1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғызстан президентi Құрманбек Бәкиев отставкаға кету жөнiнде Таразда жазған арызынан неге Минскiде бас тартты?
Таразда оны «туғаны» Н.Назарбаев мәжбүрлегендiктен (61.9%)
Шошқа етiнiң дәмi таңдайына татығандықтан (14.4%)
Жас тоқалының кеңесi ғой бұл... (14.1%)
Қырғыз халқының болашағын ойлағандықтан (9.7%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №08 (15466) 28 қаңтар, бейсенбі 2010
28 қаңтар 2010
«Ар-ұятымызды түрмеге тығып қойса, қалай ғана тыныш отыра аламыз?!»

ДЕДI ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫН ҚР МЕМЛЕКЕТТIК СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНҒАН ЗИЯЛЫЛАР

Кеше Алматыдағы Ұлт­тық баспасөз клубында арнайы мәжiлiс өттi. Мәдениет саясаты және өнертану инс­титутының директоры Ерлан Сайыров мырза «осы институттың, «Тағлым» интеллектуалды-мәдениеттану клубының, бұдан өзге тағы да бiрсыпыра мәдениет және өнер қайраткерлерiнiң ұйғаруымен Қытайдағы қандасымыз, көрнектi жазушы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романын әдебиет жөнiндегi ҚР Мемле­кеттiк сыйлығына ұсынғанын» мәлiмдедi. Ерлан Сайыровтың ұсынысын осы мәжi­лiс­ке қатысқан қазақ оқығандары мен зиялылары түгел бiр ауыздан қолдады. Сонымен бiрге өз пiкiрлерiн де ортаға салды. Ендi осы пiкiрлердiң бiразын ықшамдап, оқырман назарына ұсына кеткендi жөн көрдiк.
 
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ:
– Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы Қазақстан Жазушылар одағының проза кеңесiнде өтпей қалды. Яки, тиiстi дауысты жинай алмай, ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынылмай қалды. Содан жаным тын­бай «Жас Алаш» газетiне, одан кейiн Ерлан Сайыров iнiме барып өз ұсынысымды айттым. Азаматтарға рахмет, «Жас Алаш» газетi осыдан екi күн бұрын Қажығұмардың романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыныпты. Ерлан мырза да, мiне, өзi бас болып, Қажығұмардың романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынды. Бұл үшiн бәрiңiзге алғыс айтамын. Қажығұмардың романы – Мемлекеттiк сыйлыққа әбден ла­йықты шығарма. Жақында ғана «Жас Алаш» газетiнiң тiлшiсi Ерiк Рахым Шәуешекке барып, Қажығұмарға жолығып қайтты. Жағдайы қиын екен. Науқас. Оның үстiне зейнетақы алмайтын көрiнедi. Қажығұмар да бейнетiнiң зейнетiн көруi керек шығар.
 
Оразбек СӘРСЕНБАЙ:
– Қажығұмар – үлкен жазушы. Кешегi проза кеңесiнде мен хаттама жазып отырған Саятқа «Қажығұмарға дауыс бермеген жазушылардың бәрiнiң аты-жөнiн анықтап жаз!» дедiм. Неге? Кезiнде Солженицынды «жазушы емес» деп сынаған ақын-жазушыларды Солженицын ақталып, Ресейге оралғаннан кейiн «Литературная газета» олардың аты-жөндерiн аймандай етiп, газетке жариялады. «Ертеңгi күнi қарабет боп қалмайық!» деп ашық айттым мен осы кеңесте. Қажығұмар – Солженицыннан бiр де кем емес жазушы. ҚР Мемле­кеттiк сыйлығын Қажығұмарға беруiмiз керек. Бұл – бәрiмiзге, қала бердi елдiгiмiзге сын.
 
