Облысқа свежий әкiм келiп, Iшкi iстер департаментiнiң бастығы, генерал-майор Дегенбай Жегенбаев есеп берiп жатыр. Қағаздан бас алмайды, қағаздың өзiн жеп қоятындай… Қылмысты қанша ғасыр өтсе де, iзiн суытпай ашып жатырмыз. Айбарлы ақын Махамбеттiң басын шауып алған жексұрын, тупой, рецидивист Ықыластың немересiнен туған шөбересiн шөп орып жүрген жерiнде тұтқындап, iстi сотқа өткiздiк. Тiрiдей ұстадық!
Бiздiң билiк, әсiресе, соңғы кезде басқа амалы құрып қалғандай, жұртшылықтың жүйкесiне ши жүгiртудi әдетке айналдырып алды. Атасының сақалымен ойнаған оспадар баланың жұғымсыз қылығы. «Ойыннан от шығарын» ойлаудан қалған бiлем. Ана сайлау, мына сайлаумен бiр ойнады, ана тiлiмiздi тiрiлте алмай жүргенде «үш тiлдiлiкпен» бiр ойнады, «қазақстандық ұлтпен» ұнжырғамызды бiр түсiрдi, домбай-домбаз «доктринасымен» болашағымызды долбарлады, ол аз болғандай, ендi, мiне... «Ел құлағы елу» екенiн ескердi ме, iле-шала Мәсiмов мырза:
Анатолий Иванович, зейнеткер Димаш Ахметұлымен қарым-қатынасыңыз қалай болды?
– Бұрынғыдай араласып тұрдым. Уақыт өте келе Колбин ол кiсiге қызмет көрсетудi, аспазшылар мен үй шаруасына көмектесушiлердi, 9-басқармадан бөлiнген машинаны, бәрiн алып тастады. Бұдан хабары жоқ Димекең таңертеңгi тамақтану кезiнде жеке аспазшысына:
– Қарағым, қабағың неге қату? – дедi.
– Димаш Ахметұлы, бiр жайсыз жағдай көңiл-күйiмдi алаңдатып жүр.
24 САҒАТ БОЙЫ ҚАЗАҚША КӨРСЕТЕТIН ТЕЛЕАРНАЛАР ҚАШАН АШЫЛАДЫ?
ҚР Мемлекеттiк хатшысы әрi Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев жақында «24 сағат бойы тек қазақша көрсететiн үш телеарна ашылатынын» айтқан едi. Ал ендi осы телеарналар қашан ашылады? 2030 жылы ма? Жоқ әлде қазақ тiлi жойылғаннан кейiн ашылмақ па? «Қазақ тiлi жойылғаннан кейiн...» деуiмiздiң де мәнiсi бар. Жаңа жылда, нақтырақ айтсақ, 2009 жылдың 31 желтоқсаны, 2010 жылдың 1-i мен 2-i күнi жарытып қазақша хабар көре алмадық. Тек орысша! Жер де, көк те – бәрi орысша.
Соны жағалай отырған «Азғантай» ауылының қырық-елу түтiнiнен өрiп шығатын аталас Тойбек пен Шойбек балалары қанша күннен берi елең-елең. Оқта-текте өзеннiң ар жағындағы еркектер бер жағындағыларының, бұлар аналардың қайсыбiр қалжыңына, ия болмаса сәлемiнiң немкеттiлiгiне бола терiс қарап түкiрiп, әйелдер жағы қоқыстарын өздерi жақтан қарсы жағалауға қарай құлаштап лақтырып қоятындарын айтпағанда, жалпы, тыныш жұрт. Ендi келiп қай жағы да бiр-бiрiне сырттай баяғы қалып көрсеткендерiмен
...Кiр жуа алмаймын, екi иықтан, екi тiзеден айырылдым. Жүрсем болды, тұла бойым сырқырайды. Тамырлар бойында зақым бар, қатып қалған қан, суық.. Соғыста көрген бейнет шығып жатыр, шығып жатыр. Бәрiнен де әсер ететiнi – мына жүрек. Жүрек қайсысын көтередi, бiр жапырақ жүрек... 80-нен асса да тiп-тiк қалпымен, бойын кәрiлiкке жеңдiрмей, ешкiмге алақан жаймай, тектi болмысымен өмiрдiң ауыр тауқыметiн тартып келе жатқан қарт әже. Ол жаңа ғана үйiнiң сыртына қолындағы екi ешкiсi мен екi қойын өрiске айдап оралған бетi.
«ҚЫРЫҚ МЫСАЛДЫҢ» ЖАРЫҚ КӨРГЕНIНЕ 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Әдебиет зерттеушiлерi Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылдың аяғында Санкт-Петерборда басылып шыққан «Қырық мысал» атты жинағын қазақ мысал жанрының алтың дiңгегi деп таниды. «Алтын дiңгек» деп танылған мысал жанрының бiрегей үлгiсiн дамытушы Ахаң туындысына, мiне, биыл 80 жыл толып отыр!
“Abai.kz” ақпараттық порталының ұйымдастыруымен, «Жас Алаштың» қолдауымен елiмiзде тұңғыш рет “Қазақ – елдiң де егесi, жердiң де егесi” деген тақырыпта интернет-айтыс өткiзiлдi. Қазылар алқасының шешiмiмен және интернет-айтыстың барысын қадағалап отырған оқырманның дауыс беруiмен белгiлi айтыскер, павлодарлық Оңғар Қабден осы айтыстың жеңiмпазы боп танылды. Жеңiмпаз ақынға “Жас Алаш” газетi ақшалай сыйлық тапсырды.
