1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
17 тамыз 2017
Кішкентай көрерменнің үлкен қасіреті

Бізде коммерциялық кино, авторлық кино деп фильм түсіріп жатқандар жетерлік. Алайда соның ілуде біреуі ғана кішкентай көрерменге лайықталып түсірілсе түсірілді, болмаса ол да жоқ. Есесіне бүлдіршін санасына жат фильмдер легі жылдан-жылға өршелене ену үстінде. Соның кесірінен балалар қазір ерте есейіп, кейбір тіпті туған әке-шешесі таңғаларлықтай қылықтар танытады. Бала да бір, әлі ештеңе егілмей жатқан

17 тамыз 2017
Рахымжан ОТАРБАЕВ: КӨРГЕН-БАҚҚАН

Күнделік жазу күн сайынғы тірлігіңді көз алдыңнан өткізіп, естен шығып қалмау үшін қағазға түсіріп отыру ғана емес, ол сол сәтте сарқырап кеп қалған тасқын ойды жоғалтып алмай, күнделікті өмірде көрген-баққаныңа байланысты ішкі сезіміңді, тебіренісіңді, эмоцияңды жасырмай қағазға түсіріп, содан бір түйін жасап, ой түйе білу болса керек. Сарғайған қағаздағы жазулардың маңыздылығы осында... Әйтпесе «бардым-көрдім», «іштім-жедім» деп тізе бергеннің

15 тамыз 2017
Түркі әлемінің қаламгерлері бас қосты

Кеше Ыстамбұл қаласында Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігі мен Еуразия жазушылар одағының ұйымдастыруымен Түркі әлемі жас ақын-жазушыларының бірінші фестивалі басталды. Алғаш ұйымдастырылған шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түркия мен Түрікменстаннан және басқа 22 түркі аймағынан келген 58 жас әдебиетші қатысуда

15 тамыз 2017
Санамыз қай тілде өйлейді?

Ілияс ӘЙТІМБЕТ, Сулейман Демирел университетінің профессоры
Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің көпқырлығына байланысты оның айналасындағы мәселелер де сан алуан. Біз көтергелі отырған тіл мәселесі жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді ағылшын тілінде оқыту төңірегінде болмақ. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында, соның ішінде Сүлеймен Демирел университетінде осы үрдіс қарқынды іске асырылуда

15 тамыз 2017
Қорым қазумен іс ітпейді

Біз, жалпы, тарихқа өте немқұрайды қараймыз. Кез келген нәрсеге «болса – болар, болмаса – қояр...» деген көзқарас басым. Қарап тұрсаң, көненің көзіндей мағыналы мұралар жерімізде жетіп-артылады. Бірақ солардың қадірін ең әуелі өзіміз біліп, сонымен бірге өзгелерге де ұқтыра алып жатқанымыз шамалы. ...Айтсақ, «Алтын адамды», «Берел» қорғандарын

10 тамыз 2017
«Тергеушілермен» табысар күн жақын

Отандық кино тарихы жақында «Тергеушілер» атты жаңа телехикаямен толығады. Детектив жанрындағы бұл туынды қазақ тілінде және алдағы уақытта «Хабар» телеарнасынан көрсетілмек. «Детектив жанры көрермендер үшін қашанда қызық. Бұған аталған жанрдың көрерменді сюжетке толықтай елітіп

10 тамыз 2017
Айға қатты ынтызарлық – ғашықтықтың нышаны

КЕЗДЕСУ
Кездескенде «Құдай жоқ» деп көп әңгіме айтушы ем,
Әр сөзіме сені сондай ұйытып.
Содан кейін түн ішінде үй жағыма қайтушы ем,
Жаратқанға сыйынып.
Үй жолында, жолығатын ылғи-ылғи бір кісі,

8 тамыз 2017
Рухани орындар қайта жандануда

Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай төрт шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 500 метр қашықтықта Гауһар ана кесенесі орналасқан. Шежіре деректеріне сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана бейітінің басына өз заманында күйген кірпіштен кішігірім кесене тұрғызылыпты. Алайда ХХ ғасырдың басындағы сұрқия саясаттың салдарынан кесене бұзылып, кірпіші тоналған екен. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Әзірет Сұлтан»

8 тамыз 2017
«Астана операда» – «Мадам Баттерфляй»

