1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
31 қаңтар 2017

Өткен аптада бiрқатар әлеуметтiк желiлер Алматы маңайындағы ең қымбат жер телiмдерiнiң бағасын жариялады. Тiзiмнiң көш басында Таулы қырат ықшамауданында орналасқан “Эдельвейс” коттедж қалашығындағы жер телiмi тұр. Меншiк иесi 250 сотық үшiн 3,1 млрд теңге сұрапты. Одан кейiнгi орынды “Жайлау” гольф клубы маңындағы, “Қарғалы” ықшамауданындағы, Достық пен Оспанов көшелерiнiң және Рысқұлов даңғылы

31 қаңтар 2017

МИНИСТРЛIКТЕРДI ҚАЙТА САПЫРЫЛЫСТЫРҒАННАН НӘТИЖЕ ӨЗГЕРМЕЙДI

Үкiметтiк құрылымдағы өзгерiстердi билiкке жақын жүретiн сарапшылар басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруды көздейтiн, уақыт талабын ескере отырып, дер кезiнде қолға алынған шара есебiнде дәрiптей бастады. Бiздiңше, бұл көк тиын пайда әпермейтiн, кезектi көбiкауыз науқан. Дәл қазiргi жағдайда Қазақстанға жаңа министрлiктердiң құрылғанынан келетiн пайда кем. Керiсiнше, “қайта құрылымдаған” сайын, “мемлекеттiк институттарды оңтайландырып”, “тиiмдiлiгiн арттыруды көздеген” сайын үкiметтiң жұмысы қожырап, шенеунiктер 

31 қаңтар 2017

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢIСТIКТЕГI КЕЛЕҢСIЗДIКТЕР

Ақпараттық қауiпсiздiк туралы аз айтылып жатқан жоқ. Бiрақ оны барлық ресейлiк телеарналарды өшiрiп тастаумен ғана қамтамасыз ету мүмкiн емес. Ол үшiн, ең алдымен, сапалы контент, қызықты бағдарламалар жасайтын телеарналар қажет.Интернеттiң ықпалы артып келе жатқанымен, халықтың басым көпшiлiгi әлi де ақпаратты негiзiнен телеарналардан бiледi. Алдағы қысқа уақыттың iшiнде телеарналардың қоғамдық пiкiрге әсер етуге

31 қаңтар 2017
Үндеу және ескi сүрлеу

Әбден құлақсiңдi болған “Жолдауды қолдау” дейтiн бiр тiркес бар. Бұл әдетте президенттiң жолдауынан кейiн жаппай ауызға iлiгедi. Мемлекетiк басылым беттерiндегi таңдану мен тамсанудан тұратын пiкiрлер осындай айдардың аясында жұртқа жария болады. Бiр қызығы, бiзге үндеуге үйлесе кететiндей тартымды сөз табылмай тұр. Сондықтан да болар, мемлекет басшысының

26 қаңтар 2017
Әр сөзi – «Хит», әуресi – «ШЫМКЕНТСИТИ»

ШЫМ ҚАЛАНЫҢ ӘКIМI ПРЕЗИДЕНТПЕН БӘСЕКЕЛЕС БОЛУҒА КӨШКЕН БЕ?

Жоғары лауазымды шенеунiктердiң iшiнде екi адамның ғана туған күнiн бiледi екенмiн. Оның бiрi – президент Нұрсұлтан Назарбаев, ал екiншiсi – Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов. Парламент палаталары төрағаларының немесе премьер-министрдiң қай күнi дүниеге келгенiн бiлмеймiн. Интернеттi ақтарып iздегенмен, ақпарат, деректер толып жатқан миыңда туған күндер қала бермейдi ғой. Ал жоғарыдағы екi азаматтың ұмытылмайтын себебi

26 қаңтар 2017
Билiк өкiлеттiгiн бөлiсу автократияны демократияның “шәлiсiмен” бүркеу емес пе?

Бұйырса, ширек ғасыр бойы Қазақстанды жеке-дара билеген Нұрсұлтан Назарбаев үкiмет пен парламентке “еншi” бөлiп бермек. Күнi кеше Мемлекеттiк билiк тармақтарындағы өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының отырысы президенттiң қатысуымен Ақордада өттi. Назарбаевтың өзi бұл мәселенi “демокрияталандыру үдерiсi” мен “уақыттың талабына” телiдi. Жұмыс тобының мүшелерi де мұны бiрауыздан “дер кезiнде” қолға алынған шараға балады. Алайда билiктi бөлiсудiң қазақстандық үлгiсiн демократияның дәргейiне жатқызуға

19 қаңтар 2017

Президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевпен бiрге ұсталған осы мекемеде iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары болған Николай Галихин Ресейдiң мүддесiне жұмыс iстеген болуы мүмкiн. Олай деуiмiзге қылмыстық кодекстiң “Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жариялау” бабымен айыпталған 53 жастағы Н.Галихиннiң әлеуметтiк желiдегi парақшаларының мазмұны түрткi болды. Бiрден айта кетейiк, Н.Галихин туралы мәлiметтер табу қиын-ақ болды. Елдегi iшкi саясаттың құлағын ұстаған адам көптiң

19 қаңтар 2017

Бiрiмен-бiрi iркес-тiркес өтiп жатқан билiктегi тұтқындаулар мен Ақордадағы аласапыран сарапшылардың ең жиi талқылайтын тақырыбына айналды. Көптiң көңiлiн алаң еткен мәселеге қыл аяғы президенттiң жиен немересiне дейiн пiкiр бiлдiрдi. Әрине, ықпыл-жықпылы көп үлкен саясаттың қалтарыс-бұлтарысына Айсұлтанның көзiмен қарауға болмайды. Сондықтан оның аузынан шыққан сөзге мән бермес те едiк... егер елдi елең еткiзген бiрер пiкiрi болмаса.
“Президенттiң командасында көп адам бар, олардың денi – кәсiби мамандар. Өкiнiшке қарай