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ:
– Кезiнде Қажығұмардың Үрiмшiде жарық көрген «Қылмыс» романының алғашқы екi томына Қазақстан Жазушылар одағы өзiнiң Халықаралық «Алаш» сыйлығын берген-дi. Сол жылы менiң өзiм де, осында отырған Әмiрхан Меңдеке бар, бәрiмiз «Алаш» сыйлығын осы Қажығұмармен бiрге алған болатынбыз. Сондықтан Қазақстан Жазушылар одағы Қажығұмардың «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынады деп сенiммен айта аламын. Бұл мәселе Жазушылар одағының секретариатында әлi қаралады, талқыланады. Қажығұмардың 40 жыл түрмеде отырғаны аз болғандай, ол әлi Шәуешекте мырзақамақта (үйқамақта) отыр. Қажығұмар сияқты жазушылар – бiздiң ар-ұятымыз. Ал ендi ар-ұятымызды түрмеге отырғызып, өзiмiз қалай қол қусырып қарап отыра бермекпiз?!
 
Айдос САРЫМ:
– Бiз – бөлiнiп кеткен халықпыз. Бiрiмiз – Қытайда, ендi бiразымыз – Ресейде, Моңғолияда. Ал Қажығұмар Шабданұлына ҚР Мемлекеттiк сыйлығын берiп жатсақ, бұл – күллi қазақтың басын ұйыстыратын фактордың бiрiне айналмақ. Естерiңiзде шығар, Солженицын ақталып, Ресейге оралғанда сонау Владивостоктан Мәскеуге пойызбен келмеп пе едi. Әр стансада орыстар Солженицынды қабылдап, жиындар өткiздi. Солженицынның елге оралуын орыс зиялылары орыстарды бiрiктiретiн, ұйыстыратын iс-шараға айналдыра бiлдi. Бiз де сөйте бiлуiмiз керек. Түрмеде өз романын темекiнiң қорабына, қол сүртетiн қағаздың қиындысына жазған, азаттықты аңсаған абзал жүректi жазушыға бiз де ҚР Мемле­кеттiк сыйлығын беруiмiз керек. Сонда Қытай жағы да ойланатын болады. Қазақтар төбесiне көтерген тұлғаны өз түрмелерiнде отырғыза алмайтын болады. Бостандыққа шығаратын болады. Бұл шараның саяси астары да бар. Бәрiмiз осы ұсынысты қолдайық, қуаттайық!
 
Ерлан САЙЫРОВ:
– Бiз қазiр мынадай тест өткiзбек­шiмiз. Жазушылар одағының 700 мүшесiне «Сiз Қажығұмардың «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынуды қолдайсыз ба?» деп сауал қоймақшымыз. Қолдамағандардың тiзiмiн баспасөзде жарияламақпыз. Ұялту үшiн. Бұл – әдеби шара ғана емес, елдiк мәселе. Соны түсiнуiмiз керек!
 
Рысбек СӘРСЕНБАЙ:
– «Жас Алаш» газетi осыдан екi күн бұрын арнайы жиналыс өткiзiп, Қажығұмардың 6 томдық «Қылмыс» романын Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынды. «Жас Алаш» Қажығұмардың тағдырына қатысты, оны атажұртқа алып келiп, елмен қауыштыру жөнiнде көптеген бастамалар көтергенi өздерiңiзге де мәлiм. Осы ретте ендi бiр ұсыныс айт­қалы отырмын. Биылғы жылы әдебиет бойынша Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған жазушыларға мәрттiк жасап, осы сыйлықтан бас тартуын сұрар едiм. Қажығұмардың пайдасына. Теперiштi көп көрген қайтпас, ғажап жазушы Шәбденұлының жолын ашатын да, жабатын да өзiмiздiң жазушылар. Елдiгi­мiздi, бiздiң де ел екендiгiмiздi осындайда көрсетпегенде, қай кезде көрсетемiз?!
 
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ:
– Сол жазушыларыңның өзi алдымен кедергi болып жүрмесе деңiз. Бұл ретте мен жазушыларға да, Жазушылар одағына да сенбеймiн.
 