Хорватияның талантты жас әншісі Сандра Пламенац «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» жауһарындағы бас партияны орындады. Сандра Пламенацтың табиғи опералық дауысы, жоғары кәсібилігі, образды терең жеткізе білуі және даралығы тыңдармандарды әрдайым таңғалдырады. Оның вокалдық керемет дауысын

8 тамыз 2017
Опера падишасы

Паваротти – Доминго – Каррерас... Бұл – әлемдік операдағы ұлы үштік. Осы қатарға Андреа Бочелли қосылды. Анығында, тыңдарман өзі қосты. O sole mio, Vivo per lei, Caruso, Besame mucho, Time to say goodbye әндерімен әлемге әйгілі итальян теноры 1958 жылы Италияның Тоскана аймағында орналасқан Ладжатико фермасында дүниеге келген талант иесі операны

8 тамыз 2017
Арманда кеткен ақын

Мырзашөлде халқына жыр дариясынан інжу-маржан шашқан Мұса деген ақынның болғанын естуші едік. Енді арманда кеткен ақынын қазағым біле жүрсін деп Мұса Жұманазарұлының ататегін, өмірбаянын баяндайық.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жүрген мұғалім Сержан Құлдырақұлы ауылдасы С.Жұманазаровтан Мұса ақынның

3 тамыз 2017
«Сүйер ұлың болса, сен сүй...»

Шығыс өңірдің қойнауына құт қонып, баурайына бақ дарыған бір мекені – Тарбағатай ауданы. Осы ауданның орталығы – Ақсуаттың кіреберісіндегі Екпін ауылында көргеннің көзі сүйсініп, естігеннің есінде жүретін «Туған жерге туыңды тік!» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Алдымен атап өтер жайт, осы өңірдің тумасы, бір кездері тәуекел деп Алматыға тартып кеткен Тұрсын Тастекеев пен ұлы Дулат арада бірнеше жыл өткенде туған ауылының еңсесін көтеруге

3 тамыз 2017
Сыршыл суреткер

Мен оның әңгімелерін әредік баспасөз беттерінен оқып жүретінмін. Сөзі шұрайлы, ойы тың – жақсы әсер қалдыратын. Бірде «Қазақ әдебиеті» газетінен бүгінгі жастар прозасы жайында «Дөңгелек үстел» сұхбатын оқып отырып, оның бір сөзіне қатты қайран қалғаным. Сырттай танысым: «Осы бір сақалды жазушыны мен ұлы жазушы деп есептемеймін», – депті. Әлем мойындаған Эрнест Хемингуэйді айтады. Мәссаған!  Кеудесіне нан піскен інімді көргім келгені. Ол тұста Думан Рамазан «Қазақ әдебиеті» газетінде

3 тамыз 2017
«Санйо» – қазақтың ұлттық ойыны һәм «брэнді!..»

(жасырын «спорт» түрі туралы әпсана)
Үмбетбай Уайдин ағаға арналады

Әр ұлттың өзі мойындауға құлықсыз, бірақ жалпақ жаһан білетін спецификалы, өзіне ғана тән бір кінәраты болады деген постулат бар. Мәселен, орыс билігі ықылым заманнан бері ұлттық апат, сор есебінде «русская водканы», яғни қазақ қоғамына да әбден сіңісті болған ақ арақты алдымен ауызға алады. Орыс қоғамындағы жаппай маскүнемдікті жою мақсатында Ресей билігі небір амал-айлаға

1 тамыз 2017
Тұрсын ЖҰРТБАЙ: АЛАШ ИДЕЯСЫ БАЛА КҮНІМНЕН СҮЙЕГІМЕ СІҢГЕН

Алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» деп аталатын үш кітаптан тұратын іргелі зерттеу монографиясы – тарихшылар мен оқырмандар тарапынан аса жоғары бағаланып, әлі күнге қолдан түспей, ел ішінде іздеп жүріп оқылатын тарихи еңбек. Тұрсын Құдагелдіұлымен Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі шоқтығы биік осынау еңбектің жазылу тарихынан басталған сұхбат автордың Алаш тақырыбына келу жайына қарай ойыса өрбіді. – Алаш тақырыбын зерттеуге қалай келдіңіз? Не ілік болды?
– «Ұраным – Алаш!..» зерттеуінің үш кітабын жазып бітіргеннен кейін соңғы сөз жазу керек болды. Содан Алаш идеясын кім, қашан маған сіңірді, Алаш тақырыбына қалай келдім деп ойландым. Ойлана келе,
 

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»