17 қаңтар 2017

Президент билiгiн үкiмет пен парламентке бөлiп беретiн жұмыс тобы қаңтардың 13-i күнi алғашқы отырысын өткiздi. Жиын Ақорда ғимаратында тiлшi, қоғам белсендiлерiнiң қатысуынсыз оңашада өтсе керек. Мұндай жиын болғанын қысқа ғана хабарлаған akorda.kz сайтының жазуынша, жұмыс тобы мүшелерi ұйымдастыру мәселелерiн ғана талқылаған. Алдағы уақытта билiк өкiлеттiлiгiн қайта бөлуге ұсыныс әзiрлеу үшiн отандық және шетелдiк тәжiрибе мен заңнамалардың қолдануын зерделеп, талдау жасалмақ. Ақорда қалауымен он екi адамнан құралған

17 қаңтар 2017
Мемлекеттiк дағдарыс және Мараттың оралуы

Кедендiк одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелердi тездетiп шешу үшiн Мәскеуге елшi болып аттанған Марат Тәжиннiң елге оралуы ненi бiлдiредi? Қазақстандағы билiк эшелонының алғашқы легiнде жүргендердiң бiрi, мемлекеттiк деңгейде ойлана алатын бiртоға М.Тәжиннiң iшкi саясат пен идеологияның тұтқасын ұстағаны елде, билiкте үлкен проблема барын көрсетедi. Оған президент әкiмшiлiгi төрағасының орынбасары болған Бағлан Майлыбаевтың мемлекеттiк құпияларды

17 қаңтар 2017

“Бағлан Майлыбаев қамауға алынды” деген ақпар қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Себебi бұған дейiн қаншама шенеунiк тұтқындалса да, президент әкiмшiлiгiнен жiк шыққаны алғаш рет. Дегенмен әуелгiде Сentrasia.ru арқылы тараған ақпарат пен ҰҚК-нiң кеше таратқан ресми мәлiметi арасында бiршама айырмашылық бар. Бiрақ қайсысы болса да, оңып тұрған жоқ. Бұл қоғамды жайлаған былық-шылық бастауын Ақордадан алып жатқанын әйгiлейдi. Тiптi президенттiң айналасы былығып бiттi, мемлекеттiң қауiпсiздiгi “қызыл деңгейге” өттi деп

5 қаңтар 2017

Бiр орнында байыз тауып отыра алмайтын мешiннiң мiнезi секiлдi Мешiн жылында билiктегi ауыс-түйiс әдеттегiден көп болды. Наурызда Тауық шақырғанға дейiн әрi-берi сапырылысқан шенеунiктердiң саны бойынша Мешiн жылы рекорд қоюы да әбден мүмкiн. Тiптi жаңа жылдың қарсаңында да елдi елеңдеткен кадр алмасулар, керек десеңiз, “не дейдi?” дегiзген тұтқындаулар да болды.

29 желтоқсан 2016

Он екi жылдан соң бiр айналып соғатын Мешiн бiзге не бердi деген сауалға жауап iздеуге әлi ерте. Себебi Наурыз келiп, Тауықтың дауысы естiлгенде ғана мерзiмi бiткен Мешiн тарих сахнасынан сырғып түседi. Оған дейiн әлi бақандай үш ай бар. Дегенмен жұрт 2017-нi қарсы алудың қамына кiрiскен бүгiнгiдей мерекелiк көңiл-күйдiң тұсында 2016-ның “келбетiнен” мешiнге тән “рең” iздеудiң ерсiлiгi жоқ секiлдi. Өйткенi кейбiр жағымсыз жағдаяттар жұртты күлкiге қарық қылып қана қоймай, ерекше таңданысын да тудырды. Және сол оқиғалар кiмнiң кiм екенiн

27 желтоқсан 2016
Мадақтың құны

Естерiңiзде болса, газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Иманғали Тасмағамбетов қағандарға неге соқтықты?” деген мақала жариялаған едiк. Қисыны “Қыжыртпа” айдарына сұранып тұрған соң, “неге” деген сауалға жауап беруден гөрi президенттi қағандармен салыстыруға сан түрлi iлiк таба бiлген Иманғалидiң “қағылездiгiне” көбiрек мән берiлген-тiн. Дегенмен оқырман үшiн сол сауал әлi маңызын жоймаған екен. Оған редакциямызға түсiп жатқан қоңыраулар дәлел. Ақорда жақтан ызың еткен кез келген дыбыстан астар iздейтiн

27 желтоқсан 2016

Ресей Қорғаныс Министрлiгiнiң жексенбiде құлаған Ту-154 ұшағы ресейлiк әскердiң басты ансамблiнiң мүшелерiн, үш бiрдей федералды телеарна журналисi мен операторларын, тәжiрибелi ұшқыштарды, офицерлер мен әскери ведомствоның бiрқатар басшысын, бас-аяғы 92 адамды Қара теңiздiң құрдымына алып кеттi. Сирияға ұшып шыққан әскери ұшақтың сынықтары теңiздiң 10 шаршы шақырымнан астам аумағына шашылған. Ұшақтың қалдықтары мен мәйiттердi Абхазия республикасының жағалауынан да iздей бастады. Осы жағдайлар

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»