Әмiрхан МЕҢДЕКЕ:
– «Қылмыс» романы – өте бағалы роман. Бұл романда қазақ халқының бiр ғасырға жуық бодандық өмiрi бүкпесiз, жан-жақты ашылған. Отаршылдар үшiн бодан халықтың бүкiл тiрлiгi – қылмыс екен. Тiптi сенiң қалқайып тiрi жүргенiңнiң өзi – олар үшiн қылмыс екен. Мiне, осылайша бодандықтың, отансыздықтың қасiретiн айтып, тәуелсiздiктiң, еркiндiктiң қадiрiн ас­қақтататын мұндай романға Мемле­кет­­тiк сыйлықтың берiлгенi жөн.
 
Сұлтанәлi БАЛҒАБАЕВ:
– 6 томдық «Қылмыс» романын кiм жарыққа шығарды? Дүниежүзiлiк қазақтар қауымдастығы. Ендеше, Дүниежүзiлiк қазақтар қауымдастығы да мұндай iс-шарадан тыс қала алмайды. Бiз де Қажығұмарды қолдаймыз!
 
Ә.Нұртайұлы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (11)
Шынар | 28 қаңтар 2010 12:38
"Қылмыс" романын оқысам деп едім. Менің әкем де Қытайдан келген 60-шы жылдары. Қазір о дүниеде. Ол кісі де Қытайдағы Гоминдан түрмесінде отырған. Романды қайдан алып оқуға болады?
halmurat | 28 қаңтар 2010 14:08
Айдос өте дұрыс айтады, Қажығұмар ақсақалымызға мемлекеттік сыйлықты берсек қытай бірді ойлайтын болады, қалайда бұл сыйлықты ол кісіге міндетті түрде беру керек. Сосын бұған қарсы шығып жүрген кей жазушысымақтардың "ұятынан", түйсігінен "айналдым". Егер де сыйлық басқа біреуге беріліп кетсе, онда, сол сыйлығына ел болып түкірейік, нағыз қарабет болсын! Ақсақалдан аяған сыйлығын ит жесін!
Реке | 29 қаңтар 2010 01:17
Депутаттарымыз да "қалтадағы депутаттар". Енді жазушыларымыз да "қуылшақ жазушылар" екен ғой. Жазушылар заңға қтып қалса, елді тонап жатқан ұры заңбұзарлармен неге айналыспайды?
оқырман | 29 қаңтар 2010 10:18
Ә.Нұртайұлы, Романды қайдан алып оқуға болады?
мен | 29 қаңтар 2010 13:07
Романды Дүниежүізі қазақтары қауымдастығынан алып оқи аласыздар. хабарласу телефоны: 2-71-83-63
ШОҒЫ | 29 қаңтар 2010 20:06
тел: 2-71-83-63 Астана ма, әлде Алматы?
ШОҒЫ | 29 қаңтар 2010 20:16
Қәзіргі "зиялы", "жазушы" дегендеріңнің нобайы ар-ұяттарына бір аяқ асты сатып алып ішіп-жеп жүргендер ғой, солай десеңдерсейші бәріңде, сонда бәлкім олар өтірікте болса ұялған кейіпке енер?..
Кемеңгер Ойшылұлы | 30 қаңтар 2010 17:22
Кажығұмар ағаның кітабы Астанада бар ма?
joldas | 1 ақпан 2010 10:50
Helmes Romanen internet betinde ohewgha bolama?
отаншыл | 9 наурыз 2010 18:36
улт болып қолдап мемлекеттік сыйлықты беріп, ақсақалды тездетіп отанға әкелейік. сіздерді қолдаймын.
Ерақыл | 23 наурыз 2010 15:19
Естуімше ол атамыз рекоттар кітабыны енген дейды. Осы жәй сөзбе әлде шынба?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар