1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
26 қыркүйек 2017
Әр дыбысқа – дербес таңба

Мен тіл маманы емеспін. Әйтсе де жаңа әліпбидің нұсқасына көңілім толмайды. Өйткені бұл әліпби қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды таңбалай алмай тұр. Себебі ұсынылып отырған үлгіні жасаушылар бөтеннің сүрлеуімен жүруге ниетті.
Өзіміздің Ахаң салған даңғыл жол бар емес пе?! Кезінде ол кісі кириллицаға өз ұлтымызға тән төл дыбыстардың таңбаларын жасап қосты ғой. Одан неге безінеміз? Шынында да, «А» таңбасының қасына «Ә» таңбасы, «О»-ның қасына «Ө», «Ұ»-ның қасына «Ү», «З»-ның қасына «Ж», «Н»-ның қасына «Ң» сұранып тұрған жоқ па? Әйтпесе әже, әке, әкім, әйел, әпке, әліппе, өмір, өзен, өкпе, өгіз, өзім, өт, күн, түн, түс, сүт, сүз, күз, өң, көң, тоң, қоң, дөң т.с.с. Ғ, Ж, Ш әріптеріне келетін сөздерді қалай айтып, қалай жазамыз? Ағылшын жазуындағы кемшілікті неге көрмейміз? Оларда бір дыбысты беру үшін кейде екі, үш таңба қатар қолданылады. Кейбір таңбалары сөздің басында былай айтылса, ортасында басқаша айтылады. Базбір дыбыстар сөзде таңбасы тұрса да, оқылмай кететін кезі бар. Оны қайталағаннан ештеңе ұтпаймыз, қайта ұтыламыз. Ал І і таңбасы неге біресе і, біресе и болып, Н п таңбасы біресе Х, біресе п болып оқылады?
Сондай-ақ жаңа әліпби үлгісінде неге 25 таңба берілген? Тіпті латынның өзінде 26 таңба бар ғой. Яғни әр дыбыс дербес таңбаға ие болуы тиіс. Солай болса «бәрекелді» дер едік. Сондықтан Ахаң жасап кеткен, өз тілімізге тән дыбыстардың таңбаларын жаңа әліпбиге түгелдей қосуымыз керек.

Нығметолла ҚҰРМАШЕВ, зейнеткер
Сарайшық ауылы
Махамбет ауданы
Атырау облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 26 қыркүйек 2017 13:52
Дұрысы"кирильдағы"ҚАЗАҚТЫҢ 9 әрпін қалдырып,"әр дыбысқа бір таңба"(немесе екі әріптен артық емес)болу керек.Мыс:Ара,әke,Төlegen,Sanduғash,Әj kerim,Chақnazar, Ilmek т.с.с.Бірақ ең дұрысы.."орыс тілді","қазақ тілді"болып ҰЛТТЫҚ мемлекет ретінде жойылып кету"сын сағаты"ұрып тұрғанда мұны қойғанымыз жөн.Алдымен,"үштілділікті"құртып,патша,Сенат,міністрлер ҚАЗАҚША сөйлеп,жұмысты қазақ тілінде жасап үйренсін.Ал мынау"реформа"аз жылда ҚАЗАҚ ЕЛІН жойып жібереді.Балаларымыздың сабағы қадағаланбай қалады.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар