1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
26 қыркүйек 2017
«Ең жақсы еркек»

Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры өзінің 84-ші маусымын Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» пьесасымен ашты.
Режиссер Сұлтан Сраилов қойған комедия жанрындағы бұл спектакль қазіргі қоғамдағы өзекті проблемаларды астарлы әзілмен жеткізуге тырысады. Оқиға Алпан кейіпкердің бойжеткендерге көз салуы, сөз салуы арқылы өрбіп, «Бәйшешек» клубының бір топ қыздары осы мәселені шешу мақсатында іс-әрекетке көшеді.
Сахнада Алпанның қонақ бөлмесі. Суретші Наталия Ерчихина оқиға барысына сәйкестендіріп, заттарды ыңғайлы етіп орналастырған. Сонымен қатар актерлердің киімі де образға сай таңдалып, кейіпкер характерін ашуға септігін тигізуде.
Алғашқы көріністе режиссер Алпан мен Гүлмайданның бақытты, қуанышты өмірін бейнелейді. Кейін «Бәйшешек» клубының қыздары келген сәттен Алпанның құпиясы ашыла бастайды. Басты рөлдегі Азамат Нұрғамыс пен Сұлушаш Төлекова арасындағы актерлік дуэт қойылым деңгейін арттыра түсті. А.Нұрғамыс бірде салмақты депутат, жігіттің сұлтаны болса, бірде Мәдина-Магдалина басын дуалаған сәттен әйелжанды еркек болып шыға келеді. Бұл көрініс арқылы актер өзін сан қырынан көрсете білген. Бұған дейін де комедия жанрындағы «Сотанайдың соңғы үйленуі» (Ө.Боранбаев), «Үйлену» (Е.Жуасбек) т.б спектакльдерде ойнап, актерлік шеберлігін шыңдай түсті. Ал Гүлмайдан рөліндегі Сұлушаш Төлекова кейіпкер келбетіне сай ерекшелікті, әр іс-қимылды нанымды ойнап, жоғары деңгейде алып шықты.
Әрине, қойылымда басты жүк актерге түседі. Автор ойын, режиссер идеясын – барлығын ұштастырып алып шығу жауаптылығы актерге жүктеледі. Бақыт Тойымбаева бастаған «Бәйшешек» клубының бір топ қыздары спектакльдің көркін кіргізуде. Екінші пландағы кейіпкерді ойнаса да көзге түсетін Дәметкен Идрисова – бұл жолы экстрасенс-емші рөлінде. Сондай талантты актрисалардың бірі – Назым Мұратханова. Екі актриса да кейіпкер образын бойына сіңіріп, шебер көрсете алды.
«Бәйшешек» клубының меңгерушісі рөліндегі Бақыт Тойымбаеваның және журналист Розабану рөліндегі Әсем Тұрлыбекованың кейіпкер сомдаудағы шеберлігін спектакль барысынан аңғара аламыз. Шығармада оқиға тудырушы кейіпкерлердің бірі – Ләтипажан мен Айләззат. Алпанға ғашық қыздардың бірі ақын болса, бірі – биші. Ләтипажан рөліндегі Ақерке Ризабекова қиял әлемінде жүретін сезімтал қызды жоғары деңгейде бейнеледі. Ал Айләззат рөліндегі Аяулым Тұрысбекованың актерлік шеберлігі бір бөлек. Шығыс биін билеген актрисаның пластикасы, темпо-ритмі өзгелерден ерекше.
Жалпы, режиссер актерлермен тығыз жұмыс жасай отырып замандас бейнесін бүгінгі қоғамға көрсете білді. Көрермен спектакльдің жоғары деңгейде өткендігін аңғартты.

Еңлік САМАТОВА, әдебиет бөлімінің меңгерушісі

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар