1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
20 маусым 2017
Өмір сүрдік осылай...

ЖАН мен ТӘН
«Мен» дегенің сен емес,
Сұлба, пішін, тек елес...
Жалғасып мәңгі келеді,
Жан мен тәндік ерегіс.

Тәннің сенен сұрары,
Нәпсісі мен құмары.
Ал жаныңа ұнары,

15 маусым 2017
Эксперименттік фильм жүлде алды

Қазақстандық режиссер Бақтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» атты қысқаметражды фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші Халықаралық Festival of Nations кинофестивалінде «Үздік эксперименттік фильм» жүлдесін алды. Фильм продюсері Дарья Корнееваның айтуынша, картина Алматы облысында түсірілген. Фильмнің режиссері, авторы

15 маусым 2017
Қытайлықтар Димашты толық танығысы келеді

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлеріне арналған туристік маршруттар жасалып жатыр.  27 маусым күні Астанада Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтеді. Аспанасты елінің жанкүйерлері концертке келіп қана қоймай, Димаштың туған өлкесімен және отбасымен танысқысы келеді. Осыған байланысты туристік компаниялар арнайы маршрут

15 маусым 2017
«Жанымның шыңырауында жатыр қайғы...»

Ақын Аянның алқалауымен 1978 жылы «Лениншіл жас» газетіне қызметке келдім. Әдебиет және өнер бөлімінде жарты несібелі тілшімін. Бөлім бастығы Аян Нысаналин бір бума оқушы хаттарын алдыма тастай салды. «Бекен Әбдіразақовқа апарып бер» болды айтқаны. Анықтамалыққа қарап жіберіп, алдымдағы ақ телефонмен тілдесіп алып, буманы қолтығыма қысып, «ақын үйі, қайдасың?» деп жорта жөнелдім. ...Бекен ақын газет оқырмандарының өлеңдерін жай қорыта салмай, шолу, талдау мақала етіп жазды. Ұмытпасам, мақаласына «Айдатармын сені Дрезденге!» деп тақырып қойған

15 маусым 2017

Мамыр айында Түркияның Гиресун қаласына жолымыз түсіп, жергілікті университет ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатыстық. Шара барысында сол оқу орнында оқитын қазақ студенттері іздеп келіп, бізбен еркін әңгіме құрды. Гиресун университетінің І курс студенті Наргиза Тәмпенова ақтөбелік екен. Орыстілді ортада өскені көрініп тұр, дегенмен қазақша барын салып сөйлеп, түрік жерінде де қазақтың

13 маусым 2017

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық Shineworks Pictures және China film coproduction компаниялары «Композитор» фильмінің өндірістік жұмыстарын бірлесіп атқаруға уағдаласты. Түсірілімдер Қазақстанда өтеді. Картинаның монтажы және компьютерлік графикасы

13 маусым 2017

Зейнеткерлердің, әсіресе, жалпы ауыл адамдарының ерігіп отырған кездегі бір ермегі – көпсериялы фильмдер. Бұл жөнінен түрік ағайындарға «мың рахмет» – айтары аз, тәрбиелік мәні жоқ, кәдеге аспайтын, таусылып бітпейтін көпсериялы фильмдері – зеріккен зейнеткерлерге мың да бір дауа. Кейінгі кездері үнділер де түріктерден қалыспайтын дәрежеге жетті. Олардың көпсериялы «Келін» фильмі

13 маусым 2017

Соңғы кездері қазақ тілінде «заманауи» деген сөз біртіндеп сіңіп келеді. Бұл сөзді көбіне мәдениетті қауым: тарихшылар, әдебиетшілер, тілшілер жиі қолданып жүр. Ал мен үшін бұл – құлаққа түрпідей тиетін жат сөз. Өйткені «ауи» жұрнағы қазақ лексикасында еш уақытта

