1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
2 наурыз 2010

Өткен аптада “Сталинизм: репрессияланған Қазақстан” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өттi. Оған Б.Қойшыбаев, М.Қойгелдi, А.Жандосов, А.Қапаева, Г.Кан, А.Гинзбург, тағы да басқа бiр топ тарихшы-ғалымдармен қатар, қоғам қайраткерлерi Сейдахмет Құттықадам, Айдос Сарым, сол бiр зұлмат заманның куәгерлерi, жапа шеккендер – Саят Iлиясұлы Жансүгiров, Аман Жәмилұлы Нұрмақов және басқалар қатысты. Айта кетерлiгi, Қазақстанда сталинизм жайында қоғамдық талқылау алғашқы рет өтiп отыр.

2 наурыз 2010

ОСЫНЫ ТҮСIНЕТIН ӘРI ТҮЙСIНЕТIН КЕЗ ЖЕТТI

Тәуелсiздiкке қатер төндi. Бұл көзқарас бүгiнгi жұртшылықты қатты мазалайды. Неге олай дейсiз ғой? Бiр қарағанда, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз заң жүзiнде бекiтiлген, Қазақстан барлық халықаралық ұйымдардың дербес мүшесi ретiнде қабылданды, елiмiздiң астанасы орнында тұр, билiктiң барлық тармақтары өзгеде емес, өзiмiздiң қолымызда, әнұранымыз, елтаңбамыз, егемендiктiң барлық символдары сақталған. Ендеше, қара бұлтты төбемiзге үйiрiп, «тәуелсiздiкке қатер төндi» деп дабыл қағудың ретi бар ма? Жоғарыда келiтiрген мәселелерден басқа

25 ақпан 2010

Ақпан айының басында, нақтырақ айтсақ, 2 ақпан күнi қазақ әдебиетiнiң классигi Мұхтар Мағауин 70 жасқа толды. Естуiмiзше, Мұхаң өзiнiң 70 жылдық мерейтойын шалғайдағы Прагада (Чехия), бала-шағасының ортасында, бәйбi­шесi жайған шағын дастархан басында қарапайым түрде ғана атап өткен көрiнедi... Мұхтар Мағауиннiң шетел асып кеткенiне де бiраз жылдың жүзi болды. Әзiрге елге қайтатын түрi жоқ. Осы жайт шынымен-ақ жандарына батты ма, жоқ әлде мұның басқалай бiр себебi (саяси себебi!) бар ма, соңғы бiр-екi аптаның көле­мiнде билiкке жақын жүретiн бiраз әдеби-мәдени қайраткерлерi­мiздiң аузынан:

23 ақпан 2010

Бейжiңге баратын ұшаққа отыру үшiн Астанадан Алматы әуежайына келдiм. Төлқұжатымды тiркетiп, «ұшты» деген мөр бастырып, аман-есен ұшаққа кiрдiм. Тезiрек заттарымды орналастырып, өзiм жақсы көретiн терезе жақтағы орынға жайғастым. Жол жүрiп келгендiктен бе, бiрден көзiм iлiнiп кетiптi. Сәлден кейiн, көзiмдi ашсам, жаныма екi қытайдың жiгiтi жайғасыпты. Басымды көтерiп, жан‑жағыма қарадым. Кiлең қытай. Өз тiлдерiнде бiрнәрсе деп шүлдiрлеп жатыр. Көзiммен қазақтарды iздей бастадым. Жалт бұрылып, терезеге қарасам, әлi көтерiле қоймаппыз. Алматы әуежайында тұрмыз.

18 ақпан 2010

АЛ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТI ТӘРТIБIНЕ ҚАРАЙДЫ

Кедендiк одақтан ұтылатынымызды отандық кәсiпкерлер көптен берi айтып жүр. Тәуелсiз кәсiпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстанды кедендiк одақта не күтiп тұр? Кедендiк одаққа мүшелiктен қазақ бизнесi ұта ма, әлде ұтыла ма?» атты дөңгелек үстелде осы мәселенiң мән-жайы талқыланды. Бұл жиынға кәсiпкерлер, қауымдастық жетекшiлерi және мемлекеттiк органдар қызметкерлерi қатысты. Сондай-ақ кейбiр партия өкiлдерi мен Ресейдiң сауда-өнеркәсiп палатасының Қазақстандағы өкiлi К.Артюшкин де жиында төбе көрсеттi. Кәсiпкерлердiң мемлекеттiк органдарға айтары да, тағар айыбы да көп болып шықты.

