1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
1 шілде 2016
Қазақтың тiлi мен тарихы – ұлттың алтын қазығы
Қоғамдық талқылау
Алтын өзек – ана тiлiмiз, темiрқазық – төл тарихымыз. Мұның қаншалықты маңызды екенiн көзiқарақты қауым терең сезiнедi. Орта бiлiм жүйесiне күшпен таңылғалы жатқан үштiлдiлiкке жан-жүрегiмен шырқырап тұрып қарсы шығып жатқан да – қарапайым халық. Қалың елдiң мақсат-мұратын, сол талап-тiлегiн жоғарыға жеткiзу мақсатында «Жас Алаш» газетi Болатхан Тайжан атындағы қоғамдық қормен бiрлесе отырып, осы мәселе төңiрегiнде қоғамдық талдау ұйымдастырды.
23 маусым 2016
Мәмбетұлы Жәмеңке: «Бала өлгенше шал өлсiн.Бiз бала бере алмаймыз!»
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне – 100 жыл
 Қазақ жерiне көз тiгушi елдердiң көп болғаны тарихтан белгiлi. Солардың бiрi және iргелес орналасқаны – патшалы Ресей едi. Жерiмiзге баса-көктеп кiрiп, бекiнiстер сала бастады. Қазақтардың жерiн өз бiлгендерiнше билеп-төстедi. 1867 жылы “Қазақ жерi мемлекет меншiгiне алынсын” деген заң шығарды. Осы заңның негiзiнде қазақтың шұрайлы жерлерiне
23 маусым 2016
Тарихшыларымыздың пiкiрiне сүйенсек, 1916 жылы үлкенi бар, кiшiсi бар, қазақ даласында 300-ге жуық көтерiлiс болыпты. Ресей патшасы II Николайдың 25 маусымдағы жарлығы(Орта Азия мен Қазақстандағы бұратана халықтардың 19 бен 41 жас аралығындағы ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы) қазақ халқының ашу-ызасын туғызып, көтерiлiстiң бiрiнен кейiн бiрiнiң тұтануына әкелiп соқты.
21 маусым 2016
Қартайдық, қайғы ойладық

Жас жеттi. Қартайдық, қайғы ойладық. Арманды ұлғайттық. Күш сынас­қан күндестiктен әбден запыланып бiттiк. Күндiз күлкiңдi, түнде ұйқыңды бұзар, бiрде тыртың еткiш, бiрде бұлтың еткiш тұстастар көбейдi. Өзiнде жоқты өзгелерден де жоқ қылуға барын да, жанын да салып тырбанып бағатындар бүгiнде аяқ аттатпауға айналды. Құдай құлқын алған сол шiркiндерден “Жұртым! Ұлтым!” деген тiлек түгiл, әлгi сөздердi есту мүмкiн емес.

16 маусым 2016
ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК КОМИТЕТI НЕ ҚАРАҒАН?
Маусымның 14-i күнi Астанада iшкi iстер министрлiгiнiң жұмысы туралы халыққа есеп берген министр Қалмұхамбет Қасымов Ақтөбе қанды атысы жайында көбi­рек сөйлеуге мәжбүр болды. Министрдiң айтуынша, атыс күнi яғни, маусымның 5-i күнi шабуыл жасауға шыққандар     туыстарына және басқаларға қоңы­рау соқпас үшiн өздерi тоқтаған пәтерге ұялы телефондарын түгел тастап, тыңғылықты дайындалған.
14 маусым 2016
«Қаралы күндi» де кәдеге жаратпақ па?

Ақтөбедегi “терактiлер­дiң” төркiнi қайда жатқаны, бұларды кiм ұйымдастырғаны” және не үшiн “ұйымдастырғаны” туралы ел iшiн ал­уан-алуан пiкiр қаптады. Тiптi “Билiктегiлер: “митинг-си­тингiнi қойып, наныңды жеп, шәйiңдi iшiп тыныш отырмасаң, көресiңдi көрсетемiз!” деп халықты қорқытып қою үшiн жасаған жоқ па?!” дейтiндер де жоқ емес. Атыс кезiнде екi жақтан да қаза болған байғұстар бiрiн-бiрi не

14 маусым 2016

5 маусымда Ақтөбеде болған қанды оқиғадан бiрнеше күн өткен соң ғана экраннан көрiнген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев оқиғаны террорлық шабуыл деп атап, оны шетелден нұсқау алған радикалды дiни ағым өкiлдерiнiң жасағанын мәлiмдедi. Назарбаевтың ойынша, олар мұны “түрлi-түстi төңкерiстi” бастау үшiн ұйымдастырған көрiнедi.

9 маусым 2016
Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?

Ойды ой қозғайды. Осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетiнде болған оқиға ерiксiз еске түседi. Аузынан әлi ана сүтi кетпеген сарбаз Владислав Челах түсiнiксiз жағдайда өзiнiң 14 қарулас серiгiн бiр түнде жер жастандырды. Бiр солдат 14 серiгiн қырып салды дегенге сенетiндерден гөрi сенбейтiндер көп. Мынау да дәл сол сияқты. Бұзықтық жасады, тентектiкке барды дегенде, ары кетсе “разборкалардың” iшi-сыртында жүруi мүмкiн шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, билiктi басып алмақ болды деп айыпталып отыр.

7 маусым 2016
Қақтығыс артында кiм тұр?

Ақтөбедегi атыс екiншi күнге ұласқанда билiк бұл сұрақтың жауабын айтты. Қарулы қақтығыстың от көсеушiсi – Тоқтар Төлешов екен. Оның сыбайластары есебiнде бiрнеше адам қамауға алынды. Олардың арасында бұрын бiр облыстың iшкi iстер департаментiн басқарған генерал да, бас прокурордың бұрынғы орынбасары да, тiптi қазiр әскери қызметiн атқарып жүрген командирлер де бар. Бұл тiзiм әлi де жалғасуы бек мүмкiн. Қақтығыстан 21 адам көз жұмып, 38 адам жара­лан­ған. Атыс толық тоқтады деп әзiрге ешкiм

2 маусым 2016

Жерді сату және шетелдік­тер­ге жалға беру туралы мә­селе соңғы уақытта ушы­ғып, халық арасында зор толқу туғызғаны мәлім. Еліміздің әр тарапында ашынған жұрт ашық бой көтеріп, ереуілге шықты. Мұндай қадамға баруы заңды да, өйткені бұл малмен, егіншілікпен жан бағып отырған қарапайым көпшілікті күнкөрісі­нен айырумен бірдей ағаттық еді. БАҚ-да үкімет шенеуніктері 1млн 700 мың гектар алқаптың Қазақстан аза­маттарына саты­ла­тынды­ғын және шетелдіктерге 25 жылға дейін жалға берілетін­дігін мәлімде­ді.

31 мамыр 2016

Мамырдың 28-i күнi Астанада үкiмет жанынан құрылған жер комиссияның үшiншi отырысы өтiп, онда “шетел азаматтарына ауыл шаруашылығындағы жердi жалға беру қажет пе?” деген мәселе қаралып, жиынға қатысқан 62 адамның 30 шақтысы сөз сөй­ледi. Мұның алдында өткен екi отырыспен салыстырғанда бұл жолы пiкiр бiлдiргендердiң көп­шiлiгi “екi шоқып бiр қараған” сауысқанның сақтығын ұстанғандай болды.

31 мамыр 2016
Қасiреттi «қара пима» мен қасиеттi қара жер
Құқықтық мемлекет құрып жатырмыз деп ойлаушы едiм. Көңiлiм көкте екен. Жаңа­өзеннен кейiнгi жылдары жербауырлап қалды. Қанатынан қайырылып... Кейiнгi күндерi көшедегi жүргiншiден сақшылар саны көбейдi. Анағұрлым. Қара­ғұрым. Бұлар бiздi қорғап жүр ме? Кiмнен? Әлде басқаларды бiзден қорғап жүр ме? Олары кiм? Бiзден не қауiп?.. Бiраз күн бұрын бiраз жұртты қамап тастады. Iшiнде кәрi де, жас та бар. Кеше де бiраз жұртты ұстап әкетiп, бiраз әурелеп барып босатып жатты. Iшiнде кәрi де, жас та бар.
24 мамыр 2016

Сонымен, мамырдың 21-i күнi Астана мен Алматы көшелерiндегi бейбiт халықты қара “каскалы” һәм қара “маскалы” арнайы жасақ жаппай ұстап, алдын ала дайындап қойған автобустарына малша тиеп жатқанда премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың бастауымен Астанадағы ұлттық музейде жер комиссиясының екiншi отырысы ың-шыңсыз өте шықты. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың

24 мамыр 2016
Жер – қазақтiкi!

“Жас Алаш” газетiнiң редак­ция­сына мұхиттың арғы бетiнен арнайы хат келдi. Хат жолдаушы– қазақ әдебиетiнiң көзi тiрi класси­гi Мұхтар Мағауин ағамыз. Мұхаң қазiр Вашингтонның iргесiндегi Роквилл кентiнде тұрып жатыр. Ең басты жаңалық, жазушы “Шыңғыс ханның” төртiншi кiтабын тәмамдапты. Төрт кiтаптан тұратын аса құнды бұл еңбектiң қазақ тарихы ғылымына зор бетбұрыс жасайтынына,

17 мамыр 2016
Жетпiстiң жетi сағаттық айтысы жер дауының оңайлықпен бiтпесiн аңғартты

Сонымен, үкiмет жанынан құрылған “жер комиссиясының” алғашқы отырысы 7 сағатқа созылып, жиынға қатысқан 70 адамның 60-ы сөз сөйлеп, “айтарларын айтып қалды”. Комиссия төрағасы, премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссия құрамына барлық аймақтардың өкiлдерi, парламент депутаттары, үкiмет мүшелерi, ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерi мен азаматтық белсендiлер қатысқанына ерекше

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»