауым назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
ӘБIЛАХАТ ЕСПАЕВТЫҢ ӘН КЕШI
Қадiрлi ән сүйер қауым! Сiздердi 27 наурыз күнi Алматы қаласындағы Республика сарайында, Қазақстан өнер шеберлерiнiң қатысуымен, ХХ ғасырдың 50-70 жылдар аралығында ұлттық ән өнерiмiздiң алтын қорына «Ұстазым менiң, ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым», «Әлi есiмде», «Ақсәуле», «Жайық қызы», «Батыр бала Болатбек», «Бейбiтшiлiк сақталады», «Маржан қыз», «Сағыныш екен бала кез», «Қыз әзiлi» секiлдi таңғажайып әндерiмен өз қолтаңбасын қалдыра бiлген, аты аңызға айналған көрнектi композитор Әбiлахат Еспаевтың 85 жылдық мерейтойына орай өтетiн ән кешiне шақырамыз.
Басталуы: 19.00-де
Әбiлахаттың әндерiн сағынған боларсыздар, келiңiздер, көрiңiздер!
«ҚОШ КЕЛДIҢIЗ, ӘЗ НАУРЫЗ!»
Құрметтi әнсүйер қауым! Сiздердi 14 наурыз күнi сағат 15.00-де Республика сарайында өтетiн «Жұлдыздар отбасы» журналының «Қош келдiң, әз Наурыз!» атты ұлттық ән-думан мерекесiне шақырамыз!
Кеште Роза Рымбаева, Мақпал Жүнiсова, Майра Мұхамедқызы, Бекболат Тiлеухан, Рамазан Стамғазиев, Қыдырәлi мен Қарақат, Жанар Айжанова, Гауһар Әлiмбекова, Отанбек Еңсехан, Бекжан Тұрыс, Досымжан Таңатаров, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, «Ұлытау» тобы, «Жiгiттер» квартетi, Еркiн Нұржанов және тағы басқа атақты әншiлер мен топтар өнер көрсетедi.
БАС КЕСПЕК БОЛСА ДА, ТIЛ КЕСПЕК ЖОҚ
Бiр жарым жыл бойы алдаспан өнерiмiз қағажу көрiп, оған тыйым салынғаны рас.
Бiрақ, «бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ». Нағыз ақындар бұғауды бұзғандай болып, 21-22 наурыз күндерi Алматыдағы Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында атой салмақшы.
Келiңiз! Көрiңiз! Атамұра өнердi қолдап, тамашасына ортақ болыңыз.
Басталуы 16.00
Студенттер сарайы.