16 ақпан 2010

«2009 ЖЫЛ – ҮЗІЛГЕН ҮМІТТЕР ЖЫЛЫ». «Жас Алаштың» өткен санында осындай тақырыппен дөңгелек үстел өткенін хабарлаған едік. Бүгін соның толық есебін жариялап отырмыз.
– Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның се­рiк­терi Бауыржан Байбосын, Василий Жу­равлевтiң қандықол қарақшылардың қо­лынан қаза тап­қанына биыл төрт жыл толды. Қазақстанның жаңа тарихындағы қоғамды дүр сiлкiндiрген қанды оқиғадан кейiнгi уақыт бiзге көп мәселеге басқаша қарауды үйреттi. 11 ақпанды халық ұлттық трагедия күнi деп бағалады. Қазiр арамызда Алтекең­нiң жоқ екендiгi ерекше сезiледi.

9 ақпан 2010

ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Ә.Смайлов ұлттық халық санағының қорытынды деректерiн жариялады. Бiр жылда премьер оны – 67, президент – 65, төраға – 63 пайыз деп мәлiмдедi.
Естерiңiзге сала кетейiк, 2009 жылдың сәуiр айында парламент мәжiлiсiнде премьер-министр К.Мәсiмов ұлттық халық санағының алғашқы деректерiн былай деп жариялап, дүйiм жұрттан сүйiншi алған-ды: «Халық санағының алдын ала мәлiметтерi бойынша, республика халқының саны – 16 миллион 402 мың 861 адам. Оның 67 пайыздан астамы – қазақтар». Сонда қазақтың қарасы молайып, саны артқанына ел болып қуанған едiк. Бiрақ, тақиямызды аспанға ерте атыппыз. Өйткенi,

9 ақпан 2010

Қазiргi таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген. Оның iшiндегi 2756 мерзiмдiк басылымның 453-i қазақ тiлiнде, 2303-i орыс тiлiнде. Көршiлес Ресейден келетiн 5248 газет-журнал тағы бар. Есептеп көрсеңiз, елiмiзде тарайтын жалпы саны сегiз мыңға жуық БАҚ-тың 7551-i орыс тiлiнде де, 453-i ғана қазақ тiлiнде. Сонда ел аумағында тарайтын қазақ тiлдi БАҚ-тың үлесi алты пайызға да жетпейдi екен. Мұндай жағдайда қандай ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде айтуға болады?!

4 ақпан 2010

Сынаптай сырғыған уақытты кiм тоқтата алған? Күнi кеше ғана арамызда жүрiп пәтуасыз билiктiң өз халқын алдап «Егемендiкке қол жеткiздiк, сан ғасырлар халқымыз армандаған асыл мұратын жүзеге асырдық. Елiмiзде қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған заман орнаттық» деген арсыз өтiрiгiн айдай әлемге ақмаңдай етiп әшкерелеген Алаштың ардақты азаматы Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екi серiгiнен қапияда айырылып қалғанымызға да мiне 4 жылдың жүзi болып отыр.

2 ақпан 2010

ОНЫҢ МЕКЕНI – АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ ЖЕРI МЕМЛЕКЕТIНЕ ИЕ БОЛМАҒАН ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР БОЛМАҚ

“Тәуелсiздiктi қорғау” халықтық қозғалысының кеңесi 19 қаңтар күнi “ел бiрлiгi” доктринасының орнына “Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат тұжырымдамасын” ұсынғаны белгiлi. Ұлттық мүдденi ту еткен бұл құжат қалың жұртшылықтың қолдауына бiрден ие болды. Бұған редакцияға қо­ңырау соғып, өзiнiң ықыласын бiлдiрiп жатқан азаматтардың көзқарасы мен интернеттегi көптеген пiкiрлер айқын дәлел.

28 қаңтар 2010

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒЫМПАЗДЫҚҚА БРЕЖНЕВТIҢ ДЕ ҚЫЗҒАНА ҚАРАУЫ МҮМКIН»

14 қаңтар күнi Венада ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесiнiң отырысы болып өттi. Дәл осы күнi ЕҚЫҰ төрағалығына ресми түрде кiрiскен Қазақстан Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевтың мәлiмдемесi мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың теле-үндеуi тыңдалды. «Егемен Қазақстан» газетi бастаған ресми БАҚ өкiлдерi бұл оқиғаны «ғасыр жаңалығына» балап, оған iрi «тарихи» сипат беруге тырысты. Мемлекет басшысы бұрыннан бiлдiрiп жүрген ойын қайталап айтып, ЕҚЫҰ-ны «4 Т» ұранымен басқаратынын мәлiмдедi. Оның мән-мазмұны неде екенi

26 қаңтар 2010

Қытайдың Қазақстаннан жер сұрауына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы ми­нистрi Ақылбек Күрiшбаев пен ҚР Индустрия және сауда вице-министрi Ерхат Есқалиев мырзаларға ресми түрде және газет арқылы («Жас Алаш». №103, 29 желтоқсан, 2009 жыл) төмен­дегi­дей сұрақтар қойған едiк. Сұрақтарға жауап келдi

26 қаңтар 2010

Қоғамды дүрлiктiрген, жалпақ жұртшылықтың қарсылығын тудырған екi мәселенiң бiрi – «қазақстандық ұлт» идеясына негiзделген «Ел бiрлiгi» доктринасы болса, екiншiсi – Қытайдың соя мен рапс өсiру үшiн Қазақстаннан 1 миллион гектар жердi сұрағандығы болды. Бiрiншi мәселе бойынша бәрi анық. Американдық ұлттың үлгiсiнде жасалмақ болған «қазақстандық ұлт» идеясына наразылық әу бастан күштi едi. Қазақты ұлт ретiнде жоюға бағытталған идеяның негiзiнде жазылған «ел бiрлiгi» доктринасына халықтың жапатармағай қарсылық бiлдiргенi де сондықтан. Ал Қытайға жер беру туралы мәселе күтпеген жерден пайда болды.

19 қаңтар 2010

Қазақстанда тұратын халықтарды этносқа бөлiп, жiлiктеп айтатындардың ұзынды-қысқалы саны әрқилы шығып жүр. Президент өз сөздерiнде «Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкiлдерi бар» десе, Қазақстан халқы ассамблеясының «ел бiрлiгi» доктринасында бұл көрсеткiштi 140-қа бiр-ақ жеткiздi. Таяу уақытта ғана оншақты этнос жұмақ iздеп, жер ауып келгендей әсер қалдырды. Асылы, республикада ресми түрде қанша этнос тiркелген? Әрбiрiнiң сандық көрсеткiшi қандай? Осы және басқа да сұрақтарды талдап көрейiк.

14 қаңтар 2010

Президент Нұрсұл­тан Назар­баев­тың шетелдiк инвесторлармен болған мәжiлiсте: “Қытай Халық Республикасы мал азығы үшiн соя мен рапс өсiруге бiзден 1 млн гектар жердi сұрады” деген сөзi жұртқа жария болған күнi-ақ елiмiз заңынан әлiппелiк сауаты бар адамдардың бәрi де ел үкiметiнiң заңды белден баса отырып, 16 млн халықтың көзiнше 1 млн гектар қазақ жерiн Қытайға басы бүтiн сатып жiбермейтiнiн бiлген болатын. Жұртты дүрлiктiрiп, ұйқысын қашырған мәселе де 1 млн гектар жердiң Қытайға жалға берiлу-берiлмеуiне байланысты болды.

беттер:1 / 2 / 3 / 4»