1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
13 шілде 2010
Толмачевтан гөрi тәуiр адам табылмады ма?

Қазақ журналистикасының бастау көзi қашан және кiмнен басталады? Ұлтымыздың, елiмiздiң, халқымыздың хал-ахуалын бiлгiрлiкпен жазып, кейiнгi ұрпаққа өнегелi сөзiн қалдырған, немесе бүгiнде де нәрлi жазып жүрген журналистерiмiз кiмдер?

Бұл сұрақтарға оралуыма не себеп болды деп сұрасаңыз, бұған мынандай жайт түрткi болды. Жақында ғана газеттен оқып бiлдiм, бiздiң республикамызда жұртшылыққа танымал, дарынды газет редакторларына, журналистерге жыл сайын Г.Толмачев атындағы сыйлық берiледi екен. «Толмачев деген кiм? Қазақстан журналистикасына ол қандай еңбек сiңiрдi?» деген сауалыма өзiм бiлетiн үлкен-кiшi бiрер журналистер мен жазушылар: «Ол «Простор» журналында бас редактор болып қызмет iстедi, Олжас Сүлейменовтiң досы болатын... Қазiр кiм қандай сыйлық тағайындаймын десе де, кiмге беремiн десе де ерiктi ғой, бәрiн де қалта шешiп жүрген жоқ па?» дестi...
Жақында ғана Әнуар Әлiмжановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Бiздiң Әнуар. Наш Әнуар» деген кiтап жарық көрдi. Мiне, осы кiтапта Әнуар Әлiмжановтың «Сомкнув начало с концами» деген мақаласы берiлiптi. Ә.Әлiмжанов былай дейдi:
«Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналының бас редакторы Анатолий Ивановтың Қазақстанда туылғанын елдiң бәрi бiледi. Басқа басқа, ал ендi қазақтың өмiрi мен тарихы «Вечный зовтың» авторына жақсы таныс қой. Мiне, А.Иванов басшылық жасайтын «Молодая гвардияның» 1989 жылғы №7, 8, 9 сандарында Николай Кузьминнiң «Ночные беседы» деген көлемдi мақаласы басылды. Н.Кузьмин кезiнде Алматыдағы ҚазМУ-ды бiтiрген. Ал ендi осы Н.Кузьмин не деп жазады десеңiзшi?! Оның айтуынша: қазақтарда бұрын-соңды мәдениет болмаған, мәдениеттi бұларға орыстар алып келген... Өзi араласқан, өзi ортасында жүрген халық жөнiнде Н.Кузьмин қалай аузы барып осылай айтты екен?..
Сонымен бiрге Н.Кузьмин Шығыс Қазақстанның ежелден орыстың жерi екенiн айтады. Автордың Н.Рерихтiң, Г.Грум-Гржимайлоның, Лев Гумилевтiң және өзге де шығыстанушылардың еңбегiмен таныс емес екенi көрiнiп-ақ тұр. Мұны айтасыз, сол ғалымдар Шығыс Қазақстанның, яғни қазақ Алтайының кезiнде күллi түркi нәсiлiнiң атажұрт, алтын ошағы болғанын жазып кеткен жоқ па едi?!
Жарайды, Мәскеу бiзден алыста жатыр ғой, ал iргемiздегi «Простордың» (бас редакторы Г.Толмачев) iстеп отырғаны не? Қазақтың алыптары ақталып жатыр. Ендi осыларды «Просторға» жеделдете аударып берудi ұйымдастырып, олардың еңбектерiн халыққа таныстырудың орнына, «Тайный советник вождя» деген бiр тұрпайы романды нөмiрден-нөмiрге басып әуре. «Простор» кешегi И.Шуховтың өнегесiн, үлгiсiн мүлде ұмытты. Ж.Аймауытовтың бiр өлеңiн, сонан кейiн М.Жұмабаевтың бiр-екi өлеңiн ғана басты. Бар бiтiргенi – осы...
Осы ретте ойыма ерiксiз мына бiр оқиға оралады. 1969 жылы Югославияның белгiлi журналисi Марианна Седмактың Югославияның орталық газетiне Қазақстан туралы 7 очеркi жарияланды. Бұл мақалаларда М.Седмак Қазақстанның КСРО республикаларының iшiнде ең артта қалған республика екенiн жаза келiп, «Қазақстанның жоғары оқу орындарында сабақ беретiн қазақ мұғалiмдер оқуға түк бiлмейтiн, топас, надан қазақтарды қабылдап жатыр...» дейдi. Содан Марианна Седмакты iздеп жүрiп, ақыр бiр күнi Мәскеуде кезiктiрдiм. «Мұныңыз қалай?.. Жазғаныңыздың бәрi өтiрiк қой...» деп сұрадым. «Мұның бәрi менiң сөзiм емес. Қазақстанды аралаған кезде маған бiр коммунист-журналистi бекiтiп бердi. Г.Толмачев деген бұл журналист (бұл кезде Г.Толмачев «Комсомольская правданың» Қазақстандағы меншiктi тiлшiсi болатын – Ә.Ә.) мен көрген нәрселердiң бәрiне осылайша түсiнiктеме бердi. Мен соның айтуы бойынша жаздым...». Қазiр сол Г.Толмачев «Простор» журналын басқарады».
Әнуар Әлiмжанов осылай деп жазып қалдырыпты. Ә.Әлiмжанов тек шындықты айтатын, тек шындықты жазатын ақиқатшыл жазушы едi ғой. Осыдан кейiн ерiксiз ойланасың, бiзге Г.Толмачев атындағы сыйлық керек пе едi деп? Жарайды, Олжас Сүлейменовтiң досы бола берсiн, бiрақ Олжекеңнiң досының бәрi перiште емес қой. Толмачев атындағы сыйлықтан гөрi Қазақстан журналистерiне Шухов атындағы сыйлық, Бельгер атындағы сыйлық берiлiп жатса, қандай жарасымды болар едi...
Елшiбек Жанайұлы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Бату | 14 шілде 2010 09:11
Толмачев жарықтық өлер жерін білетін қу еді. Д. Қонаев, О. Сүлейменов туралы ысқыртып кітап шығарды. Сүлейменов екеуі шынында дос болған, екеуі "күндіз де бірге, түнде де бірге" дегендей, әйтеуір, көбінесе бірге жүретін.Ал енді мақала жазған жігіт Шухов,Бельгер деп несіне жалтақтады екен? Қазақта бұлардан әлдеқайда
ерте, көп жазған журналшылар болды және бар, солардың бірін атамай ма? Әлде орыс ағайындар ренжиді деп жасқанды ма? Аталған Әнуар Әлімжанов, мысалы, журналист-публицистігімен
Бату | 14 шілде 2010 09:19
CCCР-ға, тіпті Азияға, Африкаға белгілі болды емес пе? Қазақстан Журналистер одағы қайда қарап отыр? Қазақ республикасының журналистер силығы қазақ атында болуы керек емес пе? Мақұл, машкевичтердей достары бар Сүлейменовте ақша көп екені сөзсіз, Толмачевін ұстай берсін, силықтың көптігі жоқ. Алайда қазақы намыс керек қой бізге? Қазақ журалисі атындағы, мысалы, Баубек Бұлқышев, немесе Темірбек Қожакеев
атында.Журналистер одағы, С. Матаев мырза қайда, не дер екен?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар