1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16271)   24 қазан, сейсенбі 2017
26 қыркүйек 2017
Қызылбұлақ құпиясы

Таяуда қазақстандық археологтар Алматы төңірегінен тағы да бір ескі қоныстың орнын тапты. Әлбетте, мұндай мекендер жиі табылады. Бірақ бұл жолғы артефактың маңызы ерекше. Топырақ қабатынан табылған сүйек гравюрасына сонау алыста қалған темір ғасырының аса қатыгез ақиқаты сурет түрінде бейнеленіпті. Теледидары жоқ дәуірдің бізге біршама айқын да нақты

21 қыркүйек 2017
Көрген-баққан

Рахымжан ОТАРБАЕВ
Он күн Италияда болдым. Милан қаласы. Дүниежүзілік кітапхана басшыларының алқалы жиыны. Түрлі баяндама, алуан пікір жарысы... Бес тілге жедел аударылып, сайрап жатты. Өнеге алатыны аз емес, бос сөз де жетерлік. Астанаға қайтқан соң Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлерімен біраз оң тәжірибені бөлісермін деп ойладым. Қонақүйдің шағын бағында отырып түнімен

21 қыркүйек 2017

Депрессия, аутизм, шизофрения – бұл сөздер бүгінде көп қолданылып жүр. Жалпы, кез келген адам бастан кешетін ерекше күйлер болады. Париж синдромын, Стокгольм синдромын сіз бұрын естіп пе едіңіз?! Олай болса жан әлемінің сыртына шығып, өзімізге бір үңіліп көрейік. Бәлкім, бұл құбылыстар сізде де

21 қыркүйек 2017
Механикалық тәсілден лирика тумайды

Бұл – біздің қоғамдағы аса өзекті тақырыпты көтерген алғашқы туынды. Оның өзінде көркем фильм. Көруге асықтық. Екі өкпемізді қолға алып, жүгіріп жеттік. Режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінің тұсаукесерін айтамын да. Белгілі киношы Сламбек Тәуекел ағамыз мақтаған туынды осал болмас деп ойлағанбыз. Қателескен жоқпыз, бірақ жартылай ғана. Дегенмен туындыда

19 қыркүйек 2017
«Алатау алабында»

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер орталығының ашылғанына жыл толды. Қалың көрерменге есігін айқара ашқалы бұл театр түрлі қойылым-концерттерімен көпшілікті рухани қуанышқа бөлеп келеді. Таяуда ғана сондай бір керім кештің куәсі болдық. Бұл жолы да дәстүрлі өнер ордасының іші тыңдарман қауымға лық толы. Мұнда кездейсоқ келген адам жоқ. Жұртшылық төл өнеріміздің інжу-маржанынан

19 қыркүйек 2017
Мен жеңiлдiм сағыныштан iште өлген...

ЖЫЛҚЫ ЖЫЛАҒАН ЖЫЛ
Жауға мінсем – айбарым,
Тойға мінсем – жайнағым,
Төбемдегі – байрағым..
«Көкмойнақтың үйірі»

Белгісіз бірнеше жыл бұдан бұрын,
Тырнағын қанға малып қызарды күн.

14 қыркүйек 2017
Көрген-баққан

Рахымжан ОТАРБАЕВ
КӨРГЕНІ ЖАҚСЫ КӨШ БАСТАР
Әкесімен жүздесіп едім. Үш қасиет көп қазақта үйлесімін тауып келе бермейді. Ол – ой мен ой һәм сой. «Жігітке үштен артық бақ бітпейді» дейтін бұрынғылар. Білмесе айта ма? Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты көрсем ылғи осы ұлағат есіме оралады. Нұрланның іскерлігі мен құшағының кеңдігі, дархан көңілі, қазақша-орысша ақпа-төк шешендігі, ілтипаты мен бауырмалдығы бір тұлғаның бойында қалай үйлесім тауып тұр. Таңғаласың! Иә, тек деген

14 қыркүйек 2017
Тарихты бұрмалауға болмайды

Жақын арада еліміздің кинотеатрлары мен теледидар арқылы «Қазақ елі» («Алмас қылыш») фильмі көрсетілген еді. Осы орайда, тарихшы ғалым ретінде айтар пікірім бар. Фильмнің желісі Қазақ хандығының тууы мен қалыптасуы туралы болғандықтан, қоғам назарында болғаны белгілі. Әрине, аталмыш фильмнің қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің трилогия-романы

12 қыркүйек 2017
Мектепке ақын аты берілді

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Тегістік ауылының тұрғындары үшін жаңа оқу жылы үлкен қуанышпен басталды. Ауылдағы жарты ғасырдан бері Чапаевтың атымен аталып келген орта мектепке айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевтің есімі берілді. Алғашқы қоңырау мерекесімен тұспа-тұс келген салтанатты рәсімге ауыл тұрғындарынан бөлек, Әзімбектің

12 қыркүйек 2017
«Даладағы қуғын» даладағы қырғынның басы ма?!

«Мұрныңнан тесіп жетектегенмін», «сағат тоғыз жарым», «сағат сенікі, бесатар менікі» секілді сөздерді айта бастасаң, тәуелсіздікке дейін туған буын бірден «Бандыны қуған Хамит па?» деп есіне түсіре қояды. Бұл фильмнің халық арасындағы екінші аты осылай. Шамасы, орта мектептің әдебиет пәнінде С.Сейфуллиннің осы аттас туындысы болғандықтан

7 қыркүйек 2017
Көрген-баққан

Рахымжан ОТАРБАЕВ
Алдым – сағым, артым – сағыныш. Құдай басқа сана, тілге бояу, қолға қалам берді. Жарқыратып маңдай, жалбыратып шаш, жабылдырып дұшпан, жалғыз-жарым дос берді. Бәріне де шүкіршілік!

***
Жас кезім. Бір күні үйге удай мас боп келе жаттым. Көше бойы. Екі жағыма алма-кезек теңселемін. Дүниенің бәрі осы ырғаққа көшкен сияқты. Бәрі маған мейірленіп,

7 қыркүйек 2017

Аты аңызға айналған халық батыры Құлан-Қыпшақ Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлына тұрғызылып жатқан кесене құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйектің 15-16-сы күндері Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында Кейкі батырдың мәйітін жерлеу рәсімі өтеді. Халық батырының рухына

7 қыркүйек 2017

Айседора Дункан... Италияда «модерн» би жанрының негізін қалаушы, мың бұрала билей жөнелгенде әлем таңдай қаққан қайталанбас дарын иесі. Оның өмірі Бразилия сериалдарының сценарийі секілді: трагедияға толы сәттер мен өмірге, өнерге деген шексіз махаббат, селдей сезім, ақындар мен суретшілер, ғұмырдың жарқын естеліктері... Болашақ биші дүниеге келе салысымен тағдырының жағасына жармасады. Немесе, керісінше, тағдыр оның... Екі жасында өртке оранған үйінен

7 қыркүйек 2017

Алла разылығы үшін шалған құрбан малының етін таратып келе жатқан Қасымның алдынан көрші тұратын Зоя әжей ұшыраса кеткені. Неге екені, әйтеуір, қашан болсын осы бір орыс апаны көрсе болғаны, жігіттің жүрегі жылып сала береді. Бәлкім, ол кейуананың үнемі күлімсіреп жүретіндігінен болар. «Қап, – деді Қасым, – етті бөлерде қалайша бұл көршімді ұмытып кеттім екен?.. Мені де мұсылман дейді-ау, ал өзім, міне, көршілерімді алалап...» Өзегін осындай өкініш кернеп

7 қыркүйек 2017
Өнері өрістемеген елдің болашағы бұлыңғыр

Адамның абзалдығы атақпен, мансаппен, ақшамен емес, оның көркемдікті көре білумен, әдемілікті сезіне алумен, жаныңдағының қуанышына қуанып, қайғысына ортақтаса алумен байқалады. Бұл ерекше қасиет ең алдымен өнер, мәдениет қызметкерлеріне тән десек артық айтпаған болармыз. Өнер – ұлт мәдениетінің мәйегі ретінде мемлекеттік деңгейде қажетсінетін, ортақ мұраға қосар үлесі

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»