Керей мен Жәнiбек хандардың ескерткiшiн қоқысқа лақтырып, оның орнына президент Н.Назарбаевтың қола мүсiнiн орнатқан билiктiң тiрлiгiне депутаттардың көңiлi толмайды екен. Мұны естiгенде “депутаттардың бойында да ұлттық рух, намыс бар, олар да халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, елге пана болып жүр екен ғой” деп бөркiңiздi аспанға атуыңыз да мүмкiн. “Қазақ хандығының негiзiн қалаған Керей мен Жәнiбек мүсiндерiн қоқысқа апарып тастағанда жақ ашпаған, қазақты ұлт ретiнде жоюға бағытталған “қазақстандық ұлт” саясаты негiзiнде “ел бiрлiгi” доктринасы талқыланып, оған ұлт зиялылары өз қарсылығын бiлдiргенде де ауыздарына су толтырып алған депутаттар бұл жолы неге тулады?” деп күдiктенетiн боларсыз.
Өткен сейсенбiде “Айтпарк” пiкiр-сайыс клубының кезектi қонағы киносценарист, режиссер Ермек Тұрсынов болды. Қонақтың өмiрбаянына қысқаша тоқталып кетсек, ол “Избиратель” атты тәуелсiз газеттiң алғашқы редакторы болып қызмет атқарды. Бiр кездердегi “Невада-Семей” қозғалысының белсендi мүшесi. “Қазақстан” телерадиокомпаниясын президент ретiнде басқарды. Сол кезде жалалы болып, ҰҚК абақтысында бiрнеше күн отырды. Күдiк сейiлген соң, ол АҚШ-қа кетiп, мұхиттың ар жағында бiрнеше жыл өмiр сүрдi. Елге қайтып оралған соң 2004-06 жылдары “31 арна” телерадиокомпаниясында атқарушы директор қызметiн атқарды. Соңғы жылдары киносценарист және драматург ретiнде көрiнiп жүр. Қоғамның бiр бөлiгi өре түрегелiп қарсы болғанымен, алғашқы түсiрген “Келiн” фильмi Қазақстан атынан Оскар сыйлығына ұсынылды. Ермек Тұрсыновтың “Айтпаркте” айтқан пiкiрлерi төмендегiдей.
Президенттiң айтқаны қаншалықты шындыққа жанасады? Жалпы қазақ киносының қазiргi ахуалы қандай? Шетелдiк фестивальдердiң жүлдегерi атанып жүрген “Қазақфильм” туындылары қарапайым қазақ көрерменiне неге жақпайды? “Рух пен Тiл” клубында өзiн “Қазақфильмге” оппозиция санайтын, қазақ көрерменiне “Жаралы сезiм”, “Жетiмдер”, “Астанаға көктем кеш келедi” сынды туындыларымен танылып үлгерген әуесқой режиссер Еркiн Рақышевпен болған әңгiмемiз осы сауалдар төңiрегiнде өрбiдi.
Менiң аты-жөнiм – Қалман Қочигит. Ұлтым – қазақ. Түркияда туып-өстiм. Қазiр Алматыда, қазақ-түрiк бизнес орталығында қызмет iстеймiн. Тарихшы Әлiмғазы Дәулетханның «Жас Алаш» газетiнен «Жалған тарих жасау –жалған ақша жасағанмен бiрдей сорақы қылмыс» деген сұхбатын оқып шығып, Мұхтархан Оразбай туралы өз бiлетiнiмдi ортаға салайын деп шештiм.
Жас ұрпақтың «бас тәрбиешiсiне» айналған «көгiлдiр жәшiктен» бүгiнде не көрсетiлмей жүр? Адамдық қасиеттен айыратын шетелдiк киноөнiмдерi аз болғандай, ендi қазақ фильмдерiн де отбасыңмен көруге ұялатын жағдайға жеттiк. Қазақы тәрбиеге тұнып тұрған фильмдердiң қазiрде сағымға айналып бара жатқаны өзегiңдi өртейдi екен.Қазақ фильмдерiнiң алтын қоры бұл күнде «Әке қорлығы», «Қараой», «Келiн» сынды мәнсiз де мазмұнсыз, қазақ мәдениетi мен менталитетiне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жиiркенiштi фильмдермен толыға түсуде.
«Аллажар» фильмi арқылы қалың көпшiлiкке танымал белгiлi режиссер Қалдыбай Әбенов Темiрбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын сотқа бермекшi. 1 желтоқсан күнi оны еш түсiнiктемесiз академия ректоры Арыстанбек Әлиевтiң бұйрығымен жұмыстан шығарыпты. Режиссердiң айтуынша, оны жұмыстан босатуға еш негiз жоқ. Сондықтан, ол өзiнiң қызметтен шеттетiлуiн 17 желтоқсан күнi ұлт жанашырларымен бiрге аштық жариялайтынын мәлiмдегенiмен
Әдеби-мәдени әлем
«Қазақстан Республикасының әлеуметтiк, гуманитарлық дамуындағы аса үздiк жетiстiктерi, белсендi қоғамдық қызметтерi, мәдениет пен әдебиеттi дамытудағы айрықша үлесi үшiн ҚР Парламентi Сенатының депутаты Әбiш Кекiлбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ерi атағы» берiлсiн!» Мiне, желтоқсанның 5-i күнi ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды. Әбiш Кекiлбаев – тек қазақ әдебиетiнiң ғана емес, қазiргi әлем әдебиетiндегi үздiк жазушылардың бiрi. Мақтан тұтуға лайықты осындай көрнектi жазушымыздың «Қазақстанның Еңбек Ерi» деген мәртебелi де биiк атақты иеленгенiне оның оқырмандары да шын жүректен қуанады.