13 маусым 2017
Пейілі пейіш қаламгер

Бірде ғылымға, бірде мәдени өмірге, енді бірде ауыл шаруашылығы саласына дендеп кететін тілшілік ғұмырдың бар болмысына қаныққаны тәжірибе қорын арттыра бергені кәміл. Республиканың қай түкпіріне жол түспеді дейсіз, «Алтын жұлдызды» шопан Жазылбек Қуанышбаев, диқан Ыбырай Жақаев, ел басқару ісінің көсемі Нұрмолда Алдабергенов дейсіз бе, тіпті Қазақ елінің

8 маусым 2017
Қытай қазақтың салт-дәстүрін насихаттады

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Текес ауданында фотоөнерді серік еткен ағайындар үшін үлкен байқау өтті. Жалпы, Текес ауданының табиғаты өте тамаша ғой. Басын бұлт шалған биік таулар, жап-жасыл жайлау, сарқыраған асау өзендер... Бұл жайлауды ежелден қазақтар жайлап отырған. Дегенмен де соңғы жылдары қытай билігі туризмді дамыту деген желеумен осынау

8 маусым 2017

Федор Достоевский және Лев Толстой... Бір дәуірдің қос қанаты! Осы екі ұлы тұлғаның өзгелерден есімі ерек екенін туындыларын оқып отырып түрлі әсерге бөленетін оқырмандарының санынан-ақ аңғаруға болады. Достоевскийдің қалыптан тыс көзқарасы бар кейіпкерлерімен «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар» шығармалары арқылы танысуға болады. Ал «Біздің заманның қаһарманы» дегенде бірден Толстой еске түседі. Олардың осы тектес туындылары өткен

8 маусым 2017
«Бүкіл ғұмырымның жылнамасы»

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатары 70 жасқа толып жатыр. Әдебиетіміздің алтын дәуірінде де, тәуелсіздіктің алғашқы таңында да, 90-жылдардың тоқырауында да, жаңа заманның жаңа үдерістерінде де халықпен бірге болып, ар ісінен айнымаған осы қаламгерлер қандай құрметке де лайық. Сол қатардан ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин де еркін бой көрсетеді. Нұрлан Мырқасымұлы ұзақ жылдар еліміздің

8 маусым 2017
Бабалардан ұялдым төмен қарап...

КІТАПХАНАДАҒЫ ҚЫЗ
Көк қаршыға – көңіл самғап,
О, қайда?!
Жүрегіңнің қалауына жоқ айла!
Көп кітаптың ортасында тұрдың сен,
Қойбүлдірген іздегендей тоғайда.

– Не іздедің? – деп сұрап ем,
(Төзім кем)

8 маусым 2017
Қайраткер Қази

Біз махамбетшіл халықпыз ғой. Қазақ әрқашан Махамбетін аңсайды, Махамбетін іздейді. Мен бүгін өзімнің Махамбетім жайлы айтпақпын. Менің Махамбетім – Қази інім... Ақын, жазушы, белгілі журналист жайлы сөз қозғасақ, оның халықшылдығын, елдің, жердің, ұлтының қамын ойлайтындығын бірінші алға тартамыз. Олар шын мәнінде елдің, халықтың қамын ойлай ма, жоқ па, оған көңіл аудармаймыз. Сөз адамдарынан осындай қасиеттерді іздеу – қазақтың Махамбеттен қалған

6 маусым 2017
Хат күтемiн

(әңгіме-элегия)
Көзімді қиналып әрең аштым. Ұйқы құшағында жатып бастан өткерген қимас сезім жанарымды жарқ еткізіп ашқанда ғайып болды да кетті. Сол сәттегі өкінішті сұрама. Оны, бәлкім, жалғыз мен ғана бастан өткерген шығармын.
Осымен... қанша рет хат алдым. Білмеймін, санағам жоқ. Ал биылдыққа бірінші рет одан хат келді. Қаңтардың басталғанына да көп болған жоқ еді. Сонда да күн көктемнің күніндей жылы шуағын төгіп, жер беті жылымыққа айналған. Қайта көзімді жұмып, ақ көрпені көкірегіме